Применение ТРИЗ технологии в обучении математике

Министерство образования и науки Республики Казахстан
АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Филиала АО
«НЦПК» «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических
работников по Акмолинской области»
Статья по теме: «Применение ТРИЗ технологии в обучении
математике»
Абдрахманова Р.Т.
тренер Центра уровневых программ
филиал АО «НЦПК «Өрлеу»
«ИПК ПР по Акмолинской области»
Кокшетау, 2018
Математиканы оқытуда өнертапқыштық тапсырмаларды шешудің
теориясын қолдану.
Абдрахманова Рысты Темиртасовна
Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ
ДБО тренері
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев).
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық,
экономикалық және әлеуметтік салалалардағы терең және қарқынды
өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің
барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім
сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық
дамуына қолайлы жағдай жасау. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы
баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік
қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп
тәрбиелеу.
Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші
кезекте, баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың деңгейі білім беру
жүйесіне әсер етеді. Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін
дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа
әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды.
Қазақстанның заманауи