Конспект занятия "Жолың болсын балдырған"

Тақырыбы: Жолың болсын балдырған
Талай қызық той өткыздык,
бірақ орны ерекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Құрметті қонақтар, ата-аналар балалардың даярлық топпен қоштасу
ертеңгіліне қош келдіңіздер.
Түлектерді қарсы алыңыздар.
Кіпкішкентай болсада
Елді аузына қаратар
Сүйкімді қыз Гүлден
Көркі оның көз тартар
Құштар деген бала бар
Бойында бір сала бар
Көпшілікті қуантып
Үлкен үмітті жараттар
Мына біздің Ділбар
Ибалыда өнерлі
Ақылы оның өте көп
Сүйкімді болып жүреді
Білімді ұл
Болар бізге қолқанат
Жақсылықты арқалап
Самғарда бір талант
Инабатты сұлу Еркенұр
Әдемі түзу қыз
Шығармашылық талаппен
Бейнешілдік өнермен
Матеметика аумағында
Үздік екен алғырлық
Ерденге біткен
Талант қабілет ерекше
Ән салғанда шырқап бір
шаршамайды сірә бір
Ақеркеміз өнерлі
Сырың терең ұға біл
Таңбол болса кішкентай
Баяулап ұшқан күйкентай
өнеріне қарасаң
самғап ұшқан сүйкімтай
Өтті қызық көп күндер
жетті жасқа жеттіңдер
барасыңдар мектепке
бір белестен өттіңдер
өсті ақыл ойларың
өсті міне бойларың
қуанышқа ортақпыз
құтты болсын тойларын:
Гүлден; Күндер күндер тартты өрге
жақсылққа көзіңді аш
жаздым жайлап дәптерге
«Ана» деген сөзді алғаш
Құштар: Жеті жасқа толған біздейбаланы
Мектеп ана құшағына алады
Ата-ана қуаныңыз шатанып
Шәкірт болды міне биыл балаңыз
Ділбар; Нағыз білім ырыс –бақ
Дүниені тұр ұстап
Енді біздер сабақа
Кірісеміз дұрыстап
Самғар; Биыл жеті жастамын
қолға кітап жаңа алдым
әріп тани бастадым
жаза да аламын
Еркенұр; Жүрегімде қуаныш
мен бүлдіршін баламын
енді жайнап нұр жүзім
мен оқушы боламын
Ерден; Әріптерді тіземін
өзім жаза білемін
Айтуымен ағаның
жазуымды түзедім
Ақерке; Есепке де ертеке де
уақытымды бөлемін
өзім барып мектепке
өзім үйге келемін
Таңбол; Қуантуға елімді
қуантуға жерімді
Қуантуға жүректі
қуантуға жүректі
мен метепке барамын
«Ата-ананы тыңдаймыз» өленің хормен айтады
Көрініс; Жолбарыс пен қоян. «Мектеп ережесі туралы»
Гүлден; Кітап бетін сызбайтын
Таза етіп ұстайтын.
Құштар; Бар болса егер сурағы
қол көтеріп тұрады.
Ерден; Мұғалімді тыңдайтын
Кітап бетін жыртпайтын
Ділбар; Жүрмейді жүгіріп
тентек бала атанып
Самғар; Парта үстіне шықпайтын
сабақтан қашып зытпайтын
Би; Вальс
Ойын; «суретті алып оны сөзбен емес қимылмен көрсету»
Ділбар; Таудай болса талабым
менде өсіп толамын
ағайымдай әрдайым
оқуда озат боламын
Самғар; Оқимыз білім аламыз
болашақ жолын саламыз
даярлықпен қоштасып
мектепке кетіп барамыз
Ақерке; Жасымыз толды жетіге
ересек біздер баламыз
2-ге қосып 2-ні
Әріпті жаза аламыз
Ерден; Туған тілді мақтаймын
салт-дәстүрді сақтаймын
білім алып ер жетіп
ел сенімін ақтаймын
Гүлден; Елдін атын жазамын
жердің атын жазамын
туған тілге тазамын
мен мектепке барамын
батаңды бер қазағым.
Құштар; Бұл алғашқы қадамым
таудай менің талабым
білім нәрін алуға
Мен мектепке барамын.
Ойын; «Кім нешеге оқиды»
Өлең; «Біріншіге барамын»
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын
Мекреп есігі әрқашанда ашық болсын
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар деген бабам
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып құтықтау сөзді мектеп
директоры; Н. С. Жұмабекқызына береміз.
Осымен « Жолың болсын балдырған» атты ертенгілігіміз аяқталды сау
болыңыздар!