Конспект урока "Дулат ақын шығармашылығы мен өмірбаяны" 9 класс

Класы-9
Пәні: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Дулат ақын шығармашылығы мен өмірбаяны
Сабақтың мақсаты: а)білімдік:Дулат ақынның шығармаларын жан жақты
талдап, тақырып, идеясы жағынан ақын өлеңдерінің мазмұнын ашу
ә)тәрбиелік:оқушылардың патриоттық сезімін ояту, елге адал болуға, отан
үшін шынайы еңбек ете білуге тәрбиелеу, ақын шығармаларын талдау
арқылы жаман мен жақсының парқын білуге үйрету
б) дамытушылық: оқушының жеке пікірінің қалыптасуына, ойын еркін
жеткізе білуіне ықпал ету
Сабақтың түрі: Сатылай кешенді талдау, жаңа сабақ
Әдісі: сатылай кешенді талдау, сұрақ –жауап, талдау, түсіндіру,
пікірлесу,топпен жұмыс
Көрнекілігі: плакаттар, үлестірмелі карталар, кеспе қағаздары
Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, класты
түгелдеу. Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай туралы оқушының
қосымша ізденіс жұмыстарын сұрап, қорытындылау.
Жаңа сабақ. Кіріспе сөз. Дулат ақынның шығармашылығы мен өмірбаяны
туралы қосымша мәлімет беру.
Дулат жырау қазіргі Семей обылысы, Аягөз ауданында туып өскен.
«Тегімді менің сұрасаң, қалың найман нуынан» деп, өзінің найман руынан
шыққанын өлеңдерінде келтіріп кетеді.
Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы
қатарлы адамдардың бірі болған. Ол тек жыршы ғана емес, заманы
туралы терең толғаған, ойшыл,ел қамын ойлаушы жан. Қазақ халқының
қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған
ақынды ─ зар заман ақындарының белді өкілі деп санаймыз.
Ақынның бізге жеткен мұрасы мың жарым жылдай. Дулат өлеңдерін
алғашқы жеткізуші 1839 1919 жылдары ғұмыр кешкен Байділда
атты адам. Кейіндері Ғаббас Байділдаұлы, Шәкір Әбенұлы жинаған.
Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда «Өсиетнама»
деген атпен 1880 жылы басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800
жолдай. «Еспенбет» атты поэмасы бар.
Ақынның алғаш аты 1939 жылы құрастырылған С. Мұқанов, Қ.
Бекхожин хрестоматиясында кездеседі.
1940 - 1941 жылдары шыққан мектеп оқулықтарында Қ. Жұмалиев
шығармаларын талдап жазды.
1961 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» I томында ақын жайында
толық айтылды. «XVIII XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының
шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Дастандар»
(1960), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) секілді жинақтарда Дулат
өлеңдері көрінеді.
Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар: Х.
Сүйінішәлиев, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М.
Мағауиндер болды.
1880жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Ой шақыру стратегиясы:
Зар заман ақыны
жыршы
Дулат найман руынан шыққан
(1802-1871) өмір сүрген
Шығармалары: «Қазақ деген ғаріп жұрт», «Тырнақтай меңі болған соң», «
Асқар таудың сәні жоқ», «Ата қоныс Арқадан», «Тегімді менің сұрасаң»,т.б.
Шығармаларын мынадай топқа бөлеміз: арнау өлеңдер, толғаулар, мысал
өлеңдер.
Шығармаларын талдау.
І.Арнау өлеңдерінен «Сүлейменге»,толғау өлеңінен «Тегімді менің сұрасаң»
талдау
Сатылай кешенді талдау
І топ ІІтоп
1. Авторы: Дулат ақын
2. Тақырыбы: «Сүлейменге»
3. Жанр түрі: арнау өлең
4. Идеясы: ел билеушілерді өткір
тілімен сынау.
5. Шумақ саны. Толғау түрінде
жазылған
6. Тармақ саны
7. Бунақ саны: 2
8. Ұйқас түрі: аралас
9. Әдеби теориялық ұғымдар:
ассонанс (Айбарлы ақ ордада),
риторикалық сұрақ(Шешеннің аты
шешен бе, Даугердің тауын шақпса),
метафора(сөз-жібек жіп, жыр -кесте),
теңеу(бұзауы өлген сиырдай),
эпитет(қорқау қасқыр), антонимдік
сөздер(Жау айбынар досың жоқ, Жар
–жапсарда қасың бар)
10. Негізгі түйін, тәрбиелік мәні:
оқырманын екіжүзділіктен аулақ
болуға шақырады. Елді әділ билеу
керектігі айтылады.
Қорытынды
1. Авторы: Дулат ақын
2. Тақырыбы: «Тегімді менің
сұрасаң»
3. Жанр түрі: толғау
4. Идеясы: замана шындығын ашына
айту арқылы өзінің ақындық
шеберлігін оқырманға жеткізу
5. Шумақ саны.12
6. Тармақ саны
7. Бунақ саны: 2
8. Ұйқас түрі:кезекті, шұбыртпалы
9. Әдеби теориялық ұғымдар:
аллитерация(Тоят төс салпы ерінді,
Топтан торай бермейтін, Тұлпар
аттай қунақпын!), теңеу(сорғалаған
нөсердей, Жырын тыңда
Дулаттың),егіздеу(Ер деп елді
бұзғышты, Сұқсыр деп сұмырай
қызғыштыкез құйрықты лашын
деп....)
10. Негізгі түйін, тәрбиелік мәні:
орыстың ұлығына жалпақтайтын
қазақ атқамінерлерін сынға алады.
Жыршының шындықтан бас тартпай
сөйлеу керектігін дәлелдейді
Кестеге мысал өлеңдерінің атын жазып, мазмұнын қысқаша баянда
Мысал
Мазмұны
«Сары шымшық»
«Қара қарға жем тілеп»
«Айтпасымды айтқыздың»
Тапсырма Веен диаграмма
Ахмет Байтұрсынов Дулат ақын
Мысал өлеңдерді (40)
Крыловтан аударды,
тақырыбы кең
ауқымды.т.б.
Мысал өлеңдер жазды,
өз оқырмандарын
тапты.т.б.
Мысалды өз өмірінен
алды, төлтуынды.т.б
Кеспе сұрақтары:
«Зар заман ақындары » деген ұғымды кім енгізді? Бұл ақындар туралы
білетініңізді баяндаңыз!
«Отаршылдық» дегенді ақын сөздерін пайдалана отырып, түсіндіріңіз.
Орыстың ұлығы мен қазақтың шолақ белсенділеріне ақын өлеңдеріне сүйене
отырып мінездеме беріңіз
Ескі көзқарастағы ақындардың шығармалары туралы өз пікіріңді айтыңыз
Дулат заманы мен өз заманыңды салыстыра әңгімеле.
Блиц – тест:
1. Дулат өмір сүрген жылдар:
А)1845-1904 Б)1818-1881 В)1802-1871 Г)1841- 1889 Д)1803 – 1846
2. «Өсиетнама» қашан шықты?
А)1881 Б)1880 В)1802 Г)1818 Д)1885
3. Дулаттың дастанын ата
А) «Еспембет» Б) «Ескендір» В) «Асанға арнау» Г) «Топжарған» Д)
«Кенесары - Наурызбай»
4. Өлеңге қажетті жер атауын қойыңыз «..., қайда барасың
А) Аягөз Б)Ақжайлау В)Сандықтас Г)Семей Д)Шығыс
5. Мысалда(«Сары шымшық») қандай мінезді шенегенін табыңыз
А) елді дұрыс басқара алмау Б) өтірікті көп айту В)бос қиялдау Г)көп
сөйлеу Д) мақтану
Шығармашылық жұмыс. Дулат заманындағы билеуші болсам... (не
істер едіңз пікіріңді жаз) І топ
Дулат ақыннан сөз естіген билеуші болсам... (ақын сөзінен кейін
қандай іс-әркетке көшер едің?) ІІ топ
Кестені толтыр:
Білетінім
Білгенім
Білгім келеді
Қорытынды. Дулат ақын шығармашылығы туралы не білдік?
Үйге тапсырма. «Еспембет » дастанын оқып келу
Класы- 5
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Фразеологизмдер (Тұрақты тіркестер)
Сабақтың мақсаты: а)білімдік: тұрақты тіркестер туралы кеңінен мәлімет
беру, әр сөздің мағынасын түсіне білуге үйрету
ә)тәрбиелік: сөйлеу әдебі мен жүйелі, мәнді сөйлеуге баулу
б)дамытушылық: оқушы ой – өрісінің қалыптасуына ықпал ету
Сабақтың түрі:ойын сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздары, кестелер
Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
110-жаттығу
Қорытынды.
Жаңа сабақ. Екі немесе біренеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен, бір
ғана мағынаны білдіретін тіркестер фразеологизмдер деп аталады.
Тұрақты тіркеске тән белгілер:
1. Тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің мағынасы фразеологизмдердің
мағынасымен сәйкес келмейді.
2. Тұрақты тіркес құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен
айтылады.
3. Тұрақты тіркес даяр қалпында жұмсалады
4. Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары, антонимдік қатары
болады.
Тұрақты тіркес ойды көркемдеп жеткізудің бір құралы.
Тапсырмалар
Тұрақты тіркес
Мағынасы
Ит өлген жер
Тіл қатпау
Аузына алмау
Зәресі зәр түбіне жету
Тамырына балта шапты
Бәйек болды
Көз шырымын алды
Басы қатты
Аузына құм құйылды
Құрдай жорғалады
Тапсырма -2
Синонимін табыңыз.
А)Тамырына балта шапты күлін көкке ұшырды
Таяқ тастам жер қарға аттам жер
Көзді ашып – жұмғанша – қас қаққанша
Ә)Тұрақты тіркеспен бер: бытырау, бүлдіру, күшті, сыйлау, ынжық,
молшылық,әділдік, зұлымдық, шебер, олақ, тез
Б) нәр сызбау, сөзге келу, езу тарту, жақ ашпау, бетінен оты шығу, көз тігу,
жаны қуырдақ болу – синонимін жаз
Антонимін табыңыз.
Аузын буған өгіздей аузы – аузына жұқпау
Ит пен мысықтай тонның ішкі бауындай
Қой аузынан шөп алмас жүрген жерін үйітіп кету
Көз тастау –көзге ілмеу
Екі құлағын түру құлағын тас бекіту
Сергіту сәті. Шарды оқушыларға лақтыру. Дене мүше айтылады. Сол сөзді
қатыстырып, оқушы тұрақты тіркес беріп, шарды қайтарады. Мысалы: жүрек
жүрегі тас төбесіне жету, құлақ, бас, көз, ауыз, тіл, өкпе, бармақ, аяқ. т.б.
117-жаттығу тұрақты тіркесті бір бөлек, жай тіркесті бір бөлек жазу
«Сен маған, мен саған» ойыны. Оқушы тұрақты тіркесті сөз айтады, екіншісі
мағынасын айтады. Келесі оқушы жай сөз, екіншісі тұрақты тіркеспен береді.
Шығармашылық жұмыс. Досыңа тұрақты тіркестерді пайдаланып, сипаттама
бер.
Қорытынды. Тұрақты тіркес дегеніміз не? Тұрақты тіркестердің
ерекшеліктерін атаңыз.
Бағалау.
Үйге тапсырма 121- жаттығу