Конспект занятия "Балалық шағы мен жастық шағы" 3 класс

Сабақтың тақырыбы: Балалық шағы мен жастық шағы
Сабақтың мақсаты.
1. Бала Абайдың өмірімен таныстыру
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге. Абай туралы оқып
білуге ынталандыру.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1.Абай өмірбаяны. (Өздерінің дайындаған тапсырмалары бойынша
әңгімелеу)
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ой ашар
Шын аты ИбраҺим
Анасы Ұлжан кіші шешесі
Айғаным арасында «Телғара» Әжесі Зере Абай атаған
атанып өсті
9 жасында
«Кім екен деп келіп ем түйе қуған»
деген алғашқы өлеңін шығарды 13 жасында билеу ісіне
араласты
1.Абай аталары.
Абай----------Құнанбай----------Өскенбай-----------Ырғызбай----------Айдос------
-----Олжай
ІІ.Мағынаны тану.
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыстауын жайлаған тобықты
руының ішінде 1845 жылы 10 тамызда туған.
Кішкентай кезінде сырт мінез жағынан аңқау, нанғыш және тентек бала
болса керек. Бірақ, сол кішкене балалардан ерекше жері үйге қонған
қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін құлай тындаған.
Бала
Абай
Абай 10 жасқа келгенде әжесі Смей қаласына әкеліп оқуға берген. Артынан
Ахмет Риза деген молдаға берген. Ол жерде 3 жыл оқыды. Балалардың
барлығынан зейінді, ұғымтал және ереше ықыласты болған. Абай өз бетімен
өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсаған. Одан соң араб, иран, шағатай (ескі
өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қисса сияқты әдебиет мұраларын
оқыған. Абай тек мұсылманша ғана оқымай, «Приходская школаға» түсіп,
орысша да оқи бастаған.
13 жасында Абай әжесі берген бағытпен ел ісіне араласады.
Жас жігіт ел көзіне шешен көріне бастайды. Ол білген өнерін орнымен
келістіріп көркейтіп сөйлейтін болған.
ІІІ Ой толғаныс
1. Ой түйіндеу.
Білемін
Білдім
Білгім келеді