Конспект урока "Таза бұлақ" 3 класс

Күні: 18.01.2017 Әдебиеттікоқу 3 «В»сынып
Сабақ тақырыбы:
Таза бұлақ
Жалпы мақсаттары:
1.Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына
тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын
меңгерту.
2. Дүниетанымын ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным
процестерін дамыту.
3. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге
тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі
.
Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Бірін-бірі бағалауға үйренеді.
Негізгі идеялар
Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы
өзіндік танымдыққа білетін көрсетеді. Осы
қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен
араласады
Тапсырма көздері
Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
Сыни тұрғыда мәтінді талдау
Ашық сұрақтар беру
АКТ мүмкіндіктерін кеңейту
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайд, портрет
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Мотивациялық кезең
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау
1.
«Бұлақ» тобы Мәтінді мазмұндау
«Өзен» тобы Жақсылыққа жамандық бар
«Көл» тобы Жақсылыққа тек жақсылық бар
Берілген пікірге нақты дәлелде келтіңдер
Басбармақ арқылы бағалау
Жаңа сабақ
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Берілген суретпен жұмыс.
Суреттен не көріп тұрсың?
Бұлақтың суреті қандай?
Пайдасы бар ма?
Бұлақ суының тазалығы нені елестетеді?
1. Кіріспе. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесің?
2. Оқулықпен жұмыс.
а)Мәтінді түсініп оқу. Бұлақтың басындағы қара тасты
не депті?)Бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқу.
Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып
оқып, мына тапсырмаларға жауап бер.
1. бірінші жолаушының, ... (адал қызмет ет, еш уақытта
жалқауланып, тоқталып қалма, мұратыңа жетесің)
2. екінші жолаушының, ... (біреуге жақсылық етсең, ол
жақсылығыңды ешкімге міндет етпе)
3. үшінші жолаушының,... (көңіліңді, бойыңды осы
бұлақтай таза сақта, көңілің сол сияқты сыртқа ашық
көрініп тұрсын )
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс
«Бұлақ» тобы Мәтінге жоспар құру
«Өзен» тобы Мәтінді сахналау
«Көл» тобы Осы мәтіндегі таста жазылған сөзге
сендер қандай пікір білдірер едіңдер?
Смайлик арқылы бағалау
Жеке жұмыс
«Бұлақ» тобы Бірінші жолушыны нақыл сөзін тауып
оқы
«Өзен» тобы Екінші жолушыны нақыл сөзін тауып
оқы
«Көл» тобы Үшінші жолушыны нақыл сөзін тауып оқы
Бағдаршам арқылы бағалау
Білімді бекіту
«Қар үйіндісі» ойыны арқылы сабақты қорытындылау
Бағалау
Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...
Маған өте қиын болғаны...
Маған ұнағаны... (ауызша рефлексия)
Үйге тапсырма
Таза бұлақ мазмұндау
«Су- тіршілік көзі» тақырыбында шығарма жазып келу