Конспект урока "Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері" 1 класс

Сабақ жоспары №
Тобы
Күні
Пән: Музыкалық білім беру әдістемесі
Сабақ тақырыбы: 3-ТАРАУ. Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері.Бастауыш
сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері. Музыка тыңдауға қойылатын
талаптар.
Сабақта қарастырылатын құндылық: Сүйіспеншілік
Қалыптастырылатын қасиеттер: құрмет көрсетушілік, бауырмалдылық, жанашырлық.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты: Музыка тыңдау ережесімен таныстыра отырып, түрлі жанрдағы
музыкаларды тыңдау туралы мағұлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білім берушілік: Музыкасының түрлі жанрларын тыңдата отырып меңгерту, әуеннің
музыкадағы мәнін ұғыну барысында музыкалық білімін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттерге музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрете отырып
музыкалық білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Білімге құштарлықты, эстетикалық тәрбиелеуде ұлттық өнерімізді құрметтеу.
Сабақтың көрнекіліктері: үнтаспа, ноутбук, фото суреттер,слайд,ведио матер.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
4. Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
5. Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
6. А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
7. Т. Жұмағалиева «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
Жұмыс түрлері: түсіндіру, кесте бойынша талдау, ән,терме,күйлерді тыңдату және
талдау, терме мәтініндегі мысалдарды сараптау,ауызша, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Педагогика.Халық музыкалық шығармашылығы.Тарих.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырып түсіндіру.
IV. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік – назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен семестрдегі өтілген тақырыптар бойынша.
Өткен бөлім бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыкалық білім беру әдістемесінің оқытудың мазмұны
2. Бастауыш сыныптарында музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері.
3. Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері неде?
4. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімінің ролі қандай?
5. Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс?
6. Хормен ән айтуға және ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері қандай?
7. Әншілік дағдыларын дамыту тәсілдері?
8. Ән репертуарын таңдау және оған қойылатын талаптар.
9. Ән үйрету кезіндегі дирижердің ролі қандай?
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3. Жаңа тақырып түсіндіру «Бастауыш сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен
міндеттері. Музыка тыңдауға қойылатын талаптар».
1. Музыкалық тәрбиенің мақсаттары
2. Музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету
3. Күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармалар.
4. Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің
ықпалымен дамуы туралы.
Жасөспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларды
музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезіммен,саналы түрде қабылдай
біліп тыңдауға үйрету керек.
Егер көпшілік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған
немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп
қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды
дұрыс түсінбегендіктеноны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі,
білімі таяз.
К.Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен
білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфониясынан
ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып
оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген
сүйіспеншілігі мен мәденитетілігін дамытамыз.
Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде
тыңдауды үйрене бастайды.
Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне
бойлау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет.
Музыка сабақтарында музыка тыңдау процесінің мақсаты-музыканттар дайындау емес,
жалпы жасөспірімдердің өнерге деген мәдетиетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай
тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді,
шығармашылық қабілеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құрал ретінде
пйдаланатын жұмыстардың бірі болып есептелінеді. Өйткені, музыкалық шығарманы
адамның рухани азығы десек қателеспейміз.Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі
қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да
музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы
арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген шығарманы алуға болады.
Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету барысында тереңірек
тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап
қалыптастырған дұрыс.
Бұл туралы Э.И.Бальгитис дейтін ғалым: « Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас
кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды» деген болатын. Сондықтан
қазақ балалрының музыкалық талғамын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден
бастап қалыптастырған жөн.
Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен
күйлері мол.
Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының әлдиі «Бесік»
жырларынан,өз ұлтының әуенің ана сүтімен бойына дарытудан бастайды да, одан әрі
біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Бастауыш сынып оқушыларына
өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка
тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы
ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын,
ерекшелігін сезіну, қайырымды, мейірімді,адал болу үшін-жалпы айтқанда оқушылардың
өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.
1.1 Музыка тыңдауға қойылатын талаптар
Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс – әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау,
музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады.
Музыка тыңдау процесі кезіндеоқушылардың зейінін эмоциялық сезімдерін, ойлау, түсіну
қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол
тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыптылықты,
зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен саз көңілге жайлы, ақылға
қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан
талғамсыз тыңдауға болмайды.
Бұл біздің түсінігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара – бара әрбір үннің әуезін, әрбір
әуеннің иірімдерін сезіну қабілетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін
жоғалтып аламыз.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына музыка тыңдату процесінде мұғалім оқушыларды
дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып,
оқушыларға беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек.
Себебі, қандай бір музыкалық шығарма болмасын ол белгілі бір мазмұнда ойды білдіреді, оны
терең жан-жақты оқушыларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан- жақтылығы, яғни
психология, педагогика, философия, медицина, әдебиет, тарих, табиғаттану, т.б ғылым
саласынан хабардар болуы өте қажет.
Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатылатын шығарманың психологиялық әсері мен
педагогикалық тәрбиелік маңызы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас
ерекшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың
жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек.Музыкан
орындау ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембріне және музыкалық
шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.
Музыканы
тыңдату
Шығармашы
лығын
дамытады
Эмоциясын
дамытады
Музыкалық
білімін
жүйеленді
реді
Музыканы
талдау
қабілетін
дамытады
Композиторла
р туралы
мәліметер
алады
Есту
қабілетін
күшейтеді