Конспект урока "Машина"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.
Творчество.
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Көліктер»
Тақырыбы/Тема: «Машина»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге
тәрбиелеу. Машинаны күтіп ұстауға, мұқият ойнауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Қылқаламды дұрыс ұстап жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Пішіндерді бояу дағдысын қалыптастыру, дәстүрден
тыс сурет салуға қызығушылығын ояту, суретті барлық параққа орналастыру.
Ырғақты түрде сызықтарды салуға, ластамай жағуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ойыншық жүк
көлігі, қылқалам, бояу.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жүк көлігі –
грузовик , доңғалақ – колесо
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Балаларға ойыншық жүк машинасын көрсетемін.
Жүк көлігін көрсетіп, оның бөлшектерін талдаймыз:
-Балалар, жүк көлігі қандай бөлшектерден тұрады?
-Кабина қандай пішінге ұқсайды?
-Доңғалақтар қандай пішінді?
-Жүк көлігі немен жүреді?
Билингвалдық компонент: жүк көлігі – грузовик , доңғалақ – колесо .
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар біз жүк көлігінің суретін салайық.
Суретті салуды көрсетемін.
Балалар біз жүк көлігін салуды неден бастаймыз?
Сосын жүк салғышын саламыз.
Біздің жүк көлігімізге не жетіспейді?
Ал кабинада не жоқ?
Ал енді менің жүк көлігін қалай салғаныма назар аударыңдар.
Қылқаламды дұрыс ұстау техникасымен таныстырамын.
Қылқаламды оң қолымызға ұстап, бояуға батырамыз. Бояу парақты ластамас
үшін, артық бояуды ыдысқа қалдырамыз. Қылқаламды алып тік сызық
жүргіземіз. Қиғашынан бір сызық саламыз. Төменге бір сызық саламыз және
сызықтарды қосамыз. Кабинамыз дайын болды.
Енді жүк салғышын да осылай жасаймыз.
Ал енді бояймыз. Суретіміз кепкенше бір демалып алайық.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып аламыз.
Балалардың өзіндік жұмысы.
Жүк көлігінің суретін салады.
Жеке жұмыс: Алишерге, Гумарға қылқаламмен сызықтарды салуға көмек
көрсетемін.
Ойын: «Торғайлар мен автомобиль»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету.Бір бала
автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады.
Педагог торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған
кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып
орындықтарына отыра қалады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?
Балалар машинамен ұқыпты ойнау керек, олардың бөлшектерін сындырмау
керек.
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.