Классный час "Бала тәрбиесіндегі ата – ана рөлі"

М.Б. Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Ибраимова Н.А.
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата –ана рөлі.
Сабақтың мақсаты : Қазіргі кездегі баланың дамуына , жеке тұлға болып
қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым
–қатынас орнату, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және ата-аналар
арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-
қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар
беру .
Міндеттері: ата-аналардың мектеппен ,мұғаліммен тығыз байланысын
арттыру, Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің
жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына
ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға
тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және
мақал –мәтелдер жазылған плакат,т.б.
Әдістері: тренинг, пікір алмасу, сұрақ-жауап, жағдаяттар талқылау, тест,
психологиялық жаттығулар.
Бағдарламасы:
1. Тренинг. Мектеп психологі Мұратова Ақнұр Лесқызы
А) «Танысу » жаттығуы.
Ә) «Австралиялық жаңбыр» жаттығуы
2. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы.
3. Пән мұғалімдерімен пікірлесу.
4. Бала тәрбиесіндегі ата –ана рөлі. Баяндама
Сынып жетекші Ибраимова Н.А.
А) Ойланайық, пікірлесейік
Ә)Ситуация – жағдаяттар (Жағдаяттар талқылау)
5. Ата-аналарға кеңес
6.Қорытынды
Тренинг Бағдарламасы:
Психолог сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің « Бала тәрбиесіндегі ата –ана рөлі.»
атты ашық ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –
баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі,оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына
күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол
шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз
болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.
Балаларды тәрбиелей отырып,
ата-аналар еліміздің болашақ тарихын,
демек, дүниенің де тарихын
тәрбиелейді.А.С. Макаренко.
1. «Танысу » жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
Жүру барысы:
«Танысу» - қатысушы ата-аналар ақ параққа аты-жөнімен баласының есімін
және тақтадағы жемістерді жазып, жүргізушіге тапсырады. Араластырылған
парақтарды ата-аналар оқиды. Аты-жөні айтылған ата-аналар ортаға шығады.
Қарбыз- орнықты ата-анасыз. Балаңыз үшін көп шиеленіске,
жанжал, дау дамайға бара бермейсіз.Еш уақытта еш нәрсеге шамданбайды.
Балаңыздың өзі шешім қабылдауын және пікірін нақты айтуын
қадағалайсыз.Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден
қоясыз. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы
ғана жетіспейді.
Шие- мінезіңіз жұмсақ кішіпейіл ата – анасыз. Өзгеге қуаныш
пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін.
Балаңыздың өтірік-өсек айтуына жол бермейсіз, әсіресе көңілдісіз, әзіл-
қалжыңды ұнатасыз. Сізді өкпелету де оңай .
Қара өрік- өкпелегіш ата-анасыз. Балаңыз жөнінде сын пікірді
көтере алмайсыз. Балаңыздың қызығушылығымен санаспайсыз, ақылдаспай
шешім қабылдайсыз. Сіз үшін біреуді кінәлау оңай. Балаңызбен қарым-
қатынасыңыз әлсіз.
Шабдалы-сыпайы, мәдениетті ата-анасыз. Көпшіл,
ашық, кез-келген уақытта балаңызбен тіл табыса аласыз. Балаңыздың
достары көп болғанын қадағалайсыз, бала орнына өзіңізді қойып шешім
қабылдайсыз. Тек бір кемшілігіңіз- қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде
оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Жүзім- сыр сақтай алатын ата-анасыз. Балаңыздың көп сөзі
жоқ, іс-әрекеті баяу болғанын қалайсыз. Тыныштық пен сабырлықты
ұнатасыз. Балаңызға мақсатты нақты қою мен шешім қабылдауын
қадағалайсыз. Бірақ мақсатқа жету үшін балаңызға рухани күш және жағдай
тудырмайсыз .
Құлпынай- қонақжай ата-анасыз. Адамдармен тез тіл табыса
аласыз. Балаңыздың ешкімге тәуелді болғанын қаламайсыз, биік талғаммен
өмір сүргенін қалайсыз. Бала қызығушылықтарына аса көңіл аудармайсыз.
Алма- жігерлі ата-анасыз.Балаңыздың өнерге жетелейсіз. Бос
уақытыңызды отбасы мүшелерімен есте қаларлықтай етіп өткізгенді
ұнатасыз. Бала тәрбиесінде аздап ескі көзқарастасыз. Балаңызды жіберген
қателігіне орай үнемі жаза қолданасыз. Ескерту: жаза бала жүрегіне ауыр
тимесін, себебі жек көріп кетуі мүмкін.
2-жаттығу.«Австралиялық жаңбыр» тренингі
Мақсаты: Ата-аналардың жағымсыз әсерлерін бәсеңдетуге,
тыныштандыруға, эсоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағытталады.
