Конспект урока "Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары" скачать бесплатно

Конспект урока "Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары"


№5 орта мектеп
(Ашық сабақ)
Пәні: Бейнелеу
Мұғалім: Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Сыныбы: 6 сынып
2013-2014 оқу жылы
Шалқар қаласы
Пәні: Бейнелеу
Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-
суретші Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны туралы мағлұмат және «Абай»
тақырыбындағы шығармаларының кескіндемелік туындысын ашу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Қастеев туралы мәліметтер,
фотосуреттері. Абай Құнанбаевтің сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі,
график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-
өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған
жері — Алматы қаласы. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге
жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға,
сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық
өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға
көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Еңбек жолын Түрксіб темір
жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет
студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық
өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем
туындыларды дүниеге келтірген.
Оның алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз»
еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы»,
«Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз
үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру»
тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды.
«Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған
атақты суретші кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов»,
«А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы
әйгілі адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді.
Соның ішінде бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Жас Абай», «Киіз үйдің
жанындағы Абай» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып,
әсерлену негізінде салған суреттері бар және осы суреттерге тоқтала кетсек.
«Жас Абай» «Киіз үйдің жанындағы Абай»
«Киіз үйдің жанындағы Абай» атты кескіндемелік туындысы 1938 жылы
акварель техникасында орындалған, тұңғыш туындысы. Әлі кәсіби шеберлігі
толық қалыптаспаған суретшінің бұл кездегі кескіндемелік жұмыстарының
басым көпшілігі акварель техникасында орындалып, қарапайымдылығымен,
тазалығымен, авторлық көзқарастардың айқындығымен ерекшеленеді. ¥лы
ақынды қазақтың кең байтақ табиғатының аясында бейнелеген Ә.Қастеев
қоршаған орта мен қазақ даласының кеңдігі арқылы ұлы ақын образын
ашудың алғашқы қадамдарын жасайды.
1945 жылы Әбілхан Қастеев Абай тақырыбына қайта оралады. Абай образын
ашуда суретші енді ақынның шабыт шалқарындағы жастық шағының толық
тұлғалық портретін жасау арқылы көркемдік шешім табу жолдарын
қарастырады. Шабыттың келесі бір сәтті жемісі Абай бейнесін асқақтата
түскен. Бойын тіктеп, қолына ұстаған кітабын оқу барысында алған әсерінен
әлі арыла алмаған жас ақынды болашақтағы үлкен шығармалардың жоспары
арқаландырып тұрғандай. Оның әсерін қолына кітап ұстаған күйі көзін
алысқа қадап, терең ойға кеткен тұрысынан байқаймыз.
Бұл портреттік туындылардан Ә.Қастеев шығармашылығындағы тарихи
портреттік бейнелерге тән өзіндік мәнерді байқауға болады. Бейнеленуші
тұлға алдыңғы планға шығарылып, қалған көмекші детальдардың барлығы
кейінге ығыстырылады. Тарихи тұлғаның қоғамдағы ролін, қызметін анықтап
көрсететін затты кейіпкердің қолына ұстата бейнелеу де кескіндемеші
қылқаламына тән. Мұндай тұлғаларға мінсіздік, кіршіксіз тазалық және
сабырлылық тән.
4. Практикалық жұмыс. Абай Құнанбаевтің «Қыс» тақырыбындағы өлеңіне
сурет салу.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды,
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай сырт айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына тез тақалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
5. Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауаптар
6. Үйге тапсырма: Суретті толық аяқтау. «Күз» өлеңіне сурет салу.
7. Оқушыларды бағалау.