Конспект урока "Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі" 11 класс

Тақырыбы: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулардың
шығармашылығы туралы, саз өнері мен музыкалық аспаптармен жан-жақты
таныстыра отырып, танымдық түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау,
талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын
құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: кіріктірілген
Көрнекілік: суреттер, слайд, суреттер, көрме, ұлттық аспаптар, бейнефильмдер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ халқының мәдениеті
1тапсырма. «Алтын қақпа» ойыны.
«Темір қақпа» бөлімінің сұрақтары:
1. Қазақтарда киіз үйдің қанша түрі болғаан?
2. Үйдің дәл ортасында не орналасатын болған?
3. Жас келіндердің бас киімі қалай аталады
«Күміс қақпа» бөлімінің сұрақтары:
1. Қазақтардың жылқы сүтінен дайындайтын тағамы қалай аталады?
2. Қазақтар үшін астрономиялық сағат болған жұлдыз қалай аталады?
3. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстана бастады?
«Алтын қақпа» бөлімінің сұрақтары:
1. Қазақтардың тарыдан жасалатын өте бағалы тағамы?
2. Жаңа түскен келіннің жаңа отаудың босағасы биік, шаңырағы берік болсын деп
жасайтын ырымы қалай аталды?
3. Қазақтар көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт
басты қарқараны не үшін таққан?
2 тапсырма. Сәйкестендіру. Поэмаларды жазу тілімен сәйкестендіру керек.
1. «Едіге», «Ер Сайын» А. Қыпшақ тілінде
2. «Ер Көкше», «Базар батыр» В. Кердері тілінде
3. «Талас ескерткіштері» С. Алшын тілінде
4. «Наһжи әл Фарадис» Д. Керей тілінде
5. «Кодекс куманикус» Е. Дулат-үйсін тілінде.
Жауабы: 1.С, 2.Д, 3.Е, 4.В, 5.А.
Жаңа сабақ: § 46-47. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Жоспары:
1. XV-XVI ғасырлардағы ақын-жыраулар.
2. Саз өнері.
3. Қазақтың музыкалық аспаптары.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы
(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би,
философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Қызылорда облысы Шиелі
ауданы«Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.
Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз,
қарақалпақ,ноғай тағы басқа) кеңінен тараған.
Доспамбет туралы бейнематериал көрсетіледі.
Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азов
қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ
халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Доспамбет жыраудың жырлары
ертеректеМ.Османовтың “Ноғай уа құмық шығырлары” атты жинағына енген. Кейін
В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” деген жинақта басылды. Ертедегі
әдебиет нұсқалары” , “Алдаспан” , “XV XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” , “Бес
ғасыр жырлайды” , т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып
келді. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған.
Қазтуған толғауынан үзінді тыңдатылады.
Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы -
ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз.
Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы
айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында
туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына
қоныс аударған.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы
қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі
талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса
бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің
және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар
маңында өткізді.
«Ақтамберді толғауынан» үзінді тыңдатылады.
Ақтамберді Сарыұлы Оңтүстік Қазақстан облысында дәулетті отбасында
дүниеге келген. Ол 17 жасынан бастап қазақ хандығымен Орта Азия хандықтарының
арасындағы соғыстарға қатысқан.1729 жылы өлім жазасына бұйырылып, қашып
құтылған.Жырау жоңғарларға қарсы 1723-1730 жылы кезінде орта жүз рубасы
ақсақалдарынның бірі болды.Жоңғарлар талқандалып еліміздің шығысы азат
етілгеннен кейін, босаған жерге елді қайта қоныстандыру кезінде де жырау
айтарлықтай қызмет атқарады.
Үмбетей жырау Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген.
Үмбетейдің жыраулық жолға түсуіне қобыз тартып, ел ішінде абыз атанған әкесі
Тілеудің әсері мол болған тәрізді. Жырау атақты батырларды мадақтап, елге
таныстырып отырған.
Саз өнері. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар шетел ғалымдарының қазақ халқының саз өнеріне берген бағаларын
ескере отырып, 5 минуттық эссе жазады.
Француз жазушысы Ромен Роллан да қазақты екінің бірі домбыра тартып, ән
айтып, өлең шығаратын өнерлі халық,ақын халық деп бағалаған.
Қазақтың музыкалық аспаптары. Оқулықпен жұмыс.
«Қазақтың ұлттық аспабы- Жетіген және Сыбызғы» туралы бейнематериал
көрсетіледі.
Оқушылар өткен білімдерін еске түсіре отырып және бейнематериалдан
көргендері бойынша қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлерін атап,
жазулары керек.
Жаңа сабақты бекіту:
1 тапсырма: сұрақ-жауап.
1. ХҮ ғасырдағы ақын-жырауларды ата.
2. Жыраулар деп кімдерді айтамыз, олардың ақындардан айырмасы қандай?
3. ХҮІ ғасырдағы ақын-жыраулардан кімдерді білесің?
4. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар?
5. Саз өнері қай кездендами бастады?
6. Шетел ғалымары қазақ халқының саз өнеріне қандай баға берді?
7. Қазақтың саз аспаптарының түрлерін атап беріңдер.
2 тапсырма: Кесте толтыру.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
- Қазтуған Сүйінішұлы, Сыпыра жырау, Жиембет,Бұқар жырау туралы қосымша
мәлімет жинақтау;