Конспект занятия "Жыр жүйрігі - Мұқағали" 4 класс

Тақырыбы: Жыр жүйрігі- Мұқағали
Мақсаты: Ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру;
Мәнерлеп оқу дағдыларын ,өлеңнің негізгі ойын түсінуге,сөз құдіретін сезінуге
баулу; Туған жеріне, еліне ,Отанға, халқына, тіліне деген сүйіспеншілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі:Портреті,өлеңдер жинағы, сөзжұмбақ, тақырып,фотосуреттер,слайд
Өту барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар ! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтің туғанына 86 жыл толуына байланысты
«О,туған ел!» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
-Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.....
2. Қарасаз , Қара шалғын өлеңде өстім.
Жақсы жыр жазсам , халқым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Ендеше бүгін тәрбие сағатымыз атынан танылып тұрғандай,
Хан тәңірінің мұзбалағы атанып , өлең өлкесінде шамасына
Шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын М . Мақатаевқа арналмақшы.
Сөз кезегінде ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік
(слайд көрсетіледі)
(Ақынның өмірбаяны) Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы
облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан
шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы,
шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның
артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі
ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ
дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс,
сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей
қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың
ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін
сағынып, өлең шығарады.
Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта
мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар
арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында
«Социолистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және
тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы
Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесшісі болып жұмыс істейді.
Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көреді.
Оқушылар кезекпен Отан туралы өлеңдер оқиды.
1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы .
Еңбек еткен жылдары : 1948 жылы Алматыда шет тілдер
Институтында оқып жүріп отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан,
Оқуды еріксіз тастап , ауылға оралады . М . Мақатаев Киров
Атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді .
Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді
Табиғатты сүюге үйретеді . Оның өлең - жырлары : «Отан»
«поэзия» «жас қайың» «аққулар ұйықтағанда» көптеген шығармалары бар
Мұкағали - халқын , ана тілін , Отанын қадыр тұтқан азамат
Ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде кеиінгі жас буынды
Халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.
Оқушылар кезекпен Отан , табиғат, тіл туралы өлеңдерін оқиды.
Оқушылар хормен «Мектебім» Мұқағалидың әнін орындады.
Тыңдалатын әндер «Есіңе мені алғайсың»,
«Наурыз думан», «Туған өлке»,
«Саржайлау»,
Қорытындылыау: Сөэжұмбақтар шешу
-Викторина сұрақтарын тарату