Конспект урока "Абайдың мұражай үйі" 9 класс

9-сынып.Қазақ тілі . (орыс сыныбы) ЖОБА
Тақырыбы: Абайдың мұражай үйі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай өмірі,шығармашылығы туралы білімдерін тексере
отырып,танымын кеңейту. мұражай туралы мағлұматпен
танысу,оқушылардың сөздік қорын молайту,
Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту,
ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру. Ой қорытып, нақты
шешім жасау біліктілігін арттыру, ізденушілікке ықпал жасау, талдай білуге
төселдіру,
Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеуге үйрету. Оқушыны білімділікке, ойлылыққа
жетелеу, жаттығу жұмыстары арқылы адамгершілікке, Отанды сүюге, өнерлі
болуға тәрбиелеу. Абай ұлылығына сүйсінуге халықтық педагогика үлгісінде
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, айтылым, тыңдалым, жазылым,
лексика-грамматиканы пысықтау
Көрнекілік: Абай шығармаларына слайдтар, «Абай» деректі фильмі,
кітаптар көрмесі, мұражай жәдігерлері, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,музыка
Сабақ барысы:
І кезең. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушылармен сәлемдесу.
Бүгін ерекше күн, өйткені біз сендермен қасиетті Семей жеріндегі «Абай
мұражайына» барамыз.
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!
Айдың орнын баса алады Күн ғана,
Таудың орнын баса алады шың ғана.
Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа
Керек болды Мұхтар сынды бір дана
Ендеше билет алайық. Билеттеріміз барлық электропоездағыдай 3 санатқа
бөлінеді. Өткен сабақта біз еліміздің биік тұлғаларының бірі Мұхтар ағамыз
туралы «Әуезов үйі» мәтінімен танысқан едік. Билеттің құны - сол сабақта
алған білімдеріңмен есептеледі.
3-санатты билеттер:
1. «Әуезов үйі» дегеніміз не?
2. Мұра деген сөздің баламасын ата
3. Мұражай неше бағытта жұмыс істейді?
4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
2-санатты билеттер:
1. Жазушының өмірі туралы не айтар едің?