Конспект урока "Желтоқсан - тәуелсіздіктің бастауы"


Тақырыбы: «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы»
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,
Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы
ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ
бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру . Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар
бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке
жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт
болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың
дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет
көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-
қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мелекеттік рәміздер,бүктеме,суреттер, слайд,СD
дискі
Барысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран
орындалады.
Желтоқсанның ызғары – ай
Кірпікке қатқан мұздар – ай!
Елім – ай деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар – ай!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ,
қазақ халқы өзінің ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық- зомбылық
тарды көрді, қасірет шекті.Соның бірі- Алматыда болған жастар
көтерілісі.Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту,
түсіндіру мүмкін емес.
Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен,
еліміздің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан
оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған
тәуелсіздік, егемендік күніне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің
бастауы» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз.Биыл еліміздің сан мың
жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл толып
отыр.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман
оймен барған жоқ.Сол жылы 26 жыл үздіксіз елді басқарып келген
Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г. Колбин ешкімнің пікірінсіз
ұсынылған еді. Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат
басқарсын! Біз демократияны талап етеміз!- деп жастар алаңға
шықты.Өз ойларын айтуға қазақтың өрімдей қарусыз жастарына
солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз,
жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады,өмірлерін үзді.
Бұл Желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты
қалған Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және
тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. Олар бейбіт
жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді. 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр
да,әділетсіз көтерілістің бірі.Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы
күн,әрі қайғылы, әрі бақытты күн.
Тәуелсіздік жолында батыр бабаларымызбен, ер ағаларымыздың
қыршын жастарымыздың ерлігін жадымызда мәңгі қастерлеп бір
минут еске алайық.
Үнсіздік жарияланады. «Метроном»
«Лаула,лаула желтоқсанның жалауы»
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» 3-4 сынып оқушылары
Ертілеу: Жас арудың жанарында –Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында -Желтоқсан
Жауыздықты жасқаған да- Желтоқсан.
Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
Намысымның шырағы да –Желтоқсан
Сұрқай өмір сынағы да-Желтоқсан
Жігіттердің ұраны да –Желтоқсан
Жаңа күннің шуағы да –Желтоқсан
Жалғас: Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Ералы: Желтоқсан қайсар ерлік қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған –
Тәңіріме желтоқсан шуақты күн.
Тойланып мың мереке, бұл күні,
Құйылған шаңырақтың ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па
Тәуелсіз еліміздің тынықтығы
Бекнұр: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Жалғас: Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Баймағамбет: Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар;
Бірге: Сол күнге берік сеніміміз бар!
Келешектің іргетасын бірге қалаймыз!
Арсен: Желтоқсан – тарихымызда әйгілі күн,
Ерттеп мініп, ар – ождан сәйгүлігін.
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан – тағдарларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның
Бекнұр: Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім,ашық болсын аспаның !
Жер-Ана: Әйгерім
Армысыңдар, бауырымнан түлеген өрендерім!
...Мен талай ғасырлардың куәсі қойнауым құтқа толы құдіретті Жер-
АнамынІ
... Жасыл шүйгін, кең жайлау, асқар тау, кербез орман, көркем бел,
ерке жел. Талай жанға сая болған-қайран елім!
Басыңнан талай нәубат кезең өтті ғой...
Менің елім ! Тәуелсіз елім! «Менің» деп меншіктеп айтар жерің мен
еліңнің болғаны қандай бақыт! Осы сөзде қаншама қуаныш,
мақтаныш, тарих жатыр!
Ата-бабаңыз туған жердің тоқымдай бөлігін де жауға бермеген. Ат
үстінде күн кешіп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып,
еңку-еңку жер шалып» жүріп қорғап қалған, аманат етіп сіздерге
қалдырған ұлы жер ғой, ұрпағым!
... Бүгінде міне, бақыт таңы, тәуелсіздік таңы атты. Бұл тәуелсіздік-
ата-бабаларыңның арман-тілек, төккен қан, аққан көз жастарының,
егемен ел болуды сарғая күткен сағыныштарының жауабы!
Айналайын, халқым, менің!
Аз ғана уақыттың ішінде елімді, халқымды шартарап танып
үлгерді.Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген елімнің енді еңсесі
биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым. Елім өркениетті замана
ағысына қосылды. Халқына жаһанданған дүниені сыйлаған, қазақ
ұлтын әлемге танытқан-тұңғыш Елбасың- Н.Ә.Назарбаев.
1-сынып оқушылары әдеби монтаждар
Баймағамбет: «Ата Заң»
Ән: «Қазақтай ел қайда?»
Өзіміз шекаралық жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, мемлекеттік
нышандарымызды белгілеп, әдеп ғұрып, мәдениетімізді қайтарып,
тұңғыш ел басын сайладық. Барлық мерекенің ішінде құнды да
жоғары тұрған – Тәуелсіздіктің қадірін бағалайық. Осындай бейбіт
елде ата-ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз.
Біз – ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың
ұланымыз.
Біз – алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде
желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз.
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлттан тұратын
біртұтас халықпыз.Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-
баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.
«Сен қазақсың» Сабыр Адай
Тәуелсіз еліміздің әрқашан туы биік, тұғыры берік болсын.
Қазақстанның тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын! Осымен
Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің
бастауы» атты әдеби музыкалық ертеңгілігіміз аяқталды.Сау
болыңыздар!