Конспект урока "Англия мемлекети" 6 класс


Тақырыбы:Англия мемлекети
6-сынып
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды ежелгі үйсіндер туралы тарихи деректермен олардың мекен қоныстарынан
табылған археологиялық ескерткіштермен таныстыру.
• Үйсіндердің күнделікті тіршілігінен, шаруашылғынан хабар беретін археологиялық
ескерткіштерге сипаттама беру, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, тарихи фактілерге,
құбылыстарға баға беру арқылы олардың ой, таным деңгейін дамыту.
• Оқушылардың қазақ халқының негізін құраған тайпалардың бірі, өз кезіне лайық дамыған
шаруашылығы, озық салт-дәстүрі болған үйсіндер мемлекетімен таныстыру.
І. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
2. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер?
3. Кейінгі палеолиттің мерзімі?
4. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?
5. Сақ қоғамы неше топтан тұрады?
6. Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?
7. «Алтын киімді адам» туралы не білесің?
8. Сақтардың әдет-ғұрпы, діни-нанымы туралы не білесің?
9. Орталық Қазақстандағы «мұртты обаларға» сипаттама бер.
10. «Аң стилі» б.з.б нешінші ғасырда пайда болған?
Жұмбақтар шешу.
Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ – кілті білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде?(құдіретті еркектер)
Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ – кілті білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде?(массагеттер)
Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік?(хаоумаварга)
Қазақстан баршаға болған мекен
Баурайы да байлыққа толған екен
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде,
«Алтын адам» нешеде болған? (17)
ІІ.«Кім алғыр?» сұрақ-жауап
1. Үйсіндер туралы деректер қай елде кездеседі?
2. Жазба деректерде үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы не айтылған?
3. Үйсін қоғамының құрамына кімдер жатады?
4. Үйсін мемлекетінің астанасы қай қала?
5. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?
6. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынас жасаған?
7. Үйсіндердің табиғаты туралы не білесің?
8. Үйсіндер б.з.б нешінші ғасырда өмір сүрген?
ІІІ.Жаңа сабақ.
• Үйсіндердің мал щаруашылығы.
• Егіншілік пен отырықшылық.
• Түрлі кәсіпшілік.
• Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары
Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген. Үйсіндер далалы аймақтан тау
бөктеріне көшіп жүрген. Үйсіндердің бір бөлігі егіншілікпен де шұғылданған. Дәнді дақылдардан
арпа, тары өсірген. Үйсіндер суармалы, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Олардың егіншілікпен
айналысқандығын жазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы.
Тау бөктерлерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған. Олардың қысқы үйлері шикі кірпіштен және
балшық лай құйылып қаланды. 4-5 үй бір ауылды құрады. Қолөнершілер былғарыны пайдаланып,
одан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасады.
Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасаған. Балқыту
арқылы темірден мыс пен қоладан балта, орақ, пышақ, біз, шеге, қазандар, қару-жарақ жасаған.
Қарғалыдан табылған тәті (тәж тәрізді әшекейлі бас киім) б.з.б 2-1 ғ аралығы. Тәті ұзындығы 35-см,
ені-4-7 см.
Термин сөздермен жұмыс.