Классный час "C-З дыбыстарын ажырату" 1 класс


Сынып: 1
Өтілген уақыты:
Сабақтың тақырыбы: С-З дыбыстарын ажырату.
Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік: С және З дыбыстарының айтылуы мен артикуляциясын
салыстыру және нақтылау, с,з дыбыстары бар сөздерге фонематикалық
анализ және синтез жасау дағдысын дамыту.
ә) Дамыта-түзетушілік: Сөз қорын молайту, оны жүйелендіру, сөйлеу тілдің
грамматикалық қатарын қалыптастыру. Артикуляциялық және ұсақ
моторикасын жетілдіру, естіп-ажыратуын дамыту, айтып ажыратуын бекіту.
Дауысы мен дұрыс тыныс алуын жетілідіру.
б) Тәрбиелік: Бір-бірінің жауабын мұқият тыңдап, кезектілікпен сөйлеуге,
қойылған сұрақтарға толық жауап беруге баулу.
Көрнекіліктер: Дыбыстардың артикуляциялық кескіндері, буындар,
сөздер, сөйлемдер, сөз тіркестер жазылған карточкалар, суреттер, бұршақ.
Сөздік жұмыс: Пайдалы қазбалар, мыс, сексеуіл.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдерме! Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір күз мезгілінің қай айы?
Қыркүйектің нешесі? Бүгін аптаның қай күні? Қазір қай сабақ болады? Бүгін
кім кезекші?
II. Артикуляциялық жаттығулар
1) «Күрекше», орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды ашамыз, жалпақ тілді
астыңғы ерінге қоямыз. Осы қалпында тілімізді қозғалтпай 1-5 дейін
немесе 1-10 дейін ұстап тұрамыз. Жаттығуды орындау кезінде қадағалау
қажет: ерінді тым кең созбау, тілді тым көп алдыға шығармау. Тіл тек қана
астыңғы ерінді жауып тұру керек. Тілдің екі бүйірі ауыздың екі шетіне
тиіп тұру керек.
2) «Тыңдамайтын тілді жазалау», орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды кең
ашып, жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, астыңғы ерінге
қойыпүстіңгі ерінмен қысып тұрамыз да, мынадай дыбыс шығарамыз-пя-
пя-пя, 5-ке дейін немесе 10-ға дейін санап айту.
3) «Ашуланған мысық», орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды ашамыз, тілдің
ұшын алдыңғы төменгі тістерге (қатты) тірейміз. 1 деп санап тілді төбешік
қылып бүгеміз, 2 деп санап тілід бастапқы қалпына қоямыз: аузымызды
ашып, тілідң ұшы алдыңғы төменгі тістерге тірелген.
4) «Түтікше», орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілді
ауыз қуысынан шығарып, бүйірлерін түтікшеге ұқсатып тұрып үрлеу.
5) «Әткеншек», орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды ашып тұрып тілді
жіңішкертіп ұстап жоғары көтеріп мұрынға созу, тілді жалпақ қылып
төмен түсіріп иекке созу. 1 дегенде-жоғары мұрынға созу, 2 дегенде-төмен
иекке созу. 1-2, 1-2 қайталау.
III. Жаңа сабақпен таныстыру
Жұмбақтарды шеш:
Заузадан көре аласың,
Білезікті қарайық, Заңғардан таба аласың.
Ұқсайды оған қай әріп? (С) Байқамасаң анықтап,
Үш екен деп қаласың. (З)
IV. Профилмен жұмыс
С дыбысын айтқанда тістер бір-біріне жақын орналасады. Ерін күлкі
тәрізді созылған. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі. Арқасы көтерілген.
Дауыс жоқ.
З дыбысын айтқанда тістер бір-біріне жақын орналасады. Ерін күлкі
тәрізді созылған. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі. Арқасы көтерілген.
Дауыс бар.
С немесе З дыбыстарын буындарда дұрыс оқы. Дұрыс тыныс ал.
СА СО СУ СЕ СИ ЗА ЗО ЗУ ЗЕ ЗИ
АС ОС УС ЕС ИС АЗ ОЗ УЗ ЕЗ ИЗ
АСА АСО АСУ АСИ АЗА АЗО АЗУ АЗЕ АЗИ
Кестені толықтырыңдар
С сөз басында
З сөз басында
З сөз ортасында
С сөз ортасында
Нүкте орнына керекті с-з дыбыстарын қойып оқы. С және З
дыбыстарын ажыратып дұрыс айт. Қысқа сөйлемді бір тыныста айт.
Сөйлемді талдап болған соң дәптерлеріңе көшіріңдер.
Қазақстан
Қа_ақ _тан-біздің туған жерімі _. Қа _ақ _танда пайдалы қа _балар көп.
Пайдалы қа _баларды өңдейтін _ауыттар бар. Қа _ақ _танда алтын, күмі _,
мы _, қорға _ын тағы ба _қа да пайдалы қа _балар көп. А _тана-Қа _ақ _тан а
_тана _ы. Ол ә _ем қала. _әулім, үлкен _әулетті ә _ем _арайлар _алынуда.
V. Сергіту сәті
Күн шайдай ашық (екі қолды жоғары көтеріп, бір-біріне қарап күлу)
Жел соға бастады (екі қолды алға қарай сермеу)
Жаңбыр тамшылай бастады (саусақтарды бір-біріне үйкеу арқылы дыбыс
шығару)
Жаңбыр қатты жауа бастады (сандарын соғу)
Жаңбыр тамшылай бастады (саусақтарды бір-біріне үйкеу арқылы дыбыс
шығару)
Күн шайдай ашық (екі қолды жоғары көтеріп, бір-біріне қарап күлу)
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап оқыңдар. С және
З дыбыстарын ажыратып, дұрыс оқыңдар. Қысқа сөйлемдерді бір
тыныста оқыңдар.
Сәрсенді, күні тазалық.
Сәрсенбі, оқушы, барлық, күні, сыныпты, кіріседі, тазалауға.
Сыныптың, тап-таза, есік-терезелерін, етіп, сүртеді.
VI. Ұсақ моториканы дамыту
Жүгеріні қолдана отырып дыбыстардың әріптік таңбасын жазу.
VII. Сабақты қорытындылау.