Сценарий "Мерекеңмен, анашым!"


Мерекеңмен, анашым!
Іжүргізуші:-Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің
ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға,
әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен
қымбатты аналар. 8-наурыз мейрамы құтты болсын.
ІІ жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың
сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыздар бүгінгі
көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз
құтты болсын! «Аналар асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды сіздердің
құрметтеріңізге арнаймыз.
Іжүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
ІІжүргізуші: Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді.
1 бала
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
2 бала :
-Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы
хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
3 бала:
-Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік
жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық
қиындық атаулыға төзімді.
4 бала:
-Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн
мерекеміз құтты болсын.
5 бала:
-Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
6 бала:
-Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен,
мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол
сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз,
демалыс кешіміз
Барлығы: сіздерге арналады.
Рамазанның орындауында: «Мама» әні
І жүргізуші:
Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал
тобымыздың қыздары қайда?
ІІжүргізуші:
Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?
(балалар жауабы: дүкенге барады, шаштарын жөндейді)
Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
1 бала:
Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Таңшолпан»
тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, сән салонына
кетті.
Сән салоны
2 бала:
Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Таңшолпан»
тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана
таксимен Бақыршық орта мектебіне мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды Көктем алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.
Көктем:
Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар. Сіздердің
қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларды жолдан өткізіп едім, олар
мені мерекеге шақырды. Мені бәрін танитын шығарсыңдар. Мен кіммін?
Іжүргізуші:
Ой ,Көктем, саған көп-көп рахмет. Біз қыздарымызды тосып отыр едік. Сен
біздің мерекеде бірге бол.
Рахымберді Аида:
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аяулы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.
Мейірі анам күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен өмірдің бұлбұлы,
Гүлің менмін ашылған.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Бекмұратұлы Нұржан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Мұратұлы Дәуренбек: Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Ахмедьярова Айгерім: Аялаған анамыз
Саялаған санамыз
Шынары боп өсеміз
Ана біздің гүліміз
Ұзақ өмір өмір сүріңіз
Ануарбеков Мақсат: Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді
Төлеуғазина Әдия: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бұл әлемде тыныштық.
ІІжүргізуші: Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен
тағдыр.«Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Іжүргізуші: Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының
амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүниежүзінің
ойшыл жандары 8-Наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Ол күн жыл
сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.
Билесе біздің қыздар таң қаламыз,
Көре-көре бәріміз шаттанамыз.
Биші қыздарды өмірге әкелген, аналарға,
Мың алғысты біз бүгін айта аламыз...
дей отырып, кезекті «Шығыс биіне» береміз.
ІІ жүргізуші: Көрініс: Үш ана
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық. Үстел астында қуыршақ
жатады.
Қатысушылар: жүргізуші, қыз, ана, әже
Жүргізуші:
Ойынна келген Мәдина,
Қуыршағын іздеді.
Үстелдің астынан тапты да
Хал сұрады көздеді
Мәдина:
Қызым менің қалайсың?
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отыр ма?
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесің
Қу сүйек боп қаласың
Отыр қане қасыма
Тамақтанып аласың
(қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші:
Мадинаны осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат таппай қызының
Халын сұрап біледі
Анасы:
Мәдинажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағынды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін
(Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан
Аптығып әжесі кіреді
Ол өз қызының
Халін сұрап біледі
Әжесі:
Айналайын алтыным
Шаршадың ба жарқыным
Ішпедің ау тамақты
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткімен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың
(Қызының қасына отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әр қайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Бәрі:
Қандай қиын қараңдаршы.
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білесіңдер ме ана болу
Іжүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй...
Деп, Абай атамыз жырлағандай, кезекті Дәуренбектің орындауындағы «Ана
туралы жыр» әніне береміз.
Ойын: Кім жылдам? (мұғалім ұйымдастырады). Екі ана шығып балары әзірлеген
дастархан басына келеді. 1 минутта бір картоп аршып, оны жеп үлгеру керек.
ІІжүргізуші: Ендігі кезекте сегіз қырлы ұлдарымыздың әзілдерін
тамашалаңыздар!
Іжүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін,- дей отырып қыздар мен ұлдардың сіздерге
арнап жазған шығармаларына кезек берсек
Валиулин Аян: Рахмет, Анашым!
Мен барша Қазақстан әйелдерін: әжелерді, апаларды, әпкелер мен ақ жеңгелерді,
ұстаздарды және қарындастарымды осы мерекемен құттықтай отырып, оларға зор
денсаулық, ұзақ ғұмыр, асыл арман, зор бақыт тілеймін!Әрбір адамның жарық
дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған,
жанын да аямаған ардақтысы
«Ана-жүрек, жүректі құдіретте,
Ана-тірек, тіректі құрметте.
Ана шыңын, шыңыңа сағынып жет
Ана-күнің, күніңе табынып өт».
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік
үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады,
көңілімізді сергітеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана
болу- бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерең еңбек. «Ананың
алдында асқар тау да аласа». Ана өмірдің қайнар бастауы. Ана-ақылды тәлімгер.
Ана-бала бақытының бағбаны. Ана өз басын, өз саулығын ұмытып, өзгелердің
қамын жеуді бәрімізге үйретеді. «Ана болған дана болады». Аналық парызын
адал ақтаудың біздің үлкен әжелеріміз, туған аналарымыз әсем үлгісін танытып
келеді. Қазірде кемеңгер көңіл, пейілді аналар қаншама?! Мен өз анамды айтып
жазғым келеді. Анам ақылды, тамақты жақсы істейді. Сонымен қатар кішіпейіл,
өте таза, өзі әдемі. Маған өмір сыйлаған анамды мен құрметтеймін, әрдайым оны
сыйлап өтемін.
Масалимов Ердос: Ана
Дүниедегі ең тамаша сөз-ана. Бұл сөз әрбір адамның алғашқы сөзі. Ол
басқа тілдерде де нәзік құлаққа жағымды айтылады. Аналардың қолы дүниедегі
мейірімді жұмсақ қол. Ол қолдар бәрін істей алады. Ананың жүрегі ең сенімді,
ең мейірбан жүрек. Ол жүректен балаға деген махаббат ешқашан
сөнбейді. Өйткені ол ештеңеден шет қалмайды. Сен беске келесің бе, әлде елуге
келесің бе бәрібір саған ананың көз қарасы, махаббаты саған
қажет. Сенің анаға деген махаббатың қаншалықты көп болса, сенің
өмірің соншалықты қуанышты, жарық, мейірімді болады. Егер сен
көзіңді жұмып тыңдасаң анаңның дауысын естисің. Ол сенің жүрегіңде таныс,
жақын және ол сенің жүрегіңде мәңгі сақталады. Сен оны басқа ешқандай
дауыспен шатастыра алмайсың. Сен үлкен болып өссең де анаңнаң дауысын,
көзін, қолын ешқашан ұмыта алмайсың. Әр адам өз анасын құрметтеуі қажет. Ол
өйткені бізді жарық дүниеге әкелді, мәпеледі, өсірді. Анаңды Меккеге жүз рет
арқалап барсаң да қарызыңды өтей алмайсың - дегендей біз оған қарыздармыз.
Ана қамқоршы, батыр, барлық адамға сыйлы жан. Әр адам қуанғанда
да, жылағанда да ана деген сөзді айтады. Ананың балаға жақын екенін
содан білуге болады. Мен анамның сөздерін тыңдап, оны ренжітпеуге
тырысамын. Біз аналарымызды жақсы көреміз. Мен анама мың алғыс айтамын.
Рахмет, Анашым!
Төлеуғазина Әдия: Рахмет, анашым!
Ана-біздің өміріміздегі ең асыл адам. Бізді мәпелеп өсіретін, біз үшін жанын пида
ететін жан. Ана біз үшін түн ұйқысын төрт бөлетін адам. Біз қуансақ қуанатын,
біз мұңайсақ мұңаятын асыл аналарымыз. Әр ана өз баласын әр түрлі жақсы
көреді, әр түрлі еркелетеді. Ана жүрегі ерекше мейірімді, өйткені олар біз
үшін барлығын істейді. Бізді өсіріп, өндіру, оқыту үшін олар қара жұмыстарға да
барады. Олар жан-жағындағы адамдарға шуақ шашып, мейірімділігін төгеді. Біз
қандай болып өсеміз, деп олар күнде ойлайды. Бірақ, біз не істесек те, қандай
болып өссек те олар бізді жақсы көреді. Әр
ананың өмірінің