Жасай бер, Қазақ елі

«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы»
КМҚК
Тақырыбы: «Жасай бер, Қазақ елі»
(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған
іс – шара сценарий конспекті)
Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Рудный қаласы Ақпан айы 2016жыл
«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі
(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс –
шара сценарий конспекті)
Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге
тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді
қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге
баулу.
Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк
туларын желбіретіп кіреді.
Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз
мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни
Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз
мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің
мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп
ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүрг: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.
Мультимедиялық тақтадан Президент қалай сайланғаны және
Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы кино көрсетіледі.
Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыздар:
«Егемен ел» әні орындайтын Балапан ересек тобын қарсы алыңыздар.
Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жылы лебіздерді қабыл
алыңыздар:
Ботақан 2 – сәбилер тобы шығып қазақ тіліндегі тақпақтарын айтады.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп Ананың
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Жүрг: шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй отанды шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал ойына, қырына да
Би «Астана вальсі» орындайтын ересек Құлпынай тобы қарсы
алыңыздар.
Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.
Көрініс: «Алдар көсе мен Шығайбай»
Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен
шауып залға Алдар көсе келеді.
Алдар: Мен Алдармын, Алдармын
Бәріңді мен алдаймын
Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді
естіп, тойға келдім,құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой,
мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып
тұр.Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер
айтып қоймаңдар.
Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм,баеке!
Шығыбай: Уағалейкум-ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?
Алдар: Мен жоғалған қойларымды іздеп жүрмін.
Бай: Сенде қой бар ма?
Алдар: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1
түн қонсам қалай көресіңдер?
Бай: Қонсаң, қон. Әй кемпір, қонаққа төсек сал.
Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда,Алдар көсе тұрып, қазандағы етті
жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді,орнына балта тастап. Таңертең
бай мен кемпір тұрады.
Бай: Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар
жеп алайық. Кеше кешке де сол үшін тамақ ішпей ұйықтап қалдық – деп,
ішін сипалап отырады. Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен,
ойбайлап: Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! – деп айғалайды.