Конспект урока "Аялайық ананы" 1 класс

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Аялайық ананы»
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен
бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой –
өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен
дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай
білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Тәрбие сағат барысы:
МУЗЫКА ОЙНАЙДЫ
(ҰЛДАР ҚЫЗДАРДЫ ОРТАҒА ШЫҒАРАДЫ)
«Наурыз көктем» әні орындалады. Гүлдер билейді.
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем
мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер
бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай
тамаша мереке!
Кіріспе:Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес
пе?! Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді?!
Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар.
Ол - Ана! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, шырмысым бауырына
жармасатының, шырылдап уанбай жылап іздейтінің — ана! Сен жан болып дүниеге
келдің, сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол — Ана!
Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеде үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ
жанды білесің. Ол -Ана!
Міне, сенің анаға деген махаббатың құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың
жолы басқа. Ана деген сөздің өзі де ыстық.
Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.
ӘН: «Ай дидарлы анашым»
Мұғалім:
Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
(Балалардың тақпағы айтылады)
Мерей:
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Санат:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жанеля:
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
«Дүниеде не қымбат?» көрініс
Арман – Жиренше
Расул -1-бала
Абай - 2-ші бала
Тақпақтар
Арман:
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін
Расул:
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Дінмұхаммед:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз
Ясмина:
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем
Көрініс «Үш ана»
Үш ана келе жатады. Қолдарында шелектері бар. Отырып дем алайық.
1-анаДильназ: Менің ұлым өте өнерлі
Қаражорға биі- Дінмұхаммед:
2-ана Мерей: Ал, менің балам спортпен айналысады.
Санат -күшн көрсетіп ортаға шығады
1,2 ана: Сен неге үндемейсің?
3-ана Адия:Менің баламның ешқандай өнері жоқ.
Сол кезде баласы шығып .
Адильхан:-Ана сізге көмектесейін деп, шелегін алып кетеді.
Отырған қарт адам.
Нұрали : - мен бір ғана өнерлі баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.
Тақпақтар:
Адильхан:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Адия:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен
құттықтаймын
Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Дильназ:
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Айгерім:
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
«Бөпешім» деп жатпаған
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Ясмина:
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем
Мұғалім: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? Бәрі:- Ана.
Мұғалім: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім? Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Мұғалім: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз
мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың
қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.
Олай болса, аяулы аналар,сіздерді ортаға шақырамыз.
«Анашым» Б. Бейсенова
Дефиле көктемгі шляпалар. Аналар ортаға шығады. Музыка ырғағымен билеп жүріп
шығу.
Ойын: атының басталатын әріптен қандай деген сұраққа жауап беретін сөз айтып өзін
таныстыру.
Ойын: «Даусынан таны» Аналар теріс қарап тұрады. Кез келген бала «Анашым» деп
дауыстайды. Баласының дауыфсын таныған ана алдына бұрылады.
Балаңызды қалай еркелетесіз? Баласына жеткенше қадам сайын еркелететін сөздер
айтып, баласының маңдайынан сүю.
Құрметті аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз
халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық
жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті
аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап,
гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұлдар: Сенің анаң алтын әні
Ананың сүті – бал, Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы.
Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі.
Ана сүтін ақтамағанды, Ешкім мақтамайды.
Ана – өмір себуші.
Қыз ақылы анадан.
Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Туған жер әні