Классный час "Алғашқы көшбасшы"

Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған
қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, сөзжұмбақтар
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
және қонақтар!
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары
мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Алғашқы
көшбасшы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай
дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір
сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып,
астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Нұрсауле сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 24 жыл болады,
біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине
дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі
де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының
негізінде емес пе?
2- Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете
қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай
ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды.
Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін тыңдайық.
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың
санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі.
Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай
тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика
болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы
болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент.
Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген
мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау
қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
1-жүргізуші: Ендеше не тұрыс , сайысымызды бастаймыз. Сендерге
алдарыңда үш тақырып бойынша 10 мен 40 аралығында сұрақтар
жасырылған. Әр топтан топ башысы тақтада көрсетілген 3 тақырыптың
біреуін таңдап,ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Дұрыс болған жағдайда
ұпай саны қосылады. (интерактивті тақтада сұрақтар көрсетіледі)
2-жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар! Келесі сайысымыз «Тапқыр болсаң
тауып көр» деп аталады. Бұл сайыста барлықтарыңа бірдей «Елбасы» деген
тақырыпта сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақтағы сұрақтарға жауап беріп,
ұяшықтарға жазамыз.Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Еліміздің басшысы кім? (Назарбаев)
2. Тұңғыш Президент күні қай айда? (желтоқсан)
3. Н.Назарбаевтің әкесінің есімі ? (Әбіш)
4. Еліміздің бас қаласы? (Астана)
5. Тіліміз қалай аталады? (Қазақ)
6. Президентті кім сайлайды? (Халық)
1-жүргізуші. Бұл кезеңнен де сүрінбей өттіңдер. Жарайсыңдар! Ендігі
сайысымызда Үш топ «Мен президент болсам не істер едім» деген
тақырыпта шағын эссе жазасыңдар. Сендер президент болсаңдар елдеріңе
қандай пайда әкелер едіңдер сол туралы ойларыңды жеткізесіңдер.Әр топқа
берілетін уақыт 3 минут.(гармошка әдісі бойынша жазады.)
2-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Жылдар сыр шертеді» деп аталады. Бұл
сайыста сендерге жылдар беріледі, сендер сол жылдарда қандай оқиға
болғанын айтасыңдар. Әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Сайысымызды
бастаймыз.
1 топ.
1991ж 1 желтоқсан қай күн ? (Елбасы күні)
1995 ж 30 тамыз? (Конситуция күні)
2017 жылы Қазақстанда атлып өтетін оқиға? (ЕХРО 2017)
2 топ.
1992 жылы 4 маусым ? (рәміздер күні)
1993 жылы 12 қараша (Ұлттық теңге күні)
1991 ж 16 желтоқсан? (Тәуелсіздік күні)
3 топ.
19941 19945 жылдар болған оқиға? (Ұлы Отан соғысы)
ҚР Ассамблиясына биыл неше жыл? (20 жыл)
1989 жылы 22 қыркүйек ? (Тілдер күні)
1 жүргізуші. Жарайсыңдар, балалар. Білімді балалар екенсіңдер. Енді кезекте
«Жыр әлемі» деп аталады. Бұл сайыста әр топтан бір бала шығып, елбасыға
арналған өлең жолдарын оқиды.
2 жүргізуші. Келесі кезекте бізге әр елдің құрметті азаматтары келіп отыр
екен. Олар біздің елбасымыз Нұрсұлан Әбішқлы Назарбаев жайында өз
пікірлерін айтсақ деп келіпті. Сөз кезегін қонақтарымызға берейік.
Кофи Аннан, ( Айгерім Сейдахметова)- БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы,
Ким Дэ Чжун (Әліби)- Корея Риспубликасының Президенті, және Эмомали
Рахманов (Диас) Тәжікстан Президенті.
Қорытынды.
Елбасы саған мәңгі разымыз,
Үлкен кіші ағайындар бәріміз.
«Ұлтым елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. Дей отыра сіздерге арналған сайыс
сабағымызды жабық деп жариялаймыз.