1-бөлім: Өзім туралы

1-бөлім : Өзім туралы 6 -сабақ
Тақырыбы:
Киімдер № 6
Мектебі: Архипов орта мектебі
Күні,айы:
Мұғалімнің аты-жөні:
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар
саны:6
Сабаққа қатыспаған
оқушылар
саны:0
Оқу
бағдарламасына
сәйкес оқу
мақсаты
1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау,түсіну және оған сәйкес дұрыс
әрекетету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).
1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяуқарқында ) мұғалімнің көмегімен
иллюстрациялар /суреттер / сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап
беру.
1.2.3.1. .Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік
нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.2.6.1.Тындаған / оқыған материал туралы пайымдамасын (ұнайды
ұнамайды )жасау.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Киімдерді атай алады және олардың түсін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Киімдерді түсімен ажырата алады, сұрақ қоюды біледі, сұраққа жауап
беруде өзін еркін сезінеді.
Кейбір оқушылар:
Басқа да киім атауларын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін
қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-
күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың
ортасы
(6-40 минут)
(МК,Ұ)Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша оқушылар
киім атауларымен танысады. Сурет бойынша киім
атауларын ( көйлек, шалбар, жейде, күрте, етік,
бәтеңке) таңдайды, хормен және жеке-жеке
қайталайды.
Мұғалім алдын ала киімдерге байланысты
карточкалар дайындай алады. Оқушыларға бір-бір
каточкадан таратады. Әр оқушы өзінің қолындағы
киім түрін атайды.
(МК Ұ ) 2- тапсырмада оқушылар түстерді
қайталайды . Суреті бойынша көйлектердің түсін
айтады. « Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім
оқушыларға қызғылт , қызғылт ,сары көгілдір, күлгін
түстерін үйретеді.
(МК,Ұ ) 3-тапсырмада оқушылар өздеріне қандай
түсті киім ұнайтындарын айта алуды үйренеді.
Орындаған кезде оқушылар шығармашылық түрде
жұмыс істейді. Мұғалім оқушылар шығармашылық
түрде жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға ақ қағаз
таратады . Оқушылар оған өз қалауы бойынша бір
киімнің суретін салады, оны өзі тандаған түске
бояйды. Содан кейін тапсырмада берілген үлгі
бойынша айтады.
Сергіту сәті.
Оқулық
Аудиодиск
1.6.1.;
1.6.4.
Киімдерге арналған
карточкалар.
Қағаз,
Карындаштар.
(Ж ) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс
істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.
Ол үшін мұғалім үстелдің үстіне киімнің суреті бар
карточкаларды қояды (суретін төмен қаратып қою
керек). Бірінші оқушы бір карточканы таңдайды,
екінші оқушыдан оның не екенін және қандай
екенін (түсін) сұрайды.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау
арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында
алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта
алған білімдерін бекіте түседі.
Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ
АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын
қалыптастырады.
(Ж)4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс
істейді.Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.Ол
үшін алдын ала екі-үш түсті доп немесе
қарындаш,текше дайындап қояды.Бірінші оқушы
доптардың қасында,екінші бала оның қасына
келеді.Олар бір-бірімен амандасады.Содан кейін
екінші бала бірінші баладан қандай да бір түсті(өзі
таңдаған) доп беруін сұрайды
Сабақтың соңы
41-45 минут
(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім
оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар
сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс
істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық
туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды
жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол
жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.