Внеклассное мероприятие "Мен әдепті боламын!"

Мен әдепті боламын!
Мақсаты: 1) оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді
сыйлауға үйрету;
2) шыншылдыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға
ұқыпты болуға баулу;
3) оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы.
Кіріспе.
- Бүгінгі іс-шара жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды.
Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге
тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн.
I бөлім. Әдеби – музыкалық монтаж.”Не деу керек?”
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу керек.
5) Кіші үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса.
Ол қандай бала? (Әдепті)
II бөлім. ”Мақал – мәтелдер”
Оқушылар білген мақал-мәтелдерді айтады.
III бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөнінде.
Мұғалім:
1)Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? (ұқыпты)
2)Таудай биік талабы
Жақсы оқитын балан
Кім дейміз? (үлгілі)
3) Бақшаны суарып, келеді су алып,
Қояды жайнатып, самаурын қайнатып.
Ол қандай бала? ( еңбекқор)
4) 5 асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5) 5 дұшпан ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
III бөлім.”Сайыс”( жақсы, жаман әдеттер)
Оқушыларды жақсы әдеттерді, жаман әдеттерді айтқызып жарыстыру.
( Бұл жарыста көп жақсы әдеттерді айтқан топ жеңіске жетеді)
жақсы жаман
Үлкенді сыйлау Өтірік сөйлеу
Өтірік айтпау Салақтық
Сабақтан қалмау Сабақтан қашу
Үлкенді тыңдау Үлкенді тыңдамау
Қамқоршы болу Кішіге күш көрсету
Үлкендердің сөзін бөлмеу
IV бөлім. Амандасу түрлерін айтып, көрсету.
«Құпия хаттарға» жауап беру
1) Автобусқа мінгенде не істеу керек?
2) Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
3) Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?
4) Қонақ келгенде бала не істеу керек?
5) Телефонмен қалай сөйлесу керек?
- Сонымен, біз қандай баламыз ?(әдепті, тәртіпті)
- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген
жағдайда әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен.