Презентация "Шерхан Мұртаза "Бесеудің хаты""

Подписи к слайдам:
Шерхан Мұртаза “Бесеудің хаты” Сабақтың мақсаты:  – тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру. Күтілетін нәтиже:  – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таниды;  -оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы мен шығармашылық дағдылары қалыптасады.  Сабақтың түйінді идеялары: тарихи драманың мазмұнын, автордың идеясын ұғынады.  Сабақтың әдісі-тәсілдері: диалогтік оқыту, эссе.  Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару 2. Үй жұмысын тексеру 3. Жаңа сабақ: Ой қозғау. Миға шабуыл  Шерхан Мұртаза кім?  Қандай шығармаларымен таныссыңдар?  Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған?  Драманың кейіпкерлері кімдер?  Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді. «Бесеудің хаты» - жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзінің саналы ғұмырындағы халқы үшін жасаған бірінші ерлігі еді. Хаттың авторлары Мүсiрепов, Ғатаулин, Қуанышев, Дәулетқалиев, Алтынбеков сынды қазақ зиялылары алғашқылардың бірі болып үлкен қадам басты. Көркем шығармалардың бір түрі — драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік оның кейіпкерлердің диалогі (диалог - оқиғаға қатысушы бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог -- әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы. Шығарманы рөлдерге бөліп оқыту. Кейіпкерлер туралы ойларын білу. Қазақ зиялыларының хат жазудағы мақсаты не? Драма деп қандай шығарманы айтамыз? Қорытынды: балалар тақырыпты жақсы түсінгендігін білу мақсатында шағын эссе жаздыру. Үйге тапсырма: “Бесеудің хаты” драмасын оқып келу