Конспект занятия "Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы" 2 класс

2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы
(саралап оқыту технологиясы).
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға сұраулы сөйлем жасайтын
көмекші сөздер туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс
жасауға,ой-өрісін дамытып, қорытынды шығаруға машықтандыру.Тіл
байлығын шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты елін, жерін, халқын қорғай білуге, азаматтық пен
адамгершілікке,ержүректілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.
Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жеке-дара
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, практикалық
жаттығулар
Қолданатын технология: деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кестелер ,венн диограммасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Кіріспе. Амандасу.
ә) Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы таң достым
Қайырлы таң құрбым
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.
Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жауабы:
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
-Балалар қазір қай ай? Желтоқсан айы.
Бұл айда қандай мейрам бар? 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
Не себептен Тәуелсіздік күні Желтоқсан айында аталып өтеді? Жауап жазу.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан кімдерді білесіңдер? (Қайрат Рысқұлбеков,
Сәбира Мұхаметжанова, Лаззат Асанова)
Ендеше, бүгінгі сабағымызды Сабира Мұхаметжанованың рухына арнаймыз.
Суретін тақтаға шығару.
ІІ. Өткенді пысықтау. Бүгінгі сабағымыз оқулықтағы жаттығулармен қоса,
қосымша 1,2,3,4 деңгейлік тапсырмалармен өтеді.
Балалар сендер келесі деңгейге көтерулерін үшін әр деңгейдегі тапсырманы
дұрыс орындап отырыңдар. Балалар сендердің білімдеріңді бүгінгі қонаққа
келген мұғалімдер бағалайды. Сондықтан да сабаққа алғырт, ұжымдық
танытып, жақсы қатысайық.
І-деңгей.
А) Үй тапсырмасын тексеру. «Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны. Қазір
мен сөйлемді бастаймын сендер жалғастырасыңдар.
1. Сөйлем аяқталған …………… . (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… . (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер ……… . (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші ……… . (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ………. . (нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……….. . (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……….. . (сұрақ белгісі қойылады).
ІІІ. Жаңа сабақ. Пысықтау сабағы.
1. Күн ретін жазу.
2. Көркем жазу. (С с әрпін дәптерлеріңе әдемі жазу).
Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға сурет арқылы көрсетілген мысал жазу.
Жазылуы басқа, бірақ естілуі бірдей сөздер бар ма? (атпа, ат па?)
Қай сөйлемде па бірге жазылып тұр? (Бірінші сөйлемде).
Осы сөйлем қалай аталушы еді? (Хабарлы сөйлем)
Бірінші сөйлемде па бірге жазылып тұр, онда па жұрнақ болады, атпа сөзі
қимылды білдіріп тұр.
Қай сөйлемде па бөлек жазылып тұр? (Екінші сөйлемде). Бұл сөйлем
сұраулы сөйлем болады. Сұраулы сөйлемде па жеке жазылады. Ол көмекші
сөз болады.
Па көмекші сөзін алып тастасақ, сұраулы сөйлем бола ма? (Болмайды).
Сөйлемдерің оқылуын дауыс ырғағымен де келтіруге болады. Мысалы, сабақ
басталды ма? Жауап алу мақсатында айтылып тұр.
ІІ-деңгей. «Салыстыр».
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
Балалар, оқулықтың 99- бетін ашып, 1-жаттығуға қараймыз. Ауызша
орындай-мыз.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқиды. Оқушылар кезекпен
орындарынан тұрып түсіндіріп айтады.
Бүгін киноға барма. Сенде қарындаш бар ма?
Ініңнің қасынан кетпе. Олар кетіп пе?
Сабаққа кешігіп келме. Бүгін досың келе ме?
Бірінші бағандағы сөздердегі ма, пе, ме жұрнақтар болады, бірге жазылады,
қимылды білдіріп тұр. Екінші бағандағы сөздердегі ма, пе, ме көмекші сөздер
деп аталынады, сұраулы сөйлем жасайды, сондықтан да олар бөлек
жазылады.
Ережені бір оқушыға дауыстап оқытамын: «Сұраулы сөйлем жасайтын ма,
ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады».
ІІІ-деңгей. «Не қажет?» ойыны.