Классный час "Сөйлем"

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіру, толықтыру;
Дамытушылығы:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын,
сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелілігі:кітаппен дос болуға құстардың қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік,СТО
стратегиялары «Топтастыру» , «Вен диаграммасы» танымдық сұрақтар.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер,слайдтар,сызба .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өткенді пысықтау
1.Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар қазір бізге қазақ тілі сабағы.
- Өткен сабақтарымызда қандай тапсырмалар орындадық?
- Мәтін.
- Мәтін туралы не білесіңдер?
- Мәтін деген не?
- Қандай түрлері болады?
- Неше бөлімге бөлінеді?
Мәтін
«Топтастыру» стратегиясын қолданып сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Мағынаны ажырату.
1.Оқушыларға берілген мәтіннің мазмұнына қарай мәтін түрін ажырату. (әңгімелеу,
сипаттау,пайымдау)
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
-Балалар, сонымен мәтін неден құралады?
-Ия,сөйлемнен құралады екен.Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Сөйлем.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
-Қазір,1-тапсырмаға назар аударайық.Тапсырмасын оқыту.Қайсысы сөйлем?
1.Білім, кітап, бұлақ.
2.Кітап-білім бұлағы.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
Білгішбек: Оқулықтағы Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау.
1-жаттығудағы берілгендердің қайсысы сөйлем, қайсысы сөйлем емес екендігін анықтау,
талдау.
Сөйлемге тән белгілерді есіңе түсір:
*сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады:
*аяқталған ойды білдіреді:
*бірінші сөзі бас әріптен жазылады:
*соңына не., не.?, не! қойылады.
Дәптермен жұмыс. Күннің жадын,тақырыпты жазу.
2-жаттығуда берілген сөздерден сөйлем құрастыру: Кітапты көп оқы! Сендерге білімді
болуға кітап көмектеседі.
3-жаттығуда берілген сөйлемдердегі жақшадағы сөздерді мағынасына қарай өзгертіп
жазу.
Сергіту жаттығу.
4-жаттығудағы ертегіні оқу, тиісті тыныс белгілермен толықтырып, көшіріп жазу. Мәтінде
неше сөйлем бар? Бұл ертегіні ары қарай кім жалғастырады? Түлкі неліктен арыстанның
жанына жақындамайды? Түлкі арыстанның айласын неден біліп қояды?
5-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқу, нүктенің не үшін керек екенін анықтау.
Нүктеден басқа қандай тыныс белгі білесіңдер?
ҮІ. Бекіту Вен диаграммасы
Мәтін мен сөйлемді салыстыру,ортақ белгілерін табу
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың
соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-7-жаттығу. 73- бет
ІХ. Оқушыларды бағалау