Классный час "Мен өз елімнің патриотымын!"

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!
Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:
Отанға деген сүйіспеншілік;
Отанға деген адал сезім;
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын
білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін
білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің,
дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін
жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай
қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның
патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Сабақтың кезеңі:
І. Таныстыру
ІІ. “Білімдіге дүние жарық” викториналық сұрақтар.
ІІІ. “Тіл өнері”
IV. “Сөз тапқанға.......”
V.“Гүлденген Қазақстан қандай мемлекет”тапсырма.
VI. “Егер мен президент болсам,.....” тақырыбына эссе жазу.
VII.Қорытындылау.
ІІ.Білімдіге дүние жарық”
Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.
І топ
1.ҚР тәуелсіздікті қашан алды. 1991ж. 16-желтоқсан
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т.Әубәкіров
3.Шоқанның әжесі ? Айғаным
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? Құрмаш
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ, қымыз, шұбат.
6. Үстеудің неше түрі бар? 7
7. Қағаз хрестоматиясын жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
ІІ топ
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж)
2. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан)
3.Ұлттық киімдер қалай аталады?
( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)
4.Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата?
( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.
5. Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)
6.Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)
7. Ақылды сөзінің түбірі ( ақыл)
8. Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)
ІІІ. “Тіл өнері” мақал мәтелдің жалғасын табу
Атаға қарап – ұл өсер,анаға қарап – қыз өсер.
Ананың көғілі балада, баланың көңілі далада.
Ата-ананың қадірін-Балалы болғанда білесің.
Атаның баласы болма, халықтың баласы бол.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер.
Ананың сүті –бал,баланың тілі бал.
Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы.
Анаңа ауыр сөз айтпа, артыңа ауыр жүк артпа.
Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.
Әке асқар тау, ана –шалқар көл.
IV. “Сөз тапқанға.......”
І топ
Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.
1.Балдан тәтті не? (Бала)
2.Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3.Балаға кім сыншы ? (ата)
4.Әкеден балаға берілетін зат? (мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім ? (Ана)
6.Бес дұшпанды атаңдар ? (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек)
7. “Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес” кімнің нақыл сөзі?
(Қорқыт ата )
8.ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002ж. 8-тамыз)
9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке
тартылады? 14 жас
ІI топ
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
18жасқа толмаған адам ( бала)
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
V.“Гүлденген Қазақстан қандай мемлекет”тапсырма.
“Егер мен президент болсам, ... ”
эссе жазу (5-7минут)
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни,
нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері
өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік
белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды
бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің
еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.
Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Ән «Көк тудың желбірегені».