Краткосрочный план "Шынықсаң шымыр боласың" 1 класс

Қысқа мерзімді жоспар
Пән: сауат ашу
Сынып: 1А
Мектеп: №57 ЖОМ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Комарова Феруза
Захиржановна
Сабақтың тақырыбы:Шынықсаң шымыр
боласың.
Заттың сынын білдіретін сөздер.
Қатысқандар:
Қатыспағандар
саны:
Ұзақ мерзімдегі оқу
мақсаты
1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату
және орынды қолдану.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі
сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.
1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын
және соңын анықтау.
1.1.8.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату
және орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: Заттың атын, санын, сынын,
қимылын білдіретін сөздерді ажырата алады.
Көпшілігі орындай алады: Мәтін ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді
табады, сұрақ қояды.
Кейбірі орындай алады: Заттың сынын білдіретін сөздерге өз бетінше
сөздер ойлап табады. Сюжетті суреттерді бойынша әңгіме
құрастырып айтады.
Бағалау
критерийлері
- Мәтіннің бастапқы бөлігіне сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастырады;
- Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
-Заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата алады
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:Мәтіндермен сөйлемдерді дұрыс оқиды,
заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата алады..
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Заттын сынын білдіретін
сөздер.Заттың атын білдіретін сөздер. Заттың қимылын
білдіретін сөздер.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі
Мәтіннің не туралы екенін айтады. Өз көзқарасын түсіндіреді. Заттың
сынын білдіретін сөздерді қолданады. Сөйлемдерді сауатты, көркем
жазады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
3. Сөйлемнің соңынан не қойылады?
4. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
5. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
6. Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөздер айт.
Құндылықтарды
дарыту
Оқушыларды ынтымақтастыққа,шапшандыққа тәрбиелеу.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Білімді,
көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу –біздің қанымызда бар қасиет»
деп білімді ұрпақ тәрбиелеуді атап өткен.