Зейін Шашкин "Доктор Дарханов" романы

Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Сыныбы: 7
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» романы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Зейін Шашкиннің өмірі мен
шығармашылығы туралы айта отырып, «Доктор Дарханов» романының
мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды Зейін Шашкиннің өмірі
мен шығармашылығы мен «Доктор Дарханов»
романының мазмұнымен таныстыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау
қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, сөйлеу
тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жазушының
шығармашылығы арқылы адамгершілікке,
әділдікке, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге Зейін Шашкиннің өмірірбаяны туралы мәлімет іздеу.
ІІІ. Жаңа сабақ: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов»
1.-Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосқан
көрнекті жазушылардың бірі-Зейін Шашкиннің шығармашылығымен
танысамыз. Олай болса, жазушының өмірбаянына байланысты
сызбаны толтырып көрейік.