Жүру барысы: Ортаға шеңбер бойымен, біріміздің артымызға біріміз
тұрамыз. Австралиялық жаңбырдың қандай екенін білесіздерме? Ендеше
байқап көрейік қандай екенін? Шеңбер бойына менің нұсқауым бойынша
қимыл қозғалыстарды жалғастырып тұрамыз.
Австралияда кенеттен күн бұлттанып, жел көтерілді. ( қолдарымызды үйкеу)
Желдің артынан жаңбыр алғашқы тамшылары сезіле бастады. (саусақпен
тарсылдату)
Жаңбыр күшейіп қатты жауа бастады. (кезекпен арқасын соғу)
Нөсер одан бетер күшейіп жатыр (сандарынан қатты соғу)
Жаңбырмен бұршақ араласып жауып жатыр. (аяқтарымен тарсылдату)
Бұршақ басылып келе жатыр (сандарын соғу)
Жаңбыр саябырланып, басылып келе жатыр (алақанымен басымен тез тез
соғу)
Жаңбыр тамшылары сирек жауа бастады.(саусақпен тарсылдату)
Желдің сыбдыры ғана естілді. (алақандарымен жоғары төмен түсіру)
Көп ұзамай күн шықты (қолды жоғары көтеру).
2. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?
5 Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз кеше қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12.Балаңыздың ең жақын досы кім?
13. Балаларыңызға сынып жетекшіден басқа қандай мұғалімдер сабақ береді?
Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
Соңғы сұрақты ата-аналарға ортақ тастау. Ата-аналар пән мұғалімдерінің
толық аты-жөнін айту.
3. Пән мұғалімдерімен пікірлесу.
3 «А» сыныбына сабақ беретін пән мұғалімдерінің өз пәндері бойынша
балалардың білім деңгейін, сабаққа қатысын жеке-жеке айту.
4. Бала тәрбиесіндегі ата –ана рөлі. Баяндама
Қазір мектеп табалдырығын енді ғана аттаған 1-сыныптың оқушыларының
ішінде қатыгездікке бейім тұратындарын көргенде таңғаласың. Ондай
балалар бір нәрсе көңілінен шықпай қалса, байқаусызда иығына біреу тиіп
кетсе, ашуланып, жұлқыса кетеді. Мұны ата-ана да, мұғалім да көріп отыр.
Оны енді мектеп үйретіп отырған жоқ қой. Негізі тәрбие отбасынан
қалыптасады. Еркіндікте өсіремін деп, баланың шектен шығып кеткенін
білмей қалатын ата-ана көп. «Бәленбей деген елде балаға ескерту айтпайды,
баланы тыңдау керек» деп жатады. Біз ол жаққа барып келген жоқпыз,
ескерту айтпаса, бәлкім ол жақта басқа жүйе жұмыс істейтін шығар. Қазір
құйтақандай баланың өзі құқығын жақсы біледі. «Сенің бүйтуге құқың жоқ»
деп жатады. Өз ата-анасына солай айтқан бала, басқаға не айтпайды.
Құқығын қорғаған дұрыс шығар, дегенмен, баланы орнымен еркінсіткен жөн.
Балаға сеніммен қарай отырып, әр қадамын қадағалау қажет. Шалыс баспас
үшін бақылауды күшейткеніміз абзал. Ұлға да, қызға да, шалқып отырған
отбасының, тапқанын бас-аяғына жеткізе алмай отырған отбасының
баласына да тәртіп керек. Тәрбие мықты болмаған жерде, келеңсіздік те орын
алады.
А) Ойланайық, пікірлесейік
Ә)Ситуация – жағдаяттар (Жағдаяттар талқылау)
“Екі бақа” туралы аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі,
шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал
екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер
сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның
секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан
шығып кетеді. (Аңыз талданады).
1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген
бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды»
деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
2.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң,
өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тым ерке, қалағаны болмаса
ашуланып сіздің тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
3. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Сіз жұмыс жасайсыз. Балаңызды
уақытылы мектепке апаруға бастығыңыздан сұрана беруге тура келеді. Бір
жағынан бастығыңыз, екінші жағында балаңыздың сынып жетекшісі. Қалай жөнге
келтіресіз?
4.Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы сөйлесуге сізді мектепке шақырды. Сынып
жетекшісі балаңыздың сабағы нашарлап кеткендігін, дөреке сөздерді, лас сөздерді
жие айтатындығына куә болғандығын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
5. Ата-аналарға кеңес
Қорытынды.
«Аялы алақан»өсиет
әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық
жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған
ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ
баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін
өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын
баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша
табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап
кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-
анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш
жасайды. — Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған
қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай
ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері
балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін
емес.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың
қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін
айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды
жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді
ұмытпайық.Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық:
Әдепті бала
Ата –анасын мақтатар,
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.
«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең
балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала
тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі
мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана мен мектеп өзара
тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары
сөзсіз.