Конспект урока "Р дыбысы мен әрпі" 1 класс

Сабақ тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Р дыбысы мен әрпін таныстыру, ерекшеліктерін
меңгерту, тілдерін дамыту, оқушылардың сөздік қорын молайту, оқи алу,
сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс істей алу
дағдыларын дамыту, ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынаста болуға
тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І Психологиялық дайындық
-Сәлемдесу: Сәлем, табиғат!
Сәлем, көк аспан!
Сәлем, Жер-Ана!
Сәлем, КүнАна!
Сендерге бас иемін,
Таза сәби жүрекпен,
Мейірімділік себемін!
ІІ Жаңа сабақ: 1) Р дыбысымен, әрпімен танысу жұмысы:
а) Қызығушылық туғызу: Мульт фильмнен үзінді көру
-Мультфильм не туралы болды?
-Сендерге ерекше естілген дыбыс болды ма? –Ол қандай дыбыс? (р-р-р)
ә) Р дыбысымен, әрпімен танысу:
-р дыбысын айтып үйрену, әрпін таныстыру, дыбыс пен әріптің
айырмашылығын анықтау, қайталау
б) р дыбысына басқа дыбыстарды қосып айту, буындап оқу: ра, ро, ар, ор
-дауыстап оқу, іштей оқу
Сергіту сәті: Музыкамен қимылды жаттығу жасату.
2) Топпен жұмыс :
а) р дыбысы бар сөздер ойлап айтудан жарыс: Сызба-үлгі беріледі
р....., ...р...., ......р
(жеңген топқа жұлдызша үлестіру)
ә) Р дыбысының қандай дыбыс екенін анықтау:
р дыбысының дауыссыз ба, дауысты ма екенін анықтау, қажетті түспен
бояу және дәлеледеп түсіндіріп беру:
- әр топқа тарату , ( жеңген топқа жұлдызша үлестіру)
б) Дауыстап оқу:
-ар, ор, ра, ро, ара, ора
в) Дыбыстық талдау жасау:
І топ: орман сөзіне
ІІ топ: раушан сөзіне
ІІІ топ: рақмет сөзіне
Сергіту сәті:
Тік ұста бойыңды, Соз қолыңды тағы да,
Жоғары соз қолыңды, Жеткіз керік мойнына.
г) Оқулықпен жұмыс:
-сюжетті сурет бойынша әр топ әңгіме құрау. ( жеңген топқа жұлдызша
үлестіру)
ғ) Жұмбақ шешу,шешуімен сөйлем құрату: ( жеңген топқа жұлдызша
үлестіру)
І топ: Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Ір үйде бар, тапқышым, кәне тапшы? (радио)
ІІ топ: Пойыз , трамвай жүретін,
Қос темірді не дейді? (рельс)
ІІІ топ: Гүлден гүлге қонады,
Тәттіні сорып алады. (ара)
3) Дәптермен жұмыс:
а) Р әрпінің кіші әрпін жазуға дайындық жұмысы:
-белгілерді жазу, ауада жазу, қол жаттықтыру, сергіту жұмысы
ә) р әрпін жазу.
ІІІ Қорытындылау:
-Қандай дыбыспен таныстыңдар?
(Мадақтау, сыйлықтар үлестіру)