Классный час "Ойнайық та, ойлайық"




Интеллектуалды сайыс
Пән мұғалімі : Абдрахманова С.К.
Колутон негізгі мектебі 20015-2016 оқу жылы
Ойнайық та ойлайық! Интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға сұрақтар
қою арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге
дағдыландыру. Жан жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі
жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Қымбатты әріптестер, қонақтар «Ойнайық та ойлайық!» атты сайысымызға қош
келіпсіздер! Сайысымызға 2 топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді
жығар»- дегендей ортаға сайыскер топтарымызды шақырып алсақ.
Олай болса сайысымызды бастайық.
Балалар, ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1.Өзін-өзі таныстыру
2.Сиқырлы шарлар .
3. Суреттер сөйлейді
4.Антонимдер сайысы
5. Ұйқасын тап!
6.Білгір болсаң санап көр.
7. Жасырын сөзді тауып көр
8. Кім жылдам? /10 сұрақ/
9. Өз өнерін көрсету
Қорытынды
1-кезең. Топ атын таңдап, өз топ мүшесімен таныстыру.
2-кезең Сиқырлы шарлар
Оқушылар шарды жарып ішіндегі тапсырманы орнындайды.
Бір әріпке бес сөз
«К» әрпінен басталатын сөздер. "Ө" әрпінен басталатын сөздер
1. Қыздың аты. 1. Адамның аты
2 Батырдың аты. 2. Жеміс аты
3.Құс аты. 3. Қала аты
4. Жыл мезгілі. 4. Оқу құрал
5. Жануар 5. Жәндік аты
«С» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ақынның фамилиясы.
2.Қаланың аты.
3.Үй жануары.
4.Оқу құралы.
5. Әріптен не құралады?
«Т» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адам аты.
2.Құс аты.
3.Бас киім.
4.Сан аты.
5.Ағаш аты.
« Қ» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ұлдың аты.
2. Қаланың аты.
3.Құс аты.
4.Төрт түлік аты.
5.Оқу құралы.
3-кезең Суреттер сөйлейді
Оқушылар берілген суретті құрастырып , шыққан жануар туралы мәлімет айту
4-кезең Антонимдер сайысы
Мен сендерге сөздер оқимын, сендер қол көтеріп сол сөздің антонимін табасыңдар.
Үлкен кішкентай
Қараңғы жарық
Кең – тар
Таза – кір
Биік – аласа
Ыстық – суық
Асау – жуас
Ұйықтады оянды
Түзу – қисық
Қара ақ
Күн-түн
5-кезең Ұйқасын тап.
Оқушылар сөздің ұйқасын тақтада жазылған сөздер арасынан тауып, қағазға
жапсырады
Сбор –жиын
Одежда –киім
Пословица –мақал
Борода –сақал
Трудно –қиын
Белка –тиін
Ухо –құлақ
Родник –бұлақ
Дуб –емен
Пол –еден
Фронт –майдан
Район –аудан
Песня –ән
Предмет –пән
Хлеб –нан
Мода –сән
Утро –таң
Пыль –шаң
Правильно –дұрыс
Перец –бұрыш
Огород –бақша
Скобка –жақша
Вишня –шие
Верблюд –түйе
6 кезең Білгір болсаң, санап көр.
Жауабын оқушылар тақтаға жазады.
1. Біздің мектеп неше қабатты?
2. Бір жылда неше күн?
3. Асханада неше төртбұрыш үстел бар?
4.2 а сыныбында неше оқушы бар?
5. Айгуль Азимжановна неше жасқа толды?
6. Сендердің сынып есігінде қандай сан жазылған?
7. Қазір осы сыныпта неше адам бар?
7кезең Жасырын сөзді тауып көр.
Топтан бір оқушының артына сөз жасыру, қалған оқушылар сол сөзді табуға мәлімет
айтып көмектеседі.
І топ Көктем
ІІ топ Найзағай
8кезең Кім жылдам? (топ басшыларымен)
Әр топтан 1 оқушыдан шығып, 1 минут ішінде бірнеше сұраққа «иә,жоқ» деп жауап
береді. Қай топтың мүшесі көбірек дұрыс жауап берсе, сол топқа ұпай беріледі.
1.Қазақстанның астанасы – Алматы қаласы /Жоқ/
2. «Іі» дауысты жіңішке дыбыс /Иә/
3. Шаңсорғыш сөзінің аудармасы «пылесос» /Иә/
4. Қазақ тілінде 33 әріп бар /Жоқ/
5. «Ұұ» дауыссыз, жіңішке дыбыс /Жоқ/
6. «Кітапханашы» сөзінде 4 буын бар /жоқ/
7. Мысық мияулайды /Иә/
8. Орамжапырақ көкөніс /Иә/
9. «Отан» сөзінің аудармасы «Земля» /Жоқ/
10. Қасқыр ұшады /Жоқ/
11. Қайық 4 дөңгелегі бар /Иә/
12. Доп үшбұрышты/Жоқ/
13. ҚР туы көк түсті /Иә/
14. Қасқыр үй жануары /Жоқ/
15. Жылқы орманда тұрады /Жоқ/
1.Қазақстанның астанасы Астана қаласы /Иә/
2. «Әә» дауыссыз, жуан дыбыс /Жоқ/
3. Тоңазытқыш сөзінің аудармасы «Пылесос» /Жоқ/
4. Қазақ тілінде 42 әріп бар /Иә/
5. «Өө» дауысты, жіңішке дыбыс /Иә/
6. «Оқушылар» сөзінде 4 буын бар /Иә/
7. Аю ұшады /Жоқ/
8. Алмұрт көкөніс /Жоқ/
9. «Мереке» сөзінің аудармасы «Праздник» /Иә/
10. Ит мөңірейді /Жоқ/
11. Қарға ұшады /Иә/
12. Машинаның 5 дөңгелегі бар /Жоқ/
13. Доп төртбұрышты/ жоқ/
14. ҚР туы қызыл түсті /Жоқ/
15. Сиыр үй жануары /Иә/
9 кезең Өз өнерін көрсету
Біз ойын барысында жинаған ұпай санын анықтағанша әр сыныптан өз өнерлерін
көрсетеді.
Қорытынды шығару, жеңімпаз топты анықтау.
Осымен біздің «Ойнайық та, ойлайық! » атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды.
Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз!