Презентация "Сын есім" 4 класс


Подписи к слайдам:
Слайд 1

  • «Сын есім»
  • Шермаганбетова Г.Н
  • Қызылорда облысы
  • Жаңақорған ауданы
  • № 110 мектеп-лицей

  • Асыр салып ойнадық,
  • Тамашалап тойладық.
  • Балақайлар енді тез,
  • Кітап оқыр келді кез.
  • Бір,екі,үш
  • Бойға жинап күш!
  • Жалқаулықты тастаймыз,
  • Сабақты біз бастаймыз!
  • Асыр салып ойнадық,
  • Тамашалап тойладық.
  • Балақайлар енді тез,
  • Кітап оқыр келді кез.
  • Бір,екі,үш
  • Бойға жинап күш!
  • Жалқаулықты тастаймыз,
  • Сабақты біз бастаймыз!

  • Ой қозғау
  • “Сиқырлы сандық” ойыны

Есіңе сақта!

  • Есіңе сақта!
  • Заттың түрін, түсін,дәмін, сапасын, көлемін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
  • Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады.

  • 1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сын есімдерді тауып, сұрақ қой.
  • 1.Қайсар қиын есепті тез шығарды.2.Демалыс күні паркте қызықты ойындар ұйымдастырылды. 3. Алыстан биік үйлер көрінді. 4.Аңшылар қалың тоғайды аралады. 5.Кешке қарай самал жел соқты.

  • 2-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын есімдерді тауып жаз.
  • ......домбыра, .....ат, .......көл, ......қала, ......қарындаш, ......жол, .......өрік.
  • Өзің таңдаған үш сөзге сөйлем құрастырып жаз.

  • Біз жаздық, біз жаздық,
  • Қолымыз шаршады.
  • Ақырын демалып,
  • Қайтадан жазамыз!

  • 3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
  • Тау суреті

  • 4-жаттығу. Мәтінді оқы.Сын есімдерді өзімен байланысты зат есімдермен қоса теріп жаз.
  • Күріш суды көп қажет етеді. Күріш дәні қатты қауызбен қапталған.Оны қауыздан тазартса, ақ күріш алынады. Одан дәмді палау пісіруге болады.
  • Күріштің сабаны да пайдалы.Сабаннан жұқа, әрі мықты қағаз жасайды. Сондай-ақ сапалы картон жасауға пайдаланады. Әдемі сөмке де тоқылады.

  • Үйге тапсырма
  • 5- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қой.

  • Сабақ аяқталды