Контрольная работа "Казақ әдебиетінен тест сұрақтары" 7 класс


7-сынып Казақ әдебиетінен тест сұрақтары
І нұсқа
1. Сәкен Жүнісов қай жылдары өмір сүрді
А) 1873-1938 Ә) 1935-1995 Б) 1934-2006. В) 1934-1998.
2. Ағыбайлар келгенде Төреқұл ауылы қайда отырған еді
А) Ұзынбұлақтың басында. Ә) Көктөбеде. Б) Көкшоқыда
3. Махамбет Өтемісұлының туылған жылы
А. 1803 . Ә. 1836 . Б. 1946.
4. «Ақан сері» романындағы сыншының аты
А, Күреңбай, Ә. Сағынай, Б. Батыраш.
5. Қозыкүрең туралы әңгімені айтқан
А. Ағыбай, Ә. Саяқбай, Б. Төреқұл
6. Шыңғысханға Отырарды алуға көмек еткен адам
А) Жошы; Ә) Шағатай; Б) Қарашоқы.
7. «Қыс» өлеңінің авторы
А) Абай Құнанбаев; Ә) Мағжан Жұмабаев; Ахмет Байтұрсынов.
8. Жұмекен Нәжімеденов өмір сүрген жылдар
А) 1935-1985; Ә) 1935-1983; Б) 1936-1983.
9. Оюлар өлеңінде не туралы сөз болады
А) қазақтың салт-дәстүрі. Ә) қазақтың әдет-ғұрыпы. Б) ұлттық мұрамыз ою-өрнектер туралы
болған.
10. Сыншы Құлагердің он үшінші қабырғасын қалай түсіндірді
А. Күштің белгісі деді, Ә. Қанатқа теңеді. Б. сорға біткен ұры қабырға деді.
11. Кейіптеу дегеніміз
А) Адамды суреттеу; Ә) Жансыз табиғатты адам бейнесінде суреттеу; Б)Бір затты екінші затқа
ұқсату.
12. «Менің пірім – Сүйінбай»деген ақын
А)Сүйінбай Аронұлы. Ә)Төлеген Айбергенов. Б)Жамбыл Жабаев.
13. «Күй» поэмасы арқылы автордың айтпақшы ойы
А) «Бозінгеннің» зарын. Ә) Күйдің құдіретін. Б)Табиғаттың әсемдігін.
14.Мысықтың жаз бойы ойынан кетпейтін досы
А)Шоқан. Ә)Жақып. Б)Камила.
15. «Аңсау» әңгімесінің авторы
А) М. Шаханов; Ә) Нәсіреддин Серәлиев; Б) Жұмекен Нәжімеденов
16.Портрет дегеніміз
А)Пейзаж. Ә)Адамның сырт бітімін,кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеу. Б)Табиғат құбылысын
жан иесіне ұқсата суреттеу.
17.Қасым Аманжоловтан оқыған өлеңдеріңіз
А)Орамал. Ә)Дауыл. Б)Дариға,сол қыз.
18. «Лашын» әңгімесі қандай тақырыпта жазылған
А) Саятшылық; Ә) Достық; Б) Ауыл өмірі.
19. Шегеннің қайдан қашып кеткен
А) Балалар үйінен; Ә) Молдадан; Б) милиоценерден.
20. Пейзаж дегеніміз
А) Көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесі; Ә) Көркем шығармадағы табиғат көрінісі;
Б) Кейіптеу.
21. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір сүрген жылдары
А) 1893-1973; Ә) 1893-1938; Б) 1893-1920.
22. Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңі поэзияның қай жанрына жатады
А)Драма. Ә)Табиғат лирикасы. Б)Махаббат лирикасы.
23. «Жаңа достар» қандай романнан алынған үзінді
А) «Абай жолы»; Ә) «Өмір мектебі»; Б) «Қазақ солдаты»
24. Төреқұлдың әкесінің есімі
А. Жұмақан. Ә. Ералы. Б. Қазанқап
25. Шыңғысханның Қарашоқыға тартқан сыйы
А) Билік басына отырғызды Ә) сый-сияпат тартты. Б) Өлімге кесті.
ІІ нұсқа
1. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы
А. Әуезов М., Ә. Махаммбет Ө, Б. Абай Қ.
2. «Ақырғы бәйге» қандай романнан алынған үзінді
А) «Құлагер» Ә) «Сәйгүлік» Б) «Ақан сері» В) «Тар жол тайғақ кешу»
3. Ақанға Құлагерді сыйға тартқан
А. Нағашысы, Ә . Әкесі, Б. Досы
4. Ағыбан мен Төреқұлдың әкелерінің достығы қай жылдары
А. 1942 ж. басталған, Ә. 1930 жылдарының басында, Б. 1971ж.
5. Шыңғысхан Отырарды ала алмағаны үшін
А) Шағатайға ызаланды; Ә) Жошыға ызаланды; Б) Қарашоқыға ызаланды..
6. Қозыкүрең қандай шығармадан алынған
А. «Құлагерден». Ә. «Сәйгүліктерден» . Б. «Ботакөзден».
7. Қарашоқының әкесі қандай адам
А) Білімді, адал, кісілікті; Ә) Алдамшы; Б) Залым, қу.
8. Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген жылдары
А) 1873-1938; Ә) 1893-1920; 1893-1938.
9. Шылбырға созған қол Құлагерге
А. Даяшының қолы болып көрінді, Ә. Құрық болып көрінді, Б. Айбалта болып көрінді.
10. «Күй» поэмасының авторы
А)М.Жұмабаев. Ә) Абай Құнанбаев.Б)І.Жансүгіров.
11. «Ақын қонақтар» үзіндісі
А) «Қажымұқан» романынан алынған
Ә) «Абай жолы» романынан алынған
Б) «Өмір мектебі» романынан алынған
12. «Қазақ солдаты» романының авторы
А) Сәбит Мұқанов. Ә) Мұхтар Әуезов. Б) Ғабит Мүсірепов.
13. Аулада демалып отырған қарияны Ермектің үйіне алып келу себебі
А) Жаны ашып; Ә) Өз атам деп; Б) Өз атасы емес екенін білсе де.
14. «Шілде» өлеңінің авторы
А) Сұлтанмахмұт Торайғыров; Ә) Мағжан Жұмабаев;Б) Ыбырай Алтынсарин.
15. «Жаманыңды көрмесем» өлеңін автор
А) Ағасына арнады; Ә) Баласына арнады; Б) Әкелерге арнады..
16. Масликовтың отбасы Мұқанды
А)Қажымұқан . Ә)Балуан. Б)Митька.
17. Жұбан Молдағалиевтің атақты поэмасының аты
А) «Мен қазақпын» Ә) «Ар-ұят туралы» Б)поэма жазбаған.
18. Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» өлеңіндегі басты кейіпкер
А) Әбілмәмбет хан.Ә) Қалмақтар.Б) Сабалақ.
19. Шыңғысхан Отырар қаласына жорық жасаған жыл
А) 1220 ж.; Ә) 1219 ж.; Б) 1230 ж.
20. «Шортаны құтылып кетті... Шабақ... әншейін шабағы қолға түсті.» - дегенді айтқан
А) Шеген; Ә) Бораш Б) Милиционер.
21. «Абай жолы» романының авторы
А) С.Мұқан; Ә) М.Әуезов; Б) Ғ. Мүсірепов.
22. «Оюлар» өлеңінің авторы
А) Қабдеш Жұмаділов; Ә) М. Шаханов; Б) Ф. Оңғарсынова
23. Шыңғысхан «Отырарға» шабуыл жасаған әскер саны
А) 500 000 әскермен; Ә) 150 000 әскермен; Б) 200 000 әскермен
24. «Жаңа достар» әңгімесінің авторы
А) С. Мұқанов; Ә) Ғ. Мүсірепов; Б) М. Әуезов
25. «Ақан сері» романындағы Құлагерді мініп бәйгеге шапқан бала
А. Мөңке, Ә. Шашубай, Б. Нұрмағанбет.
6- сынып. Қазақ әдебиеті. Тест сұрақтары
І - тоқсан.
1. Фольклор сөзінің аудармасы не?
а) «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері»
ә) «халықтың жазбаша шығарған көркем сөздері»
б)өлеңдер,тақпақтар
в) бір ақынның өмірбаяны
2. «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа» ертегілердің қайсы түріне жатады ?
а) тұрмыс –салт ертегілері
ә) қиял – ғажайып ертегілері
б) хайуанаттар туралы ертегілер
в) шыншыл ертегілер
3. Шыншыл ертегілердің аттары берілген қатарды табыңдар.
а) «Ыста тас», «Тас болған шаһар»
ә) «Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе», « Күшік пен мысық»
б) «Аяз би» , « Атымтай жомарт»
в) « Бозінген», «Аю, түлкі жәнеқойшы»
4. Қиял –ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш?
а) адам
ә) аң
б) тұлпар
в) қырғауыл
5. «Алтын сақа» ертегісінде суда жүзіп жүрген кімге айналып кетеді?
а) бай адамға
ә) балаға
б) Жалмауыз кемпірге
в) сәйгүлікке
6. «Алтын сақа» ертегісінде бай ескі жұртқа нені тастап кетеді?
а) қотыр тайын
ә) алтын сақасын
б) жалғыз баласын
в) итін
7. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
а) Ә. Тәжібаев
ә) М. Әуезов
б) А.Құнанбаев
в) Ш. Уәлиханов
8. «Толағай» ертегісінің басқа ертегілерден қандай ерекшілігі бар?
а) «Толағай» ертегісінің авторы бар
ә) «Толағай» ертегісінің авторы жоқ
б) «Толағай» ертегісін халық шығарған
в) «Толағай» ертегісі қиял-ғажайып ертегі
9. Мақалды толықтырыңдар. Отансыз ......., ормансыз ........
а) күрес, үлес
ә) елінде, жерінде
б) сұлтан, ұлтан
в) адам, бұлбұл
10. Мақалдың тақырыбын анықтаңдар.
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
а) Отан туралы
ә) білім туралы
б) сөз туралы
в) әдептілік туралы
Тест сұрақтары. Қазақ әдебиеті 6- сынып
ІІ тоқсан
1. Тапқырлықты,білімділікті керек ететін ауыз әдебиетінің түрі не деп аталады.
а) мақалдар;
ә) жұмбақтар;
б) ертегілер;
в) әндер;
2. «Загадка» деген сөздің дұрыс аудармасын табыңдар.
а) мақал- мәтел ;
ә) жұмбақ ;
б) ертегі ;
в) ән, жыр ;
3. Жұмбақтардың тақырыбы қандай.
а) әр алуан ;
ә) бір түрде ;
б) оқу жөнінде;
в) табиғат туралы ;
4. Берілген жұмбақтың тақырыбын анықтаңдар.
Зер зер кілем, зер кілем.
Көтерейін десем зор кілем.
а) ғарыш туралы ;
ә) хайуанаттар туралы ;
б) жер туралы ;
в) құстар туралы;
5. Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Жаны жоқ болса да,
Ақылы адам ісін істейді.
а) кітап ;
ә) өшіргіш ;
б) қарбыз;
в) бес саусақ ;
6. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмасы неде екенін белгілеңдер.
а) ойдан құралған әңгімелер ;
ә) жұмбақтар,жаңылтпаштар ;
б) мақал – мәтелдер;
в) тарихта болған адамға байланысты болады ;
7. Қобыз аспабының атасы кім?
а) Қорқыт ата ;
ә) Асан қайғы ;
б) Алдар көсе;
в) Жиренше шешен ;
8. Жиренше шешен қаздың етін бөлгенде, ханға не деп береді .
а) Қаздың басы сізге, сіз басымызсыз ;
ә) Құс мойынсыз, хан ханымсыз болмайды, мойын ханымға ;
б) Екі балаңыз қанатыңыз, қанат оларға;
в) орта адам менмін,ортасы маған ;
9. Қорқыт ата Желмаясымен дүние шарлап, не іздейді.
а) Жерұйықты ;
ә) түйесін ;
б) сәйгүлігін ;
в) туған жерін;
10. Қорқыт ата қобыз жасауды қай жерде ойлап табады.
а) ел аралап жүргенде ;
ә) түсінде аян береді ;
б) жолаушылап жүргенде ;
в) үйінде отырғанда ;
Тест сұрақтары. Қазақ әдебиеті 6 - сынып
ІІІ тоқсан
1. Шоқан Уәлихановтың шын аты қалай аталады.
а) Ибрагим
ә) Мұхаммедханафия
б) Әбілмансұр
в) Сәкен
2. Шоқан Уәлиханов қашан және қай жерде туылған.
а) Семей облысында 1845 жылы
ә) Қостанай облысында 1835 жылы
б) Қостанай облысында 1841 жылы
в) Алматы облысында 1894 жылы
3. «Кел ,балалар,оқылық» өлеңінің авторы кім.
а) Шоқан Уәлиханов
ә) Абай Құнанбаев
б) Сәкен Сейфуллин
в) Ыбырай Алтынсарин
4. Алғашқы қазақ мектебін ашқан тұңғыш педагог кім?
а) Ыбырай Алтынсарин
ә) Абай Құнанбаев
б) Сәкен Сейфуллин
в) Мұқтар Әуезов
5. Абай Құнанбаев орыс ақыны М.Лермонтовтың неше шығармасын аударған.
а) 15 шығармасын
ә) 27 шығармасын
б) 30 шығармасын
в) 26 шығармасын
6. Абайдың мәдениет пен білімге арналған өлеңдері қатарын табыңдар.
а) « Әсемпаз болма әрнеге», « Жазғұтырым»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»
б) «Құлақтан кіріп бойды алар», « Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Бойы бұлғаң», «Қыс»
7. Абайдың әжесінің атын анықтаңдар.
а) Зере
ә) Ұлжан
б) Әйгерім
в) Тоқжан
8. А. Байтұрсынұлының «Аққу,Шортан һәм Шаян» мысалында не мақсат қойды?
а) жұмыс істеуге шақыру
ә) қазақ елін тұтастыққа шақыру
б) айтқанын орындамауға
в) топастықты әшкерелеуге
9. Ж. Жабаев Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлерді жігерлендіретін қандай өлең жазды .
а) «Ленинградтық өренім»
ә) «Балаларға»
б) «Алатау»
в) «Өтеген батыр»
10. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы «Өткен күндер» қашан және қай жерде басылып шықты.
а) 1917 жылы Бұғылыда
ә) 1914 жылы Қазанда
б) 1911 Орынборда
в) 1908 Ақмолада
Тест сұрақтары. Қазақ әдебиеті 6 - сынып
І V тоқсан
1. І. Жансүгіровтың пьесаларының қатарын табыңдар.
а) «Күйші», «Дала», «Құлагер»
ә) «Жолдастар», «Гималай»
б) «Кек», «Түрксіб», «Исатай –Махамбет»
в) «Москва – Қазақстан», «Көкшетау»
2. І. Жансүгіровтың « өлеңмен жазылған роман» деп аталған қайсы поэмасы.
а) «Құлагер»
ә) «Күйші»
б) «Дала»
в) « Жолдастар»
3. Сапарғали Бегалиннің өмір сүрген жылдары
а) 1894 – 1938 жылдары
ә) 1873 1937 жылдары
б) 1895 – 1982 жылдары
в) 1845 – 1905 жылдары
4. «Бала Шоқан» әңгімесі С. Бегалиннің қайсы повесінің үзіндісі екенін анықтаңдар
а) «Қыран туралы аңыз»
ә) « Шоқан асулары»
б) « Сәтжан»
в) « Жас бұтақ »
5. Мұхтар Әуезовтың тұңғыш шығармасы
а) «Еңлік - Кебек» пьесасы
ә) «Қараш - Қараш оқиғасы» повесі
б) « Абай жолы » эпопеясы
в) Н. Гогольдың «Ревизорының » аудармасы
6. М. Әуезовтың шығармалары әлемнің неше тіліне аударылған.
а) 38 тілге
ә) 18 тілге
б) 27 тілге
в) 19 тілге
7. Сәбит Мұқановтың өзінің өмірі жазылған романының аты қайсы.
а) «Сұлушаш»
ә) «Балуан Шолақ»
б) « Жұмбақ жалау»
в) «Өмір мектебі»
8. Ғабит Мүсіреповтың шығармаларының басты тақырыбы
а) соғыс туралы
ә) Отан туралы
б) ана жөнінде
в) достық жөнінде
9. Ғабиден Мұстафиннің 1952 жылы жазған шығармасының аты
а) «Шығанақ Берсиев»
ә) «Дауылдан кейін»
б) « Қарағанды»
в) «Өмір не өлім»
10. «Менің Республикам» атты өлеңнің авторы
а) Сырбай Мәуленов
ә) Шерхан Мұртаза
б) Сәбит Мұқанов
в) Ғабиден Мұстафин