Классный час "Жұлдызды бестік" 2 класс

Мәншүк Мәметова орта мектебі
2 «А» сынып
Сулейманкулова А.С
Сабақтың тақырыбы:Жұлдызды бестік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін
терендету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой-өрісінің жетілуін, тіл мәдениетіне
деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлттық
сөздерді түсініп, үлгі-өнеге алатын білімді, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз.Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар «Ақыл озбайды, білім
тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған.
Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін XXI
ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен
жарыспақшымыз. !
Мүғалім:
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - деп бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді
сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.
Бұл жарысқа 2-сыныптың «Білімділер», «Ойшылдар», «Ақылдылар», «Зеректер»
атты 4 топтары қатысады.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін,есте сақтау
қабілетін шыңдайтын,білімге қызығушылықтарын арттыратын «Жұлдызды
бестік»атты зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
1.«Сәлем-сөздің анасы»демекші әр топ өздерін таныстыру
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында .
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр бойында.
1-топ«Білімділер» Ұраны:Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.
2-топ:«Ойшылдар»Ұраны:
3-топ:«Ақылдылар» Ұраны:
4-топ:»Зеректер» Ұраны:
I.Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба ,орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазыларды сайлап алайық.
Сайыс 5кезеңнен тұрады:
І-кезең:«Көңілді қадам»
ІІ-кезең:: «Қиял әлемі»
ІІІ-кезең:«Тапқыр топ »
ІV-кезең: «Қызықты төрттік»
V-кезең: «Жұлдызды бестік»
І-кезең.
1.«Көңілді қадам »ойыны(Ойыншы өз ұпай санын ұяшықтан таңдайды) .Әр
түрлі сұрақтар
1-топ:
1.Балық қайда болады?
2. Түнде не көресің ?
3.Аквариумда нені өсіре аламыз?
4. Сумкаңда не бар?
5.Қандай аяқ киімді майлауға болады?
6. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
7. Құстың негізгі тұратын мекені?
8.Қай дауыссыз дыбыстан сөз басталмайды?
9.Сенің атаң әкеңе кім?
10.Асханада не істейсің?
2-топ:
1. Алтын күн астында не бар?
2. Алма берсем жейсің бе?
3. Жылдың неше мезгілі бар?
4. Түйе сүті?
5.Тауық жеті қазынаға жата ма?
6. Кімге сәлем жолдайсың?
7. Бір жылда неше ай бар?
8. 7 онд. 8 бірл. Қандай сан?
9. Ит жеті қазынаға кіре ме?
10. Ән салатын қандай құс?
3-топ:
1.Бағдаршамның көздері
2. Аптадағы күн саны
3.Алма ағашының жемісі
4.шашыңның түсі қандай?
5. Оң қолдағы саусақ саны
6.Тақтаға немен жазады?
7.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
8.Қыстың көркі не ?
9. Екі сабақтың ортасында не бар?
10.Түнде аспанда не көрінеді?
4-топ:
1. Атаң мен әжеңе сен кімсің?
2. Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?
3. Көру мүшесі.
4. Мемлекеттік тіл.
5. Қышқыл жеміс.
6. Қасиетті тағам.
7. Құстың үйі.
8. Кесе, қасық- бұл не?
9. Әр адамның шағын отаны.
10. Суды немен ішесің?
2-тапсырма «Білгенге маржан» Жұмбақтарға жауап беріп, орыс және
ағылшын тілдеріне аудару.
1-жұмбақ: «Қабат-қабат қаттама, Ақылын болса аттама.»
2-жұмбақ : «Мүйізі айдай иілген,Мұрның көкке шүйірген»
3-жұмбақ :«Өзі ширақ, өзі қу,Жүрген жері айқай-шу.»
4-жұмбақ :Жазу жазып жалықпаған,Жаза- жаза арықтаған(бор-мел)
5-жұмбақ :Алты қырлы,алтын сырлы (қалам-ручка)
6жұмбақ:«Таңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады»
7-жұмбақ: «Тонын кие туған, Жалап бетін жуған»
8-жұмбақ:Асты тас,үсті тас, Ортасында піскен ас(нан-хлеб)
3-тапсырма «Шабытты шәкірт» - ана тілі пәні
Жалғасын тап: 1) Маң-маң басқан,маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
( Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан)
2) Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
( Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!)
3) Саған білім жемісін
Оқулығын береді.
( Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді)
4)Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім,
( Баулитын өмірге
Ақылшым –мұғалім)
5) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
( Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.)
6) Жағы қалақтай,
Мойны садақтай
ІІ-кезең:: «Қиял әлемі» "Ерте, ерте, ертеде..." деп ертегілерден үзінді оқылады.
Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы
сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.
1-тапсырма: Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады.
Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді
атаймыз? Келесі тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі
кейіпкерлері болып өзін-өзі қорғайды..
"Мақта қыз бен мысық "
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге
жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?
Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден
ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?
Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз,
Толағай
Тазша бала: Мен Тазша баламын,
Кіп-кішкентай ғанамын.
Қысылғанда сөз табамын,
Қырық өтірік пе кедергі,
Жаңылмай айтып беремін.
Ақылыма тәнті боп,
Алтын үйді басыма,
Той жасады хан қызын
Отырғызып қасыма.
Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты жайраттым жолымдағы.
Азу тісін қағыпап арыстанның,
Жеті басты аждаһармен алысқанмын.
Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?
Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки, тұра алады жолымда кім?
Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа әрдайым серік болған.
Ертегіде хан, қара батырлар да
Жүреді мендей қыздың ақылымен.
Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.
1. «Кімнің заты?» ойыны
1. Өзі тамақ пісіретін қазан- «Ұр тоқпақ!»
2. Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»
3. Бағалы сақа- Алтын сақа
4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»
5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»
6. Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»
ІІІ. кезең «Тапқыр топ » Әр оқушы берілген сөздердің бастапқы әрпінен
жаңа сөз құрайды
1-топ : Сауда, уақыт, ребус, егін, тары
2-топ: Сең, әтеш, бақа, із, зығыр
3-топ: Бота, ұзақ, риза, ыдыс, шана
4-топ: Өзен, нөсер, етік, рет
ІV кезең . «Қызықты төрттік»оқушылар нөмірлері жазылған ұяшықты таңдайды.
Өздерінің таңдауы бойынша әр пәндерден сұрақтарға жауап береді»
Жауап бере алмаса қарсыластары сол сұраққа жауап бере алады.
V-кезең: «Жұлдызды бестік» топ ішінен жұлдызды бестікті анықтау
VI.«Мен болашақты суреттеймін»оқушылардың тілегі
VII.Әділқазыларға сөз беру. Сайыскерлерді марапаттау.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізсін сендердей өренді,
Білімнің биік шыңына.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар сендерге тілерім.
4-топ
ІІ. Таныстыру бөлімі.
ІІІ. Логикалық тапсырмалар.
1) Әңгіме 16-шы беттен басталып, 31-ші беттен аяқталған. Әңгіме неше бетке
жазылған?
2) Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма кем өсіп тұр.
Барлығы неше алма?
3) Аңның 2 оң аяғы, 2 сол аяғы, 2 алдыңғы аяғы, 2 артқы аяғы бар. Аңның
неше аяғы бар?
4) Шанаға қосарланып жегілген 3 ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп
өтті?
5) Қорапта 2 қызыл қарындаш және сонша көк және жасыл қарындаштар бар.
Қорапта барлығы неше қарындаш бар?
IV. «Кім көп біледі
«Қызғалдақтар» тобына:
1. Дүниежүзіндегі ең терең көл?
2. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
3. Көптеген елдердің мемлекеттік елтаңбаларында жануарлар бейнесі
бейнеленген. Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген?
4. Қазақстанда ядролық апаттың ошағы болған жер?
5. Жабайы аңдарды өсіретін жер?
«Жас қырандар» тобына:
1. Өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдайлар не?
2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
3. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды?
4. Кекілік құс па, жануар ма?
5. Сенің әкеңнің шешесі кім болады?
V. «Тіл өнер»
Сұрақтың орнына берген жауапты орыс тіліне аударады.
«Қызғалдақтар» тобына:
1. Аттан тай озады, атадан кім озады?
2. Денсаулық – зор не?
3. Не? Оттан да ыстық.
4. Сөзі дана, үйі жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
5. Не? Қымбат, білу қиын.
«Жас қырандар» тобына:
1. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
2. Ашу дұшпан, ақыл не?
3. Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
4. Еңбексіз өмір – сөнген не?
5. Қанаты бар ұшпайды.
Су астында қыстайды.
VI. «Сыңарын тап» Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды
жалғастыру.
«Қызғалдақтар» тобына:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса...
2. Бал тамған тілден...
3. Сөз тапқанға...
4. Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді...
5. Тауды-тасты жел бұзар,
Адамзатты...
«Жас қырандар» тобына:
1. Жақсы сөз -...
2. Жақсы байқап сөйлер,
Жаман...
3. Дәлелсіз сөз ...
4. Бас кеспек болса да,...
5. Тіл қылыштан ...
VII. «Қызықты пәндер». Бұл бөлімде барлық сайыскер жауап береді. Кім
жылдам, дұрыс жауап берсе сол топқа 5 ұпайдан қосылады.
Математика:
- 9дм неше сантиметр?
- 3 сағатта неше минут бар?
- Санды өрнек неден құралады?
- 9-дың кубы нешеге тең?
- Ұзындығы 11см, ені одан 2см кем тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
Дүниетану:
- Адам немен тыныс алады?
- Өсімдіктің жер асты мүшесі.
- Адам өміріне қажетті жағдайлар.
- Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады?
- Ең алып жануар?
Қазақ тілі:
- Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
- Сөз неден құралады?
- «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді, ол қандай сөз табына жатады?
- Неше септік бар және оларды сұрақтарымен ата.
Ана тілі:
- «Қаздың тұзаққа түсуі» бұл қай ертегіде кездеседі?
- «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген жолдар кім туралы?
- М. Әуезовтің жабайы аң туралы әңгімесі қалай аталады?
- Халық ауыз әдебиетінің түрлері.
Жалпы сұрақ: «Ұшқыр ой».
VIII. Топ басшылар сайысы.
1. Жеті күн нені білдіреді?
2. Жарты тоннада неше килограмм бар?
3. 25-тің бестен екі бөлігі нешеге тең?
4. «Бес асыл іс пен бес дұшпанды» кім айтқан?
5. Үш биді ата.
6. Мәтіннің неше түрі бар?
7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?
8. Бейбітшілік құсы.
9. Табиғатты жырлаған ұлы ақын.
10. Жеңіл автокөлік 80км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Ол қанша километр
жол жүрді?
Әділқазыларға сөз беру. Сайыскерлерді марапаттау.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізсін сендердей өренді,
Білімнің биік шыңына.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар сендерге тілерім.
Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
6. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк
Мәметова)
7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя
Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
9. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
10. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
ІІ. топқа:
1. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)
3. Қажыл қай жыл? (Жылан)
4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
8. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
ІІ бөлім: Тіл - өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
І топқа:
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды… (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан … (да өткір)
6. Отан … (оттан да ыстық)
ІІ топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
5. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)
6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)
ІІІ.Бәрін білгім келеді
Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде.
Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.
Қазақ тілі
10. Мәтін дегеніміз не?
20. Тіл сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?
30. Келбет сөзінің синонимін тап.
40. Көнерген сөздер дегеніміз не?
Әдебиет
10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері.
20. «Өгіз бен бақа» мысалының авторы кім?
30. «Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен»
деген өлең жолдары қай ақынның шығармасынан алынған?
40. Зәм-зәм суы кімнің өкшесінің астынан шығып еді?
Математика
10.Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады?
20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең?
30. Математикалық өрнектер дегеніміз не? Бұл қандай өрнек? B-7*5
40. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?
Жаратылыстану
10. Қазақстанда неше облыс орталығы бар?
20. Жердің нақты үлгісі
30. Көкжиектің неше тұсы бар?
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі
Тақырыптар ұяшығы.
Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
«Қазақстан»
10 ұпай. Қазақстан Елтаңбасының түсі қандай?
20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты?
30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша?
40 ұпай. Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ?
«Грамматикалық ереже»
10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады?
20 ұпай. Көптік жалғауларын ата.
30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы?
40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер
«Ұлы адамдар»
10 ұпай. Ұлы жүздің биі
20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы.
30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім?
40 ұпай. Абылай ханның шын аты
«Телехабарлар»
10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна
20 ұпай. Балалар ән- би байқауы.
30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы.
40 ұпай. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында?
ІV бөлім: Қызықты ұйқастар
Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топқа
1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)
2. Число-сан, кровь-ан)
3. Молоко-сүт, жди-(күт)
4. Человек-адам, шаг-(қадам)
5. Таможня-кеден, пол-(еден)
6. Зуб-тіс, дело-(іс)
ІІ топқа
1. Возьми-ал, мед-ал)
2. Рыба-балық, народ-(халық)
3. Дверь-есік, колыбель-есік)
4. Город-қала, ребенок-(бала)
5. Лето-жаз, гусь-(қаз)
6. Игра-ойын, шея-ойын)
V бөлім: Мықты болсаң, тауып көр
Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.
І топқа
1.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста])
2.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])
3.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])
4.Білімді мыңды жығады,
Білекті … жығады. (бір; один; one [уан])
5.Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эпл])
ІІ топқа
1.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])
2.Айдағаны … ешкі,
Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])
4.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])
5.Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка; pen [пен])
VІ. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
Әр топтың қатысушылары өлең оқиды әр өлең бір ұпай болып есептеледі. Олар өлеңді мәнерлеп
оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
VІІ. Жұлдызды сәт
І) Белсенді жауап берген оқушыларды марапаттау.
ІІ) Бірінші жарты жылдық аясында қорытындылау бойынша жеіңіске жеткен топ жетекшісін
марапаттау.
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы
берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты
ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.
Жарыста жеңілсек те, өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Математика 26/10/2015
Тақырыбы: Қайталау. 4 санын қосу және азайтудың сәйкес жағдайы.
Мақсаты: 4 санын қосып азайтуды қайталай отырып, білімді тиянақтау. Өз
бетінше іздене білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілкке
тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, өзіндік. Түрі: қайталау
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ.Мақсат қою кезеңі:білімді тиянақтау
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру№ 6, 63,оқу, талдау.
ІҮ .Білімдерін тексеру.Күн ретін жазу.Көркем жазу.2 5 6
1. математикалық диктант: 8+3 7+4 9+3 8+ 4
Ү. Бекіту. № 1 8+4 12-4 4+8 12-8 9+4 13-4 4+9 13-9
№ 2. 4 + х = 11 11- х = 4 4+7 = 11 11- 7 = 4.
№ 3 .«Ұшақтан парашютпен түсу» ойыны
а+4 мұндағы а=50, 53, 9. 50+4=54 53+4=57 9+4=13
a-4 мұндағы а = 54, 57, 13.57-4=53 13-4=9 50+4 53+4 9+4 54-
4 57-4 13-4.
№ 4. (9+4) -3=10 Жауабы: 10машина.
9 + 4 = 13 жауабы: 13 машина
№5 (10+12)-2=20шар 22-2=20 шар
Кел ойнайық :2+4+5+6=17дм
№ 6. 11 4 21 4 31- 4 41 4 51-4 61-4 71-4 81-4 91-4 .
1.Шығармашылық тапсырманы орындау. б5,15,25,35,45,55,65,75,85,95
ҮІ. Үйге тапсырма:1 № 5 , 76бет
2. бағалау.
Қазақ тілі 26/10/2015
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Мәтіннің түрлерімен таныстыру, сол арқылы
оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін
түрлерін бір-бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.ә)
Тазалық, ұқыптылық, білімге деген құмарлық, бір-біріне деген достық,
қамқорлық қасиеттеріне, табиғатты аялауға баулу.б) Сөздік қорын
молайтып, ауызекі, жазба тілін, логикалық ойлау, шығармашылық
қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, ойын
Көрнекілік: сөйлемдер жазылған қима қағаздар, күнбағыс
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:143-жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ: 1/ Өткен сабақты еске түсіріп, бүгінгі тақырыппен
байланыстыру мақсатында «Құрастыр»дидактикалық ойынын өткізу.
1.Жұмбақ шешу: Қалпағы бар дөңгелек,Сары гүлмен қоршалған.
Қарай қарай күнге ерек, Мойны талып шаршаған. Күнбағыс.
Балалар, күнбағыс туралы не білеміз? Күнбағыс- шөптекті өсімдік, оның
әдемі сары гүлдері, ортасында қара дәндері, жап жасыл сабағы мен
жапырағы болады. Оның дәндері өте пайдалы. Одан түрлі тағамдар мен май
алынады. Ол үнемі күнді бағып тұратын гүл. Сондықтан да оны күнбағыс
деп атаған.
Ендеше, осы әдемі гүлді құрастыру үшін күнбағыстың мына мүшелерінің
артындағы сұрақтарға жауап берейік. (Балалар күнбағыс мүшелерін таңдап,
тақтаға шығып жауап беріп, күнбағыс гүлін құрастырады. слайдта сұрақтар
көрініп тұрады)1. Мәтін дегеніміз не?2. Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? 3.
Мәтіннің қандай бөліктері болады?4. Мәтіннің бөліктері қалай жазылады? 1.
Қандай әдемі күнбағыс гүлін құрастырдық, бұл гүл алдағы жаттығуды
орындау барысында қажет болады.2/ Мына қима қағаздағы мәтін бөліктерін
дұрыстап ретімен орналастырып, мәтін құрау қажет, деп алдымен
компьютерде берілген бөліктерді бір оқушы ретімен орналастырып, қалған
оқушы қолдарындағы қима қағазды тақтаға ретімен қойып мәтін құрайды.
Салыстыра, оқиды. Қате болса өздеріне түзетуге мүмкіндік беру.
144-жаттығу :Мен 2-сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.
Біздің оқитын сыныбымыз ─ кең, жарық. Төбесі биік, қабырғалары аппақ.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол біздің екінші үйіміз. Мұны
балалардың бәрі жақсы түсінеді. Осы пайымдау мәтінін көшіріп алады.
5/ 145─ жаттығуды орындауға дайындау..Өлеңді оқып, автор
М.Жұмабаевтың портретін іліп, ол туралы білетіндерін еске түсіру. Негізгі
ойды табу. Осы автордың 40-беттегі өлеңін еске түсіру,жаттығудың соңғы
екі жолын жатқа жазу.6/Балалар, мана сабақтың басында құрастырған
күнбағыс өсімдігіне оралайық. 146-жаттығудағы тірек сөздерді пайдаланып
әңгіме құрастырайық. Өзіндік жұмыс.Бір оқушы тақтада әңгіме құрап
жазады.
IV. Қорытынды: Сабақты сұрақ-жауап арқылы пысықтап, бекіту
Балалар, бүгін сабақта немен таныстық? Мәтіннің қандай түрлері
болады?
Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?«Күнбағыс» мәтіні қай түрге жатады?
V. Үйге тапсырма:1/ Ережені есте сақтап, жаттау.148-жаттығу
VI.Бағалау
"Мақта қыз бен мысық "
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін, Ертегілер ауылын.
Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
Тазша бала: Мен Тазша баламын,
Кіп-кішкентай ғанамын.
Қысылғанда сөз табамын,
Қырық өтірік пе кедергі,
Жаңылмай айтып беремін.
Ақылыма тәнті боп,
Алтын үйді басыма,
Той жасады хан қызын
Отырғызып қасыма.
Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты жайраттым жолымдағы.
Азу тісін қағыпап арыстанның,
Жеті басты аждаһармен алысқанмын.
Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?
Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки, тұра алады жолымда кім?
Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа әрдайым серік болған.
Ертегіде хан, қара батырлар да
Жүреді мендей қыздың ақылымен.
Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.