Классный час "Тәуелсіздік және Елбасы"


"ШҚО Семей қаласының білім бөлімі" ММ
"Семей қаласының №37 гимназиясы" КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік және
Елбасы»
Өткізген: Чегебаева Ү.Қ.
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік және Елбасы»
Мақсаты: «Тәуелсіздік және Елбасы» ұғымдарының мағынасын ашу. Ойлау
қабілеттерін арттыру, өз ойларын ортаға салуға үйрету.
Міндеттері:
1.Желтоқсан оқиғасы,Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту.
2.Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың
білгендерін ортаға салу.
3.Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд-презентация
Түрі: дөңгелек үстел
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап
Жоспары:
Әнұран орындалады
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
1. "Отан " Ассоциация құру
2. Тәуелсіздік деген не?
3. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесің?
4. 1минут үнсіздік
5. Еліміздің тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы жеткен жетістіктері
6.Елбасының мақсаты қандай?
7. Ел бақыты дегенді қалай түсінесің?
8. Егер мен президент болсам...
9. "Гүлденген Қазақстан" Ассоциация құру
ІІІ. Қорытынды
Әнұран орындалады
Барысы:
Әнұран орындалады
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы әңгімелескенбіз. Кәне,
еске түсірейікші.
-Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?
-Ұлтымыз кім ?
-Тіліміз қандай ?
ІІ. Негізгі бөлім
-Отан дегенде ойларыңа не келеді ? Ассоциация құру.
-Тәуелсіздік деген не ?
-Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?
-Желтоқсан оқиғасы туралы не білесің?
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.
1986 жылдың 16 желтоқсанында Республика орталық комитетінің 5 пленумы
болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек
ғасыр бойы басқарып келген Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың орнына
Г. В. Колбин сайланды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ереуілге шығып,
ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы түсінік беру.
1минут үнсіздік
1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы»
1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті сайланды.
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы "Тәуелсіз республика" деп
жарияланды.
-Еліміздің тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы жеткен жетістіктері туралы не
білесіңдер?
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз
Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
БҰҰ-на мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта күні» деп аталып, Қазақстан
Республикасының алғашқы теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада
теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен
көкке самғады.
1995 жылы 30тамызда ҚР -ның «Ата заңы» қабылданды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына
айналды.
- Рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме ?
- Әнұранның авторлары кім?
Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.
- Тудың авторы кім?
Ш.Ниазбеков.
- Елтаңбаның авторы кім?
Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.
-Елбасының мақсаты қандай?
(Білімді ұрпақ тәрбиелеу, экономиканы көтеру, саяси тұрақты мемлекет құру,
бақытты ел, тәуелсіздікті ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету, интеллектуалды , дені
сау ұрпақ...)
- Ел бақыты дегенді қалай түсінесің?
(Бейбітшілік, тыныштық, достық, ашық аспан, сыйластық, түсіністік)
- Егер мен президент болсам...
-"Гүлденген Қазақстан" Ассоциация құру
(Тәуелсіз, технология дамыған, алдыңғы орында, білімді ұрпақ, бай,
бейбітшілік)
III. Қорытынды: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі гүлденіп
мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай
бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы,
әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі -
көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!