Конспект урока "Салауатты отбасында дені сау бала" 1 класс

2015-2016 оқу жылы 12.02.16
Новоселов орта мектебі КММ
Сынып сағаты
1- сыныпта
Дайындаған: Ескендирова Г.Г.
Тақырыбы: «Салауатты отбасында дені сау бала»
Мақсаты: 1. Оқушыларға ең бірінші байлық денсаулық екенін, өз
денсаулығына, отбасы денсаулығына көңіл бөлуге үйрету және отбасылық
салт-дәстүрді сақтау еліміздің негізі екенін ұғындыру.
2. Сын тұрғысынан ойлауын дамытып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сынып сағатының барысы:
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, адамдардың бір-бірімен
«СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ?» деп амандасуы - аман - саусыз ба, есенсіз бе деген
мағынаны білдіреді. Ендеше адамның денсаулығы өмірдегі ең бірінші
байлық екен.
-Балалар, дені сау дегенді қалай түсінесіңдер? (ауырмау)
-Ал ауырғанда біз өзімізді қалай сезінеміз? (нашар, бас ауырады, тамақ
ауырады,жөтелеміз, ештеңе істей алмаймыз, төсекте жатамыз, дәрі ішеміз)
-Ия, ауырған жақсы емес. Ешкім де ауырғанды ұнатпайды. Ал ауырмау үшін
біз салауатты өмір сүруіміз керек.
- Салауатты өмір сүру - деген не, соған тоқталайық.
- Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз күнделікті өмірде жеке бас
гигиенасын сақтау, дұрыс отырып тұру, дұрыс тамақтану, яғни күн тәртібін
сақтау дегенді білдіреді.
- Балалар, салауатты өмір сүру үшін спортпен шұғылданудың маңызы
өте зор. Сендер қандай спорт түрлерін ұнатасыңдар , отбасында кім
қандай спорт түрімен шұғылданады? (балалар жауабын тыңдаймыз)
- Балалар, «отбасы» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Ой шақыру: Қазір мына бір-бір қағазға өз ойларыңды жазасыңдар.
(топтастыру)
Отбасы
(балалар жауабын тыңдаймыз)
- Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
- Балалар, маған айтыңдаршы отбасындағы адамның денсаулығы
дегенді қалай түсінесіңдер, яғни қандай отбасын салауатты, дені сау
деп айтуға болады? (балалардың жауабын тыңдау)
- Дені сау отбасы мүшелері бір-бірімен тату-тәтті, бірлікте өмір сүреді,
бір-біріне көмектеседі, спортпен шұғылданады, дұрыс тамақтанады,
бәрі жеткілікті.
Балалармен шығармашылық жұмыс - топтық жұмыс.
1-топ. «Менің бір күнім» күн тәртібінің суреттері салынған конвертпен
жұмыс, яғни суреттегі жағдайды әңгімелеп, рет-ретімен тізбектеп,
тақтаға қойып шығуы керек.
2-топ. «Дастарқан» пайдалы және зиянды тағамдардың суреттерімен
жұмыс, яғни пайдалы дәрумендері бар тағамдар туралы әңгімелеп
беруі керек.
Қорытынды. - Балалар , бүгінгі сынып сағатынан денсаулық туралы
маңызды кеңестер алдық деп ойлаймын.
Таңертеңгілік Тіс Күн тәртібін
жаттығу тазалау сақтау
ДЕНСАУЛЫҚ
Дені сау Дәруменге бай Спортпен шұғылдану
отбасы ас ішу еңбек ету
Рефлексия: Балалар шеңбер құрып, бір-біріне жақсылық, денсаулық тілейді.