Внеклассное мероприятие "Ел басының қалауы-ел бақыты,өркениетті Қазақстан!" 2 класс

«Ел басының қалауы-ел бақыты,өркениетті Қазақстан!»
Мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері және
оқушының міндеті мен құқықтары жайында білімдерін тереңдете
түсу.
Балаларды өз тағдыры мен ел тағдырына жауапты екендігін
сезіндіру.
Өз елің құрметтеп,болашақта көркейтіп,өз елін сүйіп өсуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1.ҚР рәміздері.Ел басының портреті,ҚР ұлы заңы.
Мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі
*Әнұран.Сәлемдесу.
*«Отан »өлең жолдарын оқу.
Әуелгі отан-ана алды,оттың басы,
Ауыл алды,аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер атамекен-
Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ Астананы
Жасыл жайлау,жаңа жол,жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
*Сұрақтар.