Сценарий "Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені"

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы
мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік
болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және
халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-
ғұрпын сыйлауға үйрету
Сценарий көрнекілігі:қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
Сценарий барысы:І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан
Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне
арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»
тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер.
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар
мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр
тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп
қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке
айналды. Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман.
Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы
айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші:Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр. Бұл –
қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 24 жылы. Егемен ел бесігі жыл
өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық әнімізді шашу ретінде
жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік. Ұлттықән«Атамекен»
I жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің
басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт
өкілдері тұрады.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың меномені –
Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған
ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші:
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс
биін тамашалауға шақырамыз. Орыс биін,әнін орындайтын 1 сыныптың
оқушылары
І жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр.Өзбек
биін тамашалаңыздар!
І жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
ІІ жүргізуші:
Республикам менің,
Республикам менің, Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенделапылдап от бопжанатын,
Шуақ бар сендедостасыпбіргетабатын!
І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін 4 сыныптың
оқушыларын шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілікеліп
отыр.
І жүргізуші:
Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші:
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, украин биін,әнін
тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс
ұлтының өкіліне берейік.
ІІ жүргізуші:
Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.
Бабаларрухына бас иіп,
Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан
болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген,
өздігінен ешкімге тиіспенген елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен
өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап
анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның
жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған,
сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге –
қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп
ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының
бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі
еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!