Конспект урока "Шоқан Уәлиханов" 10 класс

«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай
жарқ етті де жоқ болды». академик И.Н. Веселовский
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тұңғыш зерттеуші Шоқан Уәлиханов туралы алған білімдерін
жинақтау, топтау, қорыту.
Дамытушылық: студенттердің дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын
байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге,
отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік
шығармашылыққа баулу, әдебиетке, географияға қызығушылықтарын, туған
өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, мазмұндау, түсіндіру, ойландыру,
баяндау, іздендіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлихановтың суреттері, үлестірмелі
материалдар, презентация
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, дайындықты тексеру, сабаққа бейімдеу;
2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Дайындықтары сабақ барысында байқалады.
Студенттер алдын ала екі топқа бөлініп отырғызылады.
III. Жаңа сабақ.
Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты
түсіндіріледі.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
1. Шоқан туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен
байланысты деп ойлайсыңдар?
Осыдан кейін тақырыпты қысқаша түсіндіре бастаймын.
Шоқанның шын аты Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның
шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері
Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге
құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.
Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет
корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери
саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын
корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады.
Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген
ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары
оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин
сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.
Топтарға алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сөз беріледі
1 - топ. Шоқанның өмір жолдары.
а) арғы тегі, туып-өскен ортасы, балалық шағы;
ә) білім алу кезеңі (Омбыда оқуда болған жылдары).
2 - топ Шоқан – саяхатшы, тарихшы.
а) Шоқанның Ыстықкөл аймағына, Қашқарияға саяхаты;
ә) Шоқан өмірінің соңғы кезеңдері.
І топ сөйлейді:
1-оқушы: Шоқан (Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақ
халқының 19 ғасырдың екінші бөлігіндегі талантты ғалым ұлдарының бірі.
Ш. Уәлиханов – Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орыс
тілдерін, әдебиетін терең таныған жан.
Шоқан Уәлиханов қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835
жылы дүниеге келді. Шоқанның арғы атасы бүкіл қазақтың басын қосқан,
алаш жұртын жоңғардың жойқын майданында жеңіс туымен желбіретіп алып
шыққан, аты аңызға айналған Абылай болатын.
2-оқушы: Жасында Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.
Әжесінің бала күнінен «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып
кеткен.
3-оқушы: Ұлы ғалымның балалық шағы Құсмұрында, кейін Сырымбетте
өтеді. Шоқанды орта есейтеді, оған себеп болған қазақтың бай ауыз әдебиеті
еді. Жас шағында - ақ Шоқан зерек те, зейінді болады. Шоқан көп әңгімені
әжесі Айғанымнан естіп өседі. Сондықтан да, Айғаным бейнесі Шоқан есінде
мәңгілік қалады. Шоқан ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды, кейін
1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды.
4-оқушы: Шоқан мектепте араб тілін таза меңгереді. Ол шығыстың көп
тілін біліп өседі. Сондықтан да Шоқанға кейін Орта Азияны зерттеу қиынға
түспейді.
5-оқушы: Шоқан мектепте сурет салуға машықтанады. Оның құмартып
еліккен өнері – сурет болады. Сурет салу Шоқанның ғылыми жұмыстарында
көп көмектесті.
Бұған қоса Шоқан саяткерлікті, аңшылықты ұнатады.
6 - оқушы: Шоқан Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіреді. Одан
кейін Омбыда әскери қызметін бастайды. Бір жылдан соң Батыс Сібір мен
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында генерал-губернатор болып
жіберілген Гасфортқа адъютант болып сайланады. Бұл Шоқанның Орта Азия
халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын, әдебиетін терең
зерттеуіне мүмкіндік береді.
ІІ топ сөйлейді:
1-оқушы: Әскери қызметін атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының
тарихын, қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, географиясын
зерттеуге ден қояды. 1854 жылдан бастап Шоқан Жетісу жерін, Шығыс,
Орталық Қазақстан өлкелерін аралап шығады. Бұл сапарларында ол
жергілікті халықтың тарихы, жер-су аттары, әдет-ғұрпы, діни сенім-
нанымдарына байланысты мол материалдар жинайды.
2-оқушы: Шоқан қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы. Қазақстанды, Орта
Азияны зерттеген ойшыл, кемеңгер ғалым.
1856 жылдың мамыр айында Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына
саяхатқа шығады. Омбыдан бастаған бұл сапарында ол жол-жөнекей Семей,
Аягөз, Ақсу, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді. Жоңғар қақпасына,
Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы саяхатында Ыстықкөлдің
топографиялық суретін түсіреді.
Ыстықкөл сапарының нәтижесі бойынша саяхатшы - ғалым «Қырғыздар
туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының түрлері», «Ыстықкөл
сапарының күнделіктері» атты еңбектерін жазды. Қырғыз жыршыларының
аузынан «Манас» жырының нұсқаларын жазып алды.
3-оқушы: Ыстықкөлге сапардан соң Шоқан Қашқарияға саяхат жасайды.
Қашқарияда Шоқан 1858 жылдың 1 қазанынан 1859 жылдың наурыз айының
ортасына дейін болған кезде Қашқар қаласы мен Алты шаһар елін терең
зерттейді.
4-оқушы: Шоқанның өзі қатысқан саяхаттарынан жазған еңбектері оның
есімін бүкіл ғылыми және әдеби әлемге әйгілі етті. Шоқанның ғылыми
ғұмырнамасында әйгілі саяхатшы П.П. Семенов -Тянь - Шанскийдің орны
орасан зор. Шоқанның ғылыми мүмкіндіктерін жоғары бағалаған атақты
ғалым оны Орыстың императорлық географиялық қоғамына мүшелікке
ұсынған. Соның нәтижесінде Ш. Уәлиханов 1857 жылы 17 ақпанда небәрі
22 жасында орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды.
5-оқушы: 1863-1864 жылдың қысында Шоқан Омбыға барып, Сібір
қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысады.
Осы жолы ол «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін
жазады.
Шоқан 1865 жылдың сәуірінде 30-ға жетпеген шағында қайтыс болады.
Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге
қойылады.
6-оқушы: Шоқан өлімі қазақ халқына және оның орыс достарына ауыр тиді.
Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына
жазған алғы сөзінде академик Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов
Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың
Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап,
түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды
күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», –
деп жазды.
7-оқушы: Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай, 1985
жылы Шоқанның тарихи - мемориалдық мұражайы ашылды. Қазақстанның
көптеген қалалары мен облыс орталықтарында Шоқан Уәлихановқа
ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылып, көшеге аты берілген.
Өйткені, ғалым өмірі – ұрпаққа ұлағат.
(Мәтінмен жұмыс) *****
Мәтінді оқу, түсіну.
Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар (ауызша):
1) Мәтіннен антонимдерді табыңдар.
2) Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді табыңдар.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап (ауызша):
1. Шоқанның әкесінің аты.
2. Шоқанның арғы атасы.
3. Шоқан есімі қайдан шықты?
4. Шоқанның кадет корпусына түскен және бітірген жылдары.
5. Шоқан қай жылдарда Қашқарияға саяхат жасады?
6. Шоқанның әжесінің аты.
7. Шоқанның атақты саяхаты.
8. Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?
9.Шоқанның нағашысы кім?
10.Шоқан неше жасынды қайтыс болды?
«Дыбыстар сөйлейді». (Тақтада жұмыс)
Ш шығармашыл, О – оқымысты, Қ қайратты, А – ақылды, Н – намысты.
«Артығын тап!» (ауызша)
Шоқан Уәлиханов ...
Ғалым
Құрылысшы
Саяхатшы
Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер...
Қашқарияға
Ыстықкөлге
Текеліге
Шоқан Уәлиханов шығармалары
«Абай жолы»
«Манас»
“Алты шаһарға сапар”
Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер
Алтынемел
Астана
Алматы
Берілген сөздерден сөйлем құру. Сөйлем мүшелеріне талдау. (жазбаша)
1. тұңғыш ғалым, Шоқан Уәлиханов, қазақтан шыққан, және саяхатшы,
зерттеуші.
2. Шоқан, 22 жасында, орыс география қоғамына, 1857 жылы, сайланды,
мүше болып.
3. кадет корпусына, Омбыдағы, 12 жасында, оқуға түседі.
4. зерек, Шоқан, кішкене кезінен, алғыр, болады.
Тақырып бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.
(үлестірмелі материал)
Тақырып бойынша сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
Шоқан Уәлиханов Алматыда
туған.
2
Шоқан 1822 жылы туған.
3
Шоқан Қашқарияға саяхат
жасаған.
4
Шоқанның досы – А.С.
Пушкин болған.
5
Шоқан атақты сұлтандар
әулетінен шыққан.
6
Шоқан – саяхатшы, суретші.
7
Шоқан Уәлиханов 53 жасында
дүниеден өтті.
Аудару. (үлестірмелі материал)
Ш. Уалиханов родился в 1835 году. Он рос умным мальчиком.
Настоящее его имя – Мухаммедханафия. Шокан – это ласкательное имя,
данное ему бабушкой. Он обучался арабской грамоте, знал чагатайский и
другие тюркские языки.
В 12 лет он поступил в Омский кадетский корпус. Он учился очень хорошо.
Он побывал во многих местах, собирал образцы устного народного
творчества и материалы, связанные с историей и этнографией не только
казахского народа, но и уйгурского, киргизского, дунганского, китайского
народов.
Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас». В 1857 году он стал
членом русского Географического общества.
Сабақты бекіту.
5 жолдық тұжырымдама (Синквейн):
1. Кім? (Шоқан)
2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)
3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)
4. Мақал. (Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе, істеген заты қалар)
5. Синоним. (оқымысты – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі,
танымал – әйгілі)
Ой толғаныс.
Ал, балалар, көңіл - күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы
айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? (т.б сұрақтар
қойылады)
Үйге тапсырма: Берілген картаны толтырып келу.
Аты-жөні
Қандай
ғалымдармен
таныс
болған?
Қай
жерлерде
білім
алған?
Қай
жерлерде
қызмет
жасаған?
Қандай
еңбектері
бар?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге
үлкен рахмет! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін! Сабақ аяқталды.
Бағалау.
*******
Шоқанның ата - бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның
арғы бабасы Абылай хан ХVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі.
Ал, атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы
еді. Шоқанның әкесі – Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Шоқан өзі
хан тұқымынан болса, нағашы жұрты атақты Шорман би. Шоқан Мұхаммед -
Ханафия Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі
Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір
айында дүниеден өтті.
Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында оқыған адамдар шағатай тілінде
сөйлеген. Олар хат жазса "шұ"- дан бастап жазған. Шоқанның ата - анасы
оның мінезіне қарап, осы хан болады деп, баласын еркелетіп, «Шағатай тілі
мәнерімен»: «Шұ-хан» деп атаған. Солай Шоқан болып кеткен. Шоқанға
тәрбие беруге әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды.
Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от - жалынды азамат, ержүрек
саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Ол Орта Азия
мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. Шоқан
Уәлиханов шығармалары өз халқының тарихын, этнографиясын және
фольклорын зерттеуге арналған.
Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де, білімін де,
асқан дарынды талантын да туған халқының игілігіне жұмсағандығы. Ол
қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам - шырақтай аз уақыт жанды
да, тез сөнді. Өз басы кішіпейіл, еңбекқор, елгезек, жарқын жүзді адам
болды.
Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні,
ілімімен танысады. Сурет салуды да үйренді. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды
әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет
корпусына оқуға орналастырады. Осы әскери, әмбебап білім беретін оқу
орнында Шоқан жетілді. Алғаш оқуға түскенде бір ауыз орысша білмесе де
орыс жолдастарынан басып озды. 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер
шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскерлеріне қызметке жіберілді. Көп
ұзамай Батыс Сібір генерал - губернаторының адьютанты болып
тағайындалды. 1855 жылы Батыс Сібір генерал - губернаторы
Г.Х.Госфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған
сапарына қатысады. 1856 жылы белгілі ғалым П.С.Семенов Тянь-
Шанскиймен танысты. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп,
оның тарихын, этнографиясы және халықтың поэзиясын зерттеді. 1858-1859
жылдары Шоқан атақты Қашқария сапарына барып қайтты. Бұл сапар
Шоқанның ғалымдық атағын көкке көтерді.1860 жылы Санкт - Петербургте
ол орденмен марапатталып, әскери шені жоғарылады.