Сценарий "Тұсау кесу"

Тұсау кесу.
Қазақтың ту байлар жері, қазақ жерінде, киелі Аманеглді елінде , төрт
күл дүниеде, киелі шақар Құмкешу жерінде –
Малдың ішінде адалы қой,
Ақылдың кемесі ой,
Несібенің биігі той,
Бүгінгі тұсау кесер тойы құтты болсын!
Уа, ағайын жатер адам іздегер мұратына,
Ол мұрагер иесі ғой ұл деген .
Жас сәбидің тұсау кесер тойымен,
Қуанышын бөлічіңіз бізбенен.
Тұсау ккскр тойы қазақтың ең қасиетті тойларының бірі. Баланың тұсауын
көктей көгерсін деп кқк шөппен, дәулетті болсын деп малдың тоқ шегімен,
ешкімнің ала жібін аттамасын , адал болсын деген ниетпен ала жіппен
кескен .
Балалы үй базар дегенді ,
Бақытың бала сеніңде,
Бақытың бала меніңде,
Бақытың бала оның да.
Қуаныш сыйлап көңілге,
Ән болып үні тараған.
Базарлы мына өмірге ,
Бей күнә көзбен қараған,
Періштемізді өзінде
Қарсы алайық ағайын. /баланың күлкісі/
Сезінсін сәби жүрекпен,
Аймалап құшқан ай күнің.
Перзентпін деген тілекпен,
Болсын бізде той бүгін. /музыка/
Атам қазақ тұсауды кім болса соған кестірмеген, жүйрік болсын деп
жүйрікке,
Шебер болсын деп шеберге, өнерлі болсын деп өнерлігі, өсіп өнген жанға
кестірген. Боранбай ағамен Дария тәтенің жанұясы немересі Санжардың
тұсау кесуін маған тапсырды.
Биссимиллә деп ала таудан әкелген,
Ала қойдың жүнінен,
Қаратаудан әкелген ,
Қара қойдың жүнінен,
Ала жіпті есейін,
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Айналайын ақ балам,
Ала жіпті аттама.
Тәй- тәй басып тұрып кет,
Қаз- қаз басып, жүріп кет.
Тұсау кестім құлама,
Құлай қалсаң жылама,
Құлдыраңдап жүгірде,
Ешқашанда сүрінбе,
Желдей ұшып, ердей бол.
Құрық салып құр атқа,
Тезірек жет мұратқа,
Тау қарындай таза бол,
Суық болма бірақта.
Тәй- тәй балам, тәй балам.