Конспект урока "Жазғытұрым. Заттың атын білдіретін сөздер" 1 класс

Сабақтың тақырыбы: Жазғытұрым. Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы
түсінік беру. І.Жансүгіровтың өмірбаяны мен
өлеңдерімен таныстыру.
2. Сөйлеу тілдерін дамыту. Сөздік қорын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, әдемі жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Суреттер, І.Жансүгіровтың
суреті, ойындар, карточкалар, таратпа материалдар, слайд.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру,
тірек сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Бойымызды жинақтап
Отырайық партаға.
-Көктем айлары арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Гимнді жатқа сұрау. Авторларын жатқа сұрау.
2. 84-жаттығудың орындалуын тексеру..
IІІ. Мақсат қою кезеңі: «Заттың атын білдіретін сөздер» қайталау. Оларға
қандай сұрақтар қойылатынын пысықтау. І.Жансүгіров туралы мағлұмат
алып, өлеңімен танысамыз.
ІV. Жаңа сабақ:
-Балалар, көктем мезгілі несімен ерекше?
-Көктемде ауа райында, табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Көктемгі адамдардың еңбегі қандай?
-Көктемгі жануарлар тіршілігі ше?
-Осы сауалдар бойынша әр топ өз түсініктерін топтастырады.
-Бүгінгі сабақта І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.
-Автордың суретін көрсетіп, өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу.
І.Жансүгіров 1834 жылы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында
дүниеге келген. 1905-1911 ж.ж. алғаш рет әкесінен хат таныған. Содан соң
молдадан оқыған. 1920 жылы Алматыға келіп, 3 айлық мұғалімдер
даярлайтын курста оқыған. 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика
институтына түседі. 1928 жылы елге келіп «Еңбекші қазақ» қазіргі «Егемен
Қазақстан» газетінде қызмет атқарады. Сол жылы «Сырғанақ» атты тұңғыш
кітабы шығады. Оның «Құлагер» деген атақты поэмасы бар. І.Жансүгіров
1938 жылы жазықсыз жазаланып, қайтыс болады.
-Оқулықпен жұмыс.
-Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту.
-Заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіру.
-«Кім жылдамойыны. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрақтарын суретпен
беріп сөздер жаздыру.
-Дәптермен жұмыс:
-Көркем жазу.
-85-жаттығуды ойын арқылы орындату.
-Балдырғанның 3 конвертпен жіберген тапсырмасын орындау. Тақтаға
жаздыру.
-Сергіту сәтін жасату.
Көктем қандай тамаша,
Күнде шықты жаңаша.
Әр сабақта осылай,
Қуанайық жарыса.
-Кел, ойнайық! Гүл күлтелерін құрастыру.
V. Қорытынды.
-Балалар, бүгін қандай өлеңмен таныстық?
-Өлеңнің авторы кім?
-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
-Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? осы сұраққа өз жауабыңды
стикерге жазып көңіл-күй смайлигине жабыстыр.
VІ. Үйге тапсырма беру.
-«Жазғытұрым» өлеңін жаттау. 86-жаттығуды дәптерің жаз.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
«Қаракөл орта мектеп-бақшасы» КММ
Сауат ашу.
Тақырыбы: І.Жансүгіров
«Жазғытұрым».
Бастауыш сынып мұғалімі: Мукатаева Акмарал Мауыткановна.
2015-2016 оқу жылы.