Конспект занятия "Жақсы мінез - жанға қуат" 3 класс

Жақсы мінез
Тақырыбы: Жақсы мінез-жанға қуат
Мақсаты:1.Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту;
2.Мінездегі жетістіктер мен кемшіліктерді ажырата білуге үйрету,сын
тұрғысынан ойлауды дамыту;
3.Оқушыларды жақсылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы:Оқушыларды топқа бөлу.1-топ: Талап 2-топ: Еңбек 3-топ: Терең ой
Психологиялық икемділік: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Кіріспе.Мұғалім сөзі:Адамгершілік қасиеттер өз бойыңдағы жақсы мінез-құлық
,жақсы әдет,жақсы әдептен құралады.Ол ананың ақ сүтімен ,әкенің үлгі-
өнегесімен,ата-әженің берген тәрбиесімен бойыңа сіңеді.Мектептегі ұстаздар
өмірдегі жақсылық пен жамандықтың айырмасын танып білуге,сіздердің
бойларыңызға жақсы мінездің қалыптасуына ықпал етеді.
Негізгі бөлім.Мінез адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің
жиынтығы.Мінез грекше «характер» деген мағынаны білдіреді.- Балалар,мінездің
қандай түрлері болады деп ойлайсыңдар? Құндыз: Жақсы,жаман мінездер болады.
Балалар жауаптары күн шапағына жазылады.
бауырмалдық
имандылық
мейірімділік
әдептілік