Классный час "Көктем аруы сайысы"

Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы»
Құрметті оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар!
Бүгінгі біздің тобымызда «Көктем аруы» атты ерке қыздарымыз өз өнерлері мен
сұлулықтарын көрсетеді. Сол үшін осы кешімізді «Ашық» деп жариялауға рұқсат
етіңіздер!
Құрметті аяулы аналар мен сымбатты қыздар! Біз осы кешті пайдалана отырып,
алда келе жатқан көктемнің бірінші мерекесі 8 наурыз әйел-қыздар мерекесімен
құттықтаймыз. Сіздерге өмірдің шаттығын, күннің шапағатын тілейміз. Әрқашан
осы балаларыңызбен бақытты өмір кешіңіздер!
Біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Сайыс мақсаты:
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,
сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала
бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән
жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Көрнекіліктері: Шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, гүлдер,
құттықтау қағаздары, мадақтамалар.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам- дей отырып,
сайысымызды бастаймыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. «Ботақан » тобының тәрбиешісі :Рзакулова Гүлжайна
2. Бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары: Дангилова Айгүл
Дорбадан санды текшелерді алып қыздарымыз өз нөмірлерін таңдайды.
Қыздар белгіленген орындарына отырады. Сайыс шартын түсіндіреді.
Қатысушылар:
1. Ашимбекова Марина
2. Рахманова Карина
3. Бердибекова Балжан
4. Ерикова Жаннұр
5. Жакыпова Ақниет
6. Қазгельді Альбина
7. Коныртаева Асима
8. Музафарова Рауза
9. Оразова Шолпан
10.Саткульдина Замзагүл
І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне
сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2014.
IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз
оқу, би, ән т.б.) Өз шеберліктерін көрсету.
V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (жұмбақ шешуін табу, ситуациялық
сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Қонақ күту» ( анасымен, тәтесімен)
1кезең: Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
2 кезең:Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
3-кезең: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын
4-кезең: Өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
5 кезең –сұрақтар (дорбадан алып жауап береді анасымен бірге)
6-кезең: Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің
бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген
адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен
дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы
сияқты болатын.
Ендеше, соңғы сайысымыз-ас мәзірін дайындау.
Сонымен сөзді әділ-қазылар алқасына беріледі.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда