Конспект урока "Тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады?" 2 класс


Дүниетану 2 «Е» сынып 14.04.2016ж
Тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады?
Мақсаты: а) Білімділік: Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі
жайлы түсінік беру;
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық
жасауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы
мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі :аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, Крестиктер-нөлдіктер әдісі,Кезбе тілші,
Қара-жап-айт-жаз-тексер стратегиясы,Топпен жұмыс, Ресурспен жумыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері, интерактивті
тақта,стикер т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, еңбекке баулу
Негізгі идеялар
*Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы мағлұмат бере
отырып,дүниетанымын,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тапсырмалар
* «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі
* Кезбе тілші
* «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы
* Оқулықпен жұмыс
* Ресурспен жумыс
Оқыту әдістері
*Топпен жұмыс,кесте толтыру,стикерге жазып қалдыру
Бағалау критерийі
Фармативті бағалау
Оқушының аты-жөні
Өз ойын ашық айтты
Сабақта белсенділік көрсете білді
Жаңа идея тастады
Шапшаңдық көрсетті
Көпке үлгі көрсетті
Жүргізетін жұмысым
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1 минут
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне алақан жылуын ұсыну
Мұғаліммен сәлемдесу.
*Оқушыларды жұмбақтың шешуі арқылы 3-топта бөлініп,отырғызу
*Бағалау критерийлерін ескере отырып,белсене қатысады,жақсы бағалануға
ұмтылады.
*Топ ережесін естеріне түсіру
6 Минут
«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі
1.Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды ата
2.Жарықтың жануарлар тіршілігі үшін маңызы
3.Қандай жануарлар күн көзінің жарығынсыз өмір сүруге бейімделген?
4.Жануарларға жарық не үшін қажет?
5.Түнде тіршілік ететін жануар жайлы не білеміз?
6.Топырақ арасында тіршілік ететін қандай жануар?
7 Минут
Мағынаны тану
Қызуғушылықты ояту
Кезбе тілші
V. Жаңа сабақ.
А/ Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Өзің ауыл маңын
аралағанда, кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық
сияқты жануарлардың баспанасы. Аюдың апаны, борсықтың іні, т. б. болатынын
білсең. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян
түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.
Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады.
6 минут
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқушылар тізбектей оқып,мұғалімнің сұрағына жауап беру
Тоқылдақ,тиін ұясын қайда салады?
Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп,орнына қалың жүн шығады?
Қандай жануарлар еш нәрсеге шамасы келмей қатып қалады?
Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды ата.
Қыста ұйқыға жататын аңдарды ата
Ресурспен жұмыс
Бұл қызық!
Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да
жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң ақ олар еш нәрсеге шамасы
келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.
Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті
жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.
Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады.
Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып
кетеді.
Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.
ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу
4 Минут Қара-жап-айт-жаз-тексер стратегиясы
Дәптермен жұмыс. Жануарларды –қысқы ұйқы,баспана:ұя, ін, апан - мамық,
жүн,тері –осының бәрі қысқы суықтан қорғайды
7 минут
Топпен жұмыс
Кестені топпен толтыру
Жаңалық болды
Бұрын білгенім
Алдаға уақытта зерттеп білгім келеді
VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
3 минут Сергіту сәті....
Сурет бойынша жұмыс; жануарларды тану және олар жайында әңгімелеу.
Жануарларды өз ұяларына қондыр: (ойын) тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян,
борсық, аламан, камшат.
1) қысқа азық дайындайтын аңдар:
2) қысқы ұйқыға жататын аңдар:
3) қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар:
7 минут VІІ.Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикерге жазып қалдыру
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта кімдер белсенділік танытты?
Ойын арқылы жаңа сабақты бекету,бүгінгі алған білім,білік дағдыларын « Бас
бармақ» әдісі арқылы тексеру
2 минут Фармативті бағалау
2 минут VІІІ. Үйге тапсырма: Жануарлар қыста қалай жылынады?(Эссе)