Конспект урока "Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру" 4 класс

Күні:08.10.14ж
Сыныбы: 4 «А», «Ә», «Б», «В».
Тақырыбы: Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев
Мақсаты: Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.
Міндеттері:
а) Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.
б)Ән тыңдау арқылы түсініп талдау қабілеттерін дамыту;
в) Өнерсүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Аралас.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын
таныстыру.
4. Пәнге деген қызығушылығын,зейінін қалыптастыру.
II.Үй тапсырмасы.
1 Жаппас Қаламбаевтың шығармашылығы туралы не білдіңдер ?
2- Қандай талантты қобызшылардан дәріс алды?
3- Кәзіргі таңда осы Жаппас Қаламбаевқа ұқсайтын күйші-қобызшылар
бар ма?
4-Өнері кімнен дарыған?
Ән тыңдау: «Әдемі қыз» Әміре Қашаубаевтың орындауында.
Талдау:
а) Бұл ән қалай орындалды?
ә) Ән көбіне қандай ұлттық аспаптарда орындалады?
б) Әннің мазмұны қалай айтылды?
III. Жаңа сабақ. Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев(1909-1993)
Көрнекті әнші (тенор), композитор, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген
қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Ақкөл ауылында дүниеге келген. 4 жасында әкесінен, одан кейін анасынан ерте
айрылған Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың
қолында тәрбиеленеді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. 10 жасынан
домбыра тартып ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит
Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен
Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит
әндерін насихаттайды.
Құрманғалиев Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің хатшысы, одан соң
бригадир, ұжымшар басқармасының төрағасы болды.
1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне
қатысып, сол жерде Қазақтың музыкалық драма театрына (қазіргі Опера және
балет театры) қабылданған. Ол театр құрамында жүріп Е.Брусиловскийдің «Ер
Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара»,
А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен Елемес,
Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет секілді образдарды шебер сомдады. Сондай-
ақ, өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан
еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем» т.б.
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан
сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті.
1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк
студиясында ұстаздық етті, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп
шығарды. Олардың қатарында
Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік
марапаттармен бағаланды. «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен,
бірнеше медальмен марапатталған.
Ән тыңдау: «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем»
Ән талдау:
1. Әннің мазмұны қандай екен?
2. Құрлысы қандай?
Әннің әуенімен жұмыс
1. Әннің екпіні қандай екен?
2. Музыкамен қосылып орындау
3.
ІV. Нота сауатымен жұмыс.
Ән жаттау: «Туған жер» .
V. Сабақты қорытындылау.
Ғарифолла Құрманғалиев кім?
Қандай әндері бар екен?
Өнері кімнен дарыған?
Кімнің әндерін таратушы?
VI. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып
бағалаймын.
VII. Үй тапсырмасы. Ұлы композитордың өміріне байланысты шығармашылық
жұмыс жасау.