Конспект урока "Әліппе - білім бастауы"


Тақырыбы: Әліппе - білім бастауы.
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!Кеше ғана алаңсыз
шапқылап жүрген бүлдіршіндер бойларында жауапкершілік сезімі пайда
болып , білім асуының алғашқы белесінен аман- есен асып, тағы бір жасқа
есейіп отыр.Әліппе бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы белгісі. Бүгін
сіздердің алдарыңызда шәкірттер әліппеден тоқыған көрсетіп, өнерлерін
ортаға салмақ. Ендеше оқушыларымызды ортаға шақырамыз.( музыка
ойналып, оқушылар кіреді. )
Атасының баласы,
Әжесінің данасы . Әділхан
Оқуда озат белсенді,
Әлібиге біздің ел сенді.
Жайдары мінез еркеміз,
Махаббат біздің ерке қыз.
Әсем ән сап береді, Әліби.
Шырша тойына келсеңіз.
Үйінде ерке кенжетай,
Бірақ әнші атақты. А.Нұрдаулет.
Әділханнан үміт күтеміз,
Жақсы оқиды деп сабақты.
Нұрдаулет мықты сыныпта ,
Сөзі нық әрі сенімді. Алишер
Бойы кіші болса да ,
Ойы биік шығыпты.
Жақсы оқитын сабақты, Абдуәлім
Зерек,әрі талапты.
Әжесінің еркесі,
Альбина біздің сауатты.
Көз салып қараңызшы бойымызға ,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға . Ш.Нурдаулет.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім: Армысыздар аналар!
Армысыңдар, балалар !
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ ,
Бүгінгі жыр-әніміз!
Ән. «Әліппе» Сөзі. Нәжімеденовтікі.
Әні.Б.Ғизатовтікі.
Күзде ғана келіп едім,
Біріншіге мектепке. Махаббат
Бүгін міне аяқтадым,
Әліппені мен демде.
Оқушымын мен енді,
Қуыршаққа уақыт жоқ. Альбина
Әліппені оқып біттім,
Бүгін міне көңіл тоқ.
Мектеп кеме -білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз. Абдуәлім
Әліппе берген білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз!
Хормен: Біз сыныпта сегізбіз,
Бейне үлкен отбасы.
Апайымыз ортада,
Білімге жол бастаушы.
Ән: Мұғалім ол біздің. Сөзі: Әлімбаевтікі.
Әні: И.Нүсіпбаевтікі.
(Білмеспек келеді.)
Білмеспек: -Ой мен қайда келгенмін? Мында не жиын болып жатыр.
Әліппемен қоштасу. Қоштасыңдар! Қоштасыңдар! Қой мен
кетейін,Чао!(кетіп бара жатып бір баланың шарына ұмтылады.)Тиіспе
менің шарыма. Мұнда не жазылған? -Мұнда әріп жазылған.
-Әріп, қайдағы әріп. Мынау біздің тырманың суреті ғой.Ал мынау есік
емес пе? Бұлардың бәрін мен әліппе оқымай ақ білемін.
Мұғалім:-Ол не дегенің Білмеспек. Бұлар Т, П әріптері ғой. Әрбір әріп
бір нәрсеге ұқсайды. Енді сен бізбен бірге әріп жұмбақ шешуге
тырысып көр.
-Қане, мұқият тыңдайық! Жұмбақ шешуінен бір сөз шығуы керек.
Әжеде бар, атада жоқ, Махаббат
Әтеште бар, көжекте жоқ.(Ә)
Түсі сары сүйкімді , Әліби
Дәмі қышқыл бір-түрлі.
Ащы дей де алмайсын,
Шекерсіз жей алмайсың. (Л)
Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой. Әділхан
Оның атың біз жазған,
Қайсы әріптен басталған. (І)
Ата-анаңиен барып сен,
Пілді көрдің парктен А.Нурдаулет
Осы атауға зер салшы,
Басталған қай әріптен.(П)
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды. Ш.Нурдаулет.
Болса дағы сақалы,
Секендеуді қоймайды?
(Білмеспек бірнеше рет ұмтылып,әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін
қасиды.)
Мұғалім:- Міне , Білмеспек көрдің бе ? Балалар әріпті қалай жақсы
біледі .
Білмеспек: -Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: -Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үстінді тазалап, жөнге
сал.Әліппені таза ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмеспек:- Жарайды. (шығып кетеді).
Мұғалім: - Ал, балалар, іші толы әріпке білімдегі жарық не екен?
Бәрі: Болашаққа жол бастар ,
Ол - сүйікті әліппе !
Мұғалім:- Ендеше аса құрметті әліппемізді ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыздар жас достар,
Армысыздар қонақтар, Мадина
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаға.
(Балалар әліппеге арналған өлең жолдарын оқиды.)
Мынау менің әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей,
Ақылшы жақын досымдай, Әліби
Қымбатты маған кісімдей.
Бар кітапқа дос болған
әліппе ғылым атасы, А.Нурдаулет.
Әліппеден басталған ,
Даналықтың данасы.
Мама папа атын сен,
Бірге үйреттін әліппе. Ш.Нурдаулет.
Бәрін нағыз жақсысың,
Сенен білдік әліппе!
Ұлы отан есімін, Махаббат.
Сеннен білдік, Әліппе!
Бағаландар жемісін,
Әліппені дәріпте!
Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым. Әділхан.
Көк байрақта қазақтың,
Ұрпағымын, сәнімін.
Ән шашу Бала тілегі. Сөзі: С.Молдасанұлынікі.
Әні: Ф.Жолдасова.
Орындайтындар: Мұхтар Әліби. Аман Нұрдаулет.
Әліппе:-Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын:
-Дыбыс деген не? (-Дыбысты біз естиміз, айтамыз)
-Әріп деген не?(-Әріпті біз көреміз , оқимыз , жазамыз)
-Дыбыстар нешеге бөлінеді ? (-Дыбыстар екіге бөлінеді дауысты,
дауыссыз)
-Қандай сөздер бас әрппен жазылады? (-Адам аттары, жер су аттары)
-Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
-Буын не арқылы жасалды? (Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.)
Алфавит сыры:
Алфавиттін а тұрады басында,
Әрқашанда ә тұрады қасында .
Байқадың ба б тұрады үшінші ,
Ал осының сыры неде түсінші, О.Абдуәлім.
А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер ғой салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі,
Алшақ кетпей сондықтан да расында ,
Тұрады ол алфавиттің басында .
Келесі тамашалайтындарыңыз : «Вальс» Альбина ,Махаббат,
Нұрдаулет,Әліби
Әріптер әлеміне саяхат.
Б,Ы,Д,Щ,Н,Ұ,Г,Ғ,І,М.
«Б» -Бақа бақа, бақ-бақ,
Таңдайлары тақ-тақ.
Бәрі бірдей тақпақ , Альбина
Жатқандай-ақ жаттап.
«Ы»- Кесе,шыны, пияла , Алишер
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз.
«Д» -Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсын домалап,
Үстел үстін бүлдідің, Ш.Нұрдаулет.
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттін деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
«Н»Ас біткеннің анасы -
Қасиетті нан осы. Махаббат.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы?
«Щ» Щетка,щетка шеткалар ,
Неше түрлі щетка бар. Алишер
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.
«Ұ» -Мен ұлумын,
Мінсіз сұлумын.
Жанға тимеймін, Әділхан.
Жамандықты сүймеймін.
Құм аралап жүремін,
Көңілді өмір сүремін.
«Г» Гүл өсірем үйде ,
Су құямын күнде.
Гүл күткенді біледі, Әліби.
Бойын сылап күледі,
Күнде гүлін ашады,
Жұпарын маған шашады.
«І» -Босағадан табылған,
Кейде перде жамылған. А. Нұрдаулет.
Бұйымның бес әрпі не,
Киімге арнайы қағылған.
Ән «Мысық»
Үстінде үйдің тұр еді мысық,
Қасына келді бір торғай ұшып.
Бас салмақ болып ыршыды мысық,
Жөнелді торғай пыр етіп ұшып,
Биіктен жерге томп ете түсіп,
Мысықтын қалды жамбасы ісіп.
Ән «Әліппе» орындайтын хор
«Кішкене әліппе»
Бұзау м-ны ө ге қосып : мө-дейді,
Бота Б-ны ө ге қосып:бө- дейді.
Құлын е-ні е-ге қосып: Ее дейді.
Ал мен М-ны А-ға қосып: Ма-деймін.
Ма, Ма,-деймін, «Мама» -деймін.
Тақтамен жұмыс: Отан, Астана, бала, Ана, қала.
Хормен: Барлық әріп бағалы,
Айттын әділ бағаны.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды ,қолдайды.
«Әліппе оқулығы»(Оқушылар мәтіндер оқып береді)2 оқушы.
Көрініс: «Әке мен бала»
«Ойнайық та, ойлайық»
Мақал-мәтелдер, жұмбақтарға кезек берелік.
Сыйлап үлкен ағаны ,
Сәлем берген баланы кім.(әдепті)
Кітап, дәптер қаламы,
Кір шалмаған баланы.(ұқыпты)
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы.(үлгілі)
Санамақ айту: Қазақ тілінде.
Бір дегенім-Білім,
Төрт пен беске ілін.
Алыпп жүргін, балам, А.Нұрдаулет.
Мұғалімнің тілін.
Екі дегенім- еңбек,
Еңбекпен іс өңбек. Әліби.
Жалқау болсан балам,
Бар қиындық төнбек.
Үш дегенім- Үміт,
Жайдары жүр күліп. Ш.Нұрдаулет.
Сотқар болсан балам,
Атанасын бұзық.
Төрт дегенім –Түлік,
Жүргін мұны біліп, Махаббат.
Жылқы , сиыр, түйе қой-
Төрт түлігін біліп қой.
Бес дегенім - Берік,
Жақсылық болсын серік,
Жалқау досқа балам, Алишер.
Кете көрме еріп.
Алты дегенім -Ақыл,
Бол ақылды, батыр. Әділхан.
Атаң не айтса балам,
Құп алғаның мақұл.
Жеті дегенім-Жеңіс,
Жемісіңді жегіз. Абдуәлім.
Спортпенен жеңіс,
Әрқашанда егіз.
Сегіз дегенім-Сенім, Альбина.
Сенсін соған елін
Соны да ойла сенім,
Ақталмайды тегін.
Тоғыз дегенім –тоқтам,
Қызулы бол шоқтан. А.Нұрдаулет.
Сақ болғайсын балам,
Тілсіз жауын - оттан.
Он дегенім-Отан,
Үздік оқы, ботам. Әліби.
Есейгенде ертең,
Сыйлап жүрер ортаң.
Ән «Рақмет саған Әліппе!»
Әліппе: - Балалар сендер мені жақсы оқыпсыңдар.Енді сендер ана тілін
оқисыңдар.
Мен ризамын! Сау болыңдар!
(Ана тілі келеді.) Зайра
-Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарын
боламын.
Мені жақсы оқыңдар, күтіп ұстаңдар.
Қаның, жаның, -тілінде,
Арың, нәрің тілінде,
Ұмтыл оны білуге,
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың біліиге.
Ана –тілің –ертегің,
Ана-тілің өркенің ,
Ана –тілің -ертенің
Қадірле ана тіліңді-
Жүрегіңнің бөлшегін.
Ана тілін ақтаңдар,
Ана тілің сақтаңдар!
Ана тілмен безеніп,
Ата берсін ақ таңдар.
Хормен: Оқимыз, үйренеміз, білімді боламыз!
Тілдерді үйреніп,сауатты боламыз!
-біз өз ұлтымызбен,-тілімізбен,-тәуелсіздігімізбен, халқымызбен,-
Елбасымыз Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызбен мақтанамыз!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Келесі бөлімде құттықтулар: Мектеп директоры: Қ.А.Асанова.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: М.Х.Алдашева
Ата-аналар.