Конспект занятия "М. Мақатаев «Елім барда»" 5 класс

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Елім барда»
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі-XX ғасырдың біртуар тұлғасы,поэзияның
Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидің өміріне шолу,ақынның поэзиясына
талдау жасай отырып өлеңнің идеясын,мақсатын ұғындыру..
2.Дамытушылығы-оқушының сөйлеу мәдениетін
дамыту,өз пікірі,эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау,ауызша
да,жазбаша да еркін,көркем сөйлеуге ақын шығармашылығы арқылы үйрету..
3.Тәрбиелілігі-поэзия әлемімен оқушылардың жан
дүниесіне үңілу,елін,жерін сүюге,әнді,өлеңді қадірлеуге,табиғатқа деген
мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-
жауап,анализдеу,синтездеу,салыстыру,ойтолғау.
Көрнекілігі: Слайд,тірек сызбалары
Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру
II. Үй-тапсырмасын сұрау
А)Блиц турнир
1. Мұқағали Мақатаев қай жылы,қайда дүниеге келген?
2. Мұқағалидің әкесінің аты кім?
3.Мұқағалидің анасының аты кім?
4. Мұқағалидің қандай өлеңдерін білесің?
5. Мұқағалидің Халық,Отан,Тіл деген ұғымдарын мақтанышпен білдіретін
өлеңі қалай аталады?
6. Мұқағали ақынның қандай поэмалары бар?
7. Ақынға арналған мұражай мен ескерткіш қайда орналасқан?
8. Ақынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы қашан берілді?
9. Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен ақынға қандай атақ беріледі?
10. Мұқағали Мақатаев қай жылы дүние салды?
Ә)Ақынның «Қайырлы түн», «Қара өлең» атты өлеңдерін жатқа айту.
III. Жаңа сабақ: Таудай едің таудың алып тұлғасы,
Нағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей,өлеңнің буырқанған бурасы.
деп Жәркен Бөдешұлының өлең жолдарымен бастағалы тұрмын.
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен,асқан шеберлікпен бере білу екінің
қолынан келе бермейді.Бұл тек шабыты өте жоғары,өлең шығару дарыны
ерекше үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді.Сондай таланттардың бірі –
М.Мақатаев.Мұқағали ақын өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы
түспеген қазақтың қара өлеңінің құдіретіне терең сырына қаныққан
ақын.Сонымен бірге Мұқағали-ғажайып гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін
сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ
ақын.
Табиғат,жанымды алсаң алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшың едім
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің
Артымда қалсын жерім,қалсын елім.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі,шабыт тұғыры-туған елі,өскен жері,Отан
тағдыры,замана тынысы.Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән бейнелі
образдармен бедерлеп,өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.Ол өз
шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп,мазмұнын
байытты.Ақынға бір кездері ақ қанат құс арманын қуып келген ару
Алматының төрінен көшенің аты берілді.Аспан тауының ақиық ақынына
аспанмен таласқан биік ескерткіш те қойылды.Бұл-Мұқағалидің мәңгілік
ғұмыр екенінің айқын айғағы.
IV. Мағынаны таны. «Елім барда» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлең не жайында жазылған?
Ақын Отанына,еліне деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?
V. Ойтолғау.Ақынның өлеңдері,қасиеттері және өлеңдерінен алған әсерім.
VI. Сергіту сәті.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,
Абай болып табынсам бір кісіден,
Абай болып түңілдім бір кісіден,
деп Абайды үлгі тұтқан ақиық ақынның өмірі жыр болса,жаны әнге құмар
еді.Ақынның көптеген өлеңдеріне композиторлар ән шығарды.
VII.Бекіту.
Дискуссиялық сұрақтар
Ия
Жоқ
1
М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы,Райымбек
ауданы,Қарасаз ауылында дүниеге келді.
+
2
«Қайырлы түн» өлеңі оқу білім туралы
жазылған.(Табиғат,туған жер)
+
3
Мұқағали поэма жазбаған. (Аққулар ұйықтағанда)
+
4
Ақынның жары Лашын Әзімжанова
+
5
Мұқағалидің азан шақырып қойған аты
Мұхамметқали
+
6
Ақын орыс ақындарымен жақын араласпады (Сергей
Есенин)
+
7
Мұқағали ақын «Аққулар ұйықтағанда» дастанын
Ғ.Мүсіреповке оқып бергенде,ол кісі алтын қаламын
сыйға тартқан.
+
8
Ақын өлеңді 20 жасынан бастап жаза бастады. (10)
+
9
Ақын өте жуас,момын адам болған. (Бірбеткей,өр
мінезді)
+
10
Мұқағалидің 100 шақты өлеңдеріне ән жазылған.
+
VIII. Үйге тапсырма: Ақынның «Елім барда» өлеңін жаттау.Туған
жер,ел,Отан туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жазып келу.
IX. : Бағалау.
X. Қорытынды.
- Сабақ аяқталды!
-Сау болыңыздар!