Сценарий "Мың өліп, мың тірілген"

«Мың өліпың тірілген» ҚАЗАҚ
І-жүргізуші: Мен- қазақпын, мын өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым, мұн тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып ,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
ІІ-жүргізуші: Мен -Қазақпын биікпін,байтақ елмін!
Қайта тудым өмірге ,қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
(Экранда дыбыссыз бейне таспалар көрсетіліп тұрады)
І-жүргізуші:
Өткен ХХ ғасырдың
ҚАЗАҚ
үшін қанға бөккен қасіретті
ғасыр болғанды. Жіліктер болсақ:
ІІ-жүргізуші:
- көршісі Ресей империясынын; ғасыр басына
дейін-ақ шұрайлы жерлерін тартып ап, шөл мен шөлейтке қaңғыртып
жібергендігі;
І-жүргізуші:
- толық сауаттанбаған қазақты «Бөліп ал да билей
бер !» құйтырқы ұранымен быт-шыт еткендігі;
ІІ-жүргізуші:
- «Бостандық таңы» деген қуанышты хабарға негізделген
Совет өкіметінің Қазақстанда орнығуы жергілікті халықтың тауқыметті
жағдайын ушықтырмаса, жақсартпағандығы;
І-жүргізуші:
- «Колхоз құрамыз» деген желеудің ұжымдастыру
емес, шын мәніндегі қазақты құртуға арналған ұйымдастыру
болғандығы ;
ІІ-жүргізуші:
- атың өшкір аштықтың Мәскеуден шыққан қаулымен
қолдан жасалынып, миллиондаған қазақты қырып салғандығы:
І-жүргізуші:
- ол аз болғандай, қазақтың жүз мыңдаған
маңдайалды марқасқаларына жала жауып, «халық жаулары» атандырып,
аяусыз атып тастағандығы;
ІІ-жүргізуші:
- өзі әлсірегендігіне қарамастан рухының мықтылығын, ат
баба аруағына адал екендігін танытқан жүз мыңдаған қазақтың неміс
басқыншыларына қарсы соғыста оққа ұшқандығы:
І-жүргізуші: - ІІ дүниежүзілік соғыста ғаламат ерліктер көрсетіп
әншүк пен Әлия, Нұркен, Талғат, Бауыржан т.б.), соғыстан кейінгі елді
қалпына келтіру кезеңінде күн демей, түн демей маңдайдайдан моншақ тап
ащы тері сорғалаған қазақтың тағы да құғын сүргінге ұшырағандығы;
ІІ-жүргізуші:
- «Е, құдай! Енді көзім ашылды ма? » деген 1960
жылдардан ең соңғы үмітін Компартия-көкесінің әділетсіздікпен жалп
еткізіп, қазақтың еңсесі көтерілмей қалғандығы; кешегі зұлмат шақтарда
жазықсыз құрбан болған ұлтжандыларының аты- жөнін атауға
қорыққандығы; сөйтіп мүсәпір халге түскендігі;
І-жүргізуші:
Тек 1986 жылғы қазақтың батыл жастары ұйымдастырған
Желтоқсан көтерілісінің қанаты қайырылған халықтың өн бойына
ерекше күш-жігер бітіріп, батылдықтың дәрісін ұсынғандығы; өксікке
булығып жатқан ұлттық рухтын; дүр сілкініп ояна бастағандығы;
ІІ-жүргізуші:
- Жаратушы иенін; құдіретімен киелі ұлт боп дүние
есігін ашса да қасіреттен көз ашпаған қазақтын; 1991 жылы өз бостан-
дығы өз қолына тиген тәуелсіз мемлекет екендігін зор қуанышпен
адамзат алдында жария еткендігі.
І-жүргізуші:
Атынңнан айналайын, тарих, қазақтың жаратылғалы бері
ешкімге бас именгендігін, тек Аллаһ тағаланы ғана мойындайтындығын
паш етті.
ІІ-жүргізуші:
«Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық,
тәуелсіздік мәселесі айрықша маңызға ие. Тәуелсіздігімізді жариялаған
күннен бері өткен уақыт еліміз үшін егемен мемлекет ретінде орнығу,
әлемдегі өз орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел
болу мақсатын жүзеге асыру басты ісіміз», - деген еді Елбасы
Н.Ә.Назарбаев.
І-жүргізуші: Сан ғасыр бұрын бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап өтті.
Ендеше қолымыз жеткен сол егемендікті ешкімге тәуелді етпей, өркениетті
өмірге қадам басуға тиіспіз.
азақстан Республикасының Әнұраны
Орындалады/
Көрініс
Сахналық қойылым «Рух пен ыза дауылы»
Аңсар және BFD топбының орындауындағы ән ойнап тұрады.
Тәуелсіздікке соңғы серпіліс жасап, құрбан болған ,барша
желтоқсан боздақтарына арнаймыз. Ерліктеріңіз ұрпақ жүрегінде
ғасырлар бойы сақталады .
Сахнаға қолдарына
«Әр халыққа өз көсемі!», «Қазақ елінің өз көсемі
керек, «Қазақстан қазақтардікі!» ,Дербестікті талап етеміз!», « БҰҰ-на
мүше болуды талап етеміз» деген ұрандар алып ортаға шығады .
Сол сәтте екікінші жақтан шыққан қолдарында қарулары бар
милиционерлер шығады. Екі топ арасындағы қақтығыста
милиционерлер жастарды сахнадан ығыстырып алып кетеді ал,
сахнада құлап жатқан қыз қалады да ,оның қасында қару жатады (ән
мәтініне сәйкес) бірер секунтардан кейін екі милиционер келіп қызды
сүреп алып кетеді.
Ақтық сөз
Музыка дыбысы азайтылып сахнаға қарулы
милиционерлер Қайратты
алып шығып, күшпен отырғызады.
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
"Еркек тоқты - құрбандық",
Атам десең атыңдар!
Милиционерлер Қайратты алып кетеді.
Әннің даусы қайта қосылып, сахнаның екі жағынан барлық
қатысушылар шығып қолдарынан ұстасып тұрып бастарын иіп
тағзым етеді.
І-жүргізуші:
Желтоқсан - майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан - зары боздағын көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара,
Бүгінгі мен кешенің.
І-жүргізуші:
Намысымның шуағы да - Желтоқсан!
Сұрқай өмір сынағы да Желтоқсан!
Жігіттердің ұраны да Желтоқсан!
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан!.
Ән: "Желтоқсан желі".
І-жүргізуші:
Тамыры жаҺандағы бар қазақтың,
Соғады Отаным деп бір жүректен.
Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым
Не деген қасиетті ең, құдіретті ең?
ІІ-жүргізуші:
Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,
Өркендей түс, аяқталды тозақты күн!
О, Тәңірім, бізді бакқа жолықтыр! ..
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын,
Әр Казақтың жүрегі боп соғып тұр! ..
Ән: «Өз елім»
І-жүргізуші:
Уа,дариға!
Еркіндік пен Егемен!
Қадіріңді түсінбейін неге мен?!
Байтақ елдің ырысына айналып,
Бақыт нұры себелеп тұр төбеден .
ІІ-жүргізуші:
Жаңа ғана қазағымнын таңы атты
Алу мақсат Ел деп алғыс;сауаіпы.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!
Би: «Қара жорға»
І-жүргізуші:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік - жүректерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
ІІ-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, кешегі өткен қайраттар
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.
Ән: «Атамекен».
Қортынды:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.
Айналайын, айналайын,жас қайратым, қыраным,
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған.
Намысыңды жықпай өттің нәубет,дүлей маусымнан.
Жасып қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең,
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ,
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Мұхтар Шаханов. .
Қойлымды Бекболат Тілеухановтың «Елім менің » әнімен аяқталады.
Қарағанды облысы Осакаров ауданы №5 Қарағайлы орта
мектебінде 200 200 оқу жылынан бастап музыка пәнінің мұғалімі
қызметін атқарушы Курбакова Светлана Станиславовнаға сын –
пікір.
Музыка пәнінің мұғалімі Курбакова Светлана Станиславовна
педагогикалық және психологиялық дайындығы жоғары, теориялық
білімін практикамен ұштастыра білетін шебер ұйымдастырушы.Ол
оқушыларға музыкалық білім беруде нақты мақсаттар қоя отырып,
тәрбеи ісінің бағыттарын айқын тиімді ұйымдастырады. №5 Қарағайлы
орта мектебі аралас қазақ, орыс тілдерінде оқытатын мектеп.
Курбакова.С.С. өзінің қызметі барысында екі бөлімгеде де сабақ
береді. Ол қазақ бөліміндегі сабақтарында қазақ тілінде сөйлеуге
тырысады, оқушылармен жақсы тіл табысады .Оның қазақ тіліне
қызығушылығы зор. Ол қарым-қатынас мәдениті жоғары ,өзінің
білімділігін қызметі барысында көрсете отырып жүзеге асыра білетін,
әріптестері арасында өзінің жеке тұлғалық қасиеттерімен үлгі болатын
тәжрибелі маман.Екі бөлім арасында жоспарлы түрде
ұйымдастырылатын барлық шараларға өзі тікелей атсалысып,әрі
кеңесші ,әрі сыншы, әрә музыкант бола біледі.
Сынып жетекшілері мен жас мамандарға тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруында тиімді кеңестер беріп өзінің тәжірибесімен бөлісіп,
өткізілген іс шараларына әділ талдаулар жасап ,бағыт беріп отырады
және әр педогогтың пікірімен санасып оларды тыңдай біледі.
Мектепте өтілетін барық шараларға музыкант ретінде бас көз
болып қана қоймай,әділ қазы, көрермен ретінде қатысып отырады.
Өз басым қазақ бөлімінде тәрбие ісі жөнінде директордың орын
басары ретінде 2008 -оқу жылынан бастап жұмыс істеймін.Өзімнің
жұмысым барысында Курбакова.С.С.–дай тәжрибелі маманмен бірге
жұмыс жасауым мен үшін үлкен сәттілік болды.
Ол әділ сыншы білімді әрі тәжрибелі маман , үйретері мол ұлағатты
ұстаз. Курбакова.С.С.Әр қашанда көмек қолын созуға дайын тұрады.
Курбакова.С.С –ның жауапкешілікпен білімімен тәжірибесін тиімді
ұштастыра жүргізетін қажырлы еңбегіңің нәтижесі, біздің мектеп
оқытушылары мен оқушылары арасындағы жалпы метебімізде
қалыптасқан өзара түсіністікпен жемісті еңбек .
әріптесі : _______________ Хаймхожа.А