Внеклассное мероприятие "Тілім менің - тірлігімнің тірегі"

«Тілім менің –тірлігімнің тірегі»
Мақсаты: Ана тілін қадірлейтін, мемлекеттік тілде таза сөйлейтін Отанын, жерін, салт-
дәстүрін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу. Өлең, тақпақ, мақал-мәтел, дана сөдер
арқылы тілдерін дамыту.Тәрбиеленушілердің мемлекеттіктілге деген қызығушылықтарын
арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы
қалыптастыру.
Міндеттері:қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан
жерінде тұратын халықтардың салт – дәстүрлері туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны
ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: акт залын безендіруге арналған заттар, ұлттық киімдер;
Тәрбие сағатының барысы:
1. -жүргізуші:
Ана тілім таусылмайтын жыр әнім,
Ана тілі қасиетті тұмарым.
Сондықтан да ана тілім мен сені,
Әрқашанда биік ұстап тұрамын.
Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп,
бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз.
Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні!
2. -жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного
Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все
потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День
языков.
«Ән ұран».
1. -жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 - сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі.
Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы.
2. -жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея:
каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это
бесценный вклад в мировую цивилизацию.
Жаттау:
1. Туған тілім –бабам тілі –өз тілім,
Туған тілім –анам тілі –өз тілім.
Туған тілім –адам тілі –өз тілім,
Туған тілім –далам тілі –өз тілім.
2. Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
3.Ана тілім-болашағым, ертеңім,
Ана тілім-сайын далам, жер көгім.
Ана тілім-арман, ойым, өрнегім,
Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем!
4. Денсаулық – зор байлық
Здоровье – дороже денег.
Good health is above wealth.
5.Білімі саяздың адымы тар.
Незнание приносит вред.
Little knowledge is dangerous thing.
«Ойын»
1. -жүргізуші: Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін
сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер
оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан
облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек
теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында
корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11
тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.
2.-жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством
оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных
национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных
школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое,
корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо
Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а
в Южно - Казахстанской области – узбекского телевидения.В национальных программах,
в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском,
турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен,
своеобразен.
Би: қазақша
«Ойын»
2. -жүргізуші: Язык – это окно в мир. Чем лучше владеешь ты языком, тем больше прав у
тебя называться человеком. Давайте мы вместе вспомним как поздороваются на «своем
родном» языке,
Украинцы - Здоровеньки булы;
А как англичане – гуд монин;
Немцы - гутентаг;
Болгары – доберден;
Французы – бонжур;
Испанцы - буэносдиас;
Румыны – буна зиуа;
Таппақ:
Старшая группа
1. Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали...
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
2. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
Having friends is better than having money.
1. жүргізуші. Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең
алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани
күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз
мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Ана тілім - ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жаттаулар:
1.Өсірген ой –білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақтан етем әр сөздің
Мәнің терең білуге.
2. Наш Казахстан-наш край родной
Живем мы здесь большой семьей
Здесь есть родные и друзья,
Учителя-дают нам знанья!
3. Еңбексіз өнбек жоқ.
Без труда нет плода.
No pains, no gains.
4. Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Не все то золото что блестит.
All is not gold that shines.
2 -жүргізуші: Итак, мы сегодня убедились: язык – это оружие дружбы и с тех пор как
стоит мир, лучшего орудия ее никто не придумал.
1.Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
2.Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
1 -жүргізуші:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
2 -жүргізуші: Спасибо всем. До новых встреч!
1 -жүргізуші: Осымен тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар салып
тыңдағандарыңызға рахмет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Бала мен балабақша №10, 2014 -35 бет, Артықова А.
2. Бала мен балабақша №7, 2014 -32 бет, Байтугелова Г.
3. Бала мен балабақша №8, 2014 -27 бет, Сарсенбаева З.
4. Интернент
«№ 26 мектеп балабақша» КММ
«Тілім менің –тірлігімнің тірегі»
Тәрбиелік іс-шараның жоспары
Сценарий воспитательного мероприятия
Орындаған: Арыкова Галия Туяковна
Қазақ тілі пәні мұғалімі
Петропавл қ., 2019 жыл