Технологическая карта урока "Қала мен ауыл" 1 класс

Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану
Күні: 15.12.2016ж
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: бөлім
Бізді қоршаған әлем
Тақырып: Қала мен ауыл.
Мектеп: Садчиков орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Акбасова А.Е.
Сабақ тақырыбы:
Қала мен ауыл
Тоқсан: ІІ
Сынып: 1 «а»
Қатысқандар саны: 3
Қатыспағандар саны: -
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты
1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін,
ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
1.1.1.2 Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және
оларға жауап беру
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық
орналасқан жерін сипаттау
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Өзінің тұратын қаласын, ауылын, көрікті жерлерін тұратын
жерін, көшесін сипаттай алады.
Көпшілігі:
Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя алады, тұратын
көшесін, жерін сипаттап айта алады.
Кейбір оқушылар:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай
Өз қаласының көрікті жерлерінің атауларын сипаттап 3 4
сөйлем көлемінде әңгімелей алады, картадан өзі тұратын
жерді (жақын қаланы) көрсете алады.
Пәнаралық
байланыс
Жаратылыстану, сауат ашу, математика
Пәнге қатысты
лексика мен
терминалогия
солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс
қоршаған орта
ауылдық/қалалық
ғимараттардың түрлері: мәселен, фабрика, банк, саябақ,
мұражай және т.б.
Құндылықтарды
дарыту
Оқушылардың еліне деген құрметін тәрбиелеу.
Тілдік мақсаты
Талқыланатын мәселелер:
Бұл қандай жер, ол не үшін қолданылады?
Біздің қаламыз жайында нені білгілеріңіз келеді?
Үштілділік: Қала- город- city
Ауыл – аул - aul
Бастапқы білім
Осыған дейінгі бөлімдерде келесі тақырыптар
қарастырылды: үй, отбасы, достық және мектеп.
Бұл бөлім - әлемді жалпы қарастыратын логикалық жалғасы.
Сабақ барысы
Кезеңдері
Жоспарланған жаттығулар
Кіріспе бөлім
(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
3 минут
Негізгі бөлім
25 минут
Оқушыларды сабаққа ұйымдастру мақсатында төмендегі
өлең жолдарын бірге айтамыз.
Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге жерімізге
Армысың мейірімді жер ана.
(Ұ) Еске түсіру сәті.
-Қайталау білім анасы.(Сұрақ-жауап)
- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы туралы
әңгімелеу (Мәңгілік ел бағдарламасы).
Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.
Қаланың атауының мағынасы «Жасыл қала» деп
түсіндіреді. Тұрғыны шамамен 885 799 адам.
Қазақстанның негізгі мәдени және сауда орталығы.
Аумақ көмір, темір және әк тас, гранит, мрамор,
гипске, кварцтық құм сияқты пайдалы қазбаларға бай.
Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру
негізгі орынды алады. Облыс аумағында емдеу және
демалысқа пайдалануға болатын табиғи ресурстар бар.
Оларға жұмыс істеп тұрған Сарыағаш шипажайының
минералды сулары жатады.
Қызығушылығын арттыру кезеңі
Бүгін сабақта ертегідегі ұшатын кілеммен саяхатқа
баратынымызды хабарлаймын. Әдемі музыка әуенімен
саяхатқа аттанамыз. Ол үшін барлығымыз көзімізді
жұмамыз.
Көзімізді ашамыз.
«Білу» деңгейі. Оқушылар Қостанай туралы не білетінін
айтады.
«Түсіну» деңгейі.
(Ұ)Қостанай қаласы солтүстік Қазақстанда
орналасқан. Алғашқыда «Николаевка» деп аталған.
220 мың адам тұрады. * «Тобыл»өзені
Қалада драма театры, филармония, мұражайлар,
мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен
кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк бар.
Қала- ірі елді мекен.
Ауыл – шағын елді мекен.
Садчиков ауылы туралы қысқаша мәлімет беру
«Қолдану» деңгейі.
Қала мен ауылды салыстыру/венн диаграммасы/
(Ж) Жұппен жұмыс
1 жұп пен 1 оқушыға Қостанай мен Шымкент
қалаларының көрікті жерлерінің суреттері мен мәтін
таратылады.
(ОТ) Оқушылардың дұрыс, қатесіз, мәнерлеп оқу
Қорытынды
бөлім
7 минут
дағдыларын дамыту мақсатында әр оқушы алдына
берілген мәтіннен сөйлемдерді оқып шығу тапсырылады.
1) Отан деген ол туған жер, ата ана, туыс –бауырлар,
мектеп, достар, ауыл, мектеп.
2) Суретке қарап қандай ғимарат деп ойлайтынын айту.
(Т) Топпен жұмыс
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
үшін келесі тапсырма түрін ұсынамын.
Төменде берілген сөйлемдерді қиып үшеуінен құралған
топқа таратып, дұрыс сөйлем құрастыруларын
тапсырамын.
Қостанай сүйікті қалам.
Отаныммен мақтанамын.
Ең таза қала!
Оқушының «Отан» туралы оқыған өлеңінің бір
минуттық видеосын көрсету
Туған жер туралы мақал – мәтелдер:
1.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3. Отанды сүю – от басынан басталады.
4. Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
5.Жері байдың елі бай
Сергіту сәті.
Екі көзін не үшін керек Құлақтарын не үшін керек
Жақсыларды көру үшін. Жақсыларды есту үшін.
Екі қолың не үшін керек Аяқтарын не үшін керек
Бір-біріне көмектесу үшін. Алыс кетсең туған елге
Жету үшін керек.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
21-, 22- жұмыс парағымен жұмыс.
Өз мекенжайыңды жаз.
----------------------------қаласы (ауылы)
--------------көшесі, №--------- үй, №------ пәтер.
Бекіту кезеңі
-Кімдерді «қалалық» деп атайды?
-«Ауыл тұрғындары» айналысады?
- Сенің қайда тұрғың келеді?Неліктен?
- Сендер Қазақстанның қай қаласына барғыларың келеді?
Шымкентке барғыларың келе ме?
«Екі жұлдыз, бір тілек» ойыны. Оқушылар қала/ауыл
жақсы көретін және бір ұнатпайтын жерін айтады.
Қосымша тапсырма. Дифференциация.
Туғ...н қалам с...нен қуат ал...мыз
Қияға қ...нат қағ...мыз
Елге ш...рақ жағ...мыз
Өзіңнен б...қыт таб...мыз.
(Ө)Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау.
Берілген карточкадағы картадан Қостанай қаласы мен
Шымкент қаласын тауып белгілеу.
Рефлексия.
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық
карточка арқылы көрсету
Жасыл түс түсіндім
Сары түс әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс түсінген жоқпын
Сабақты аяқтау.
Оқушыларды мадақтау.Жұлдызшалар беру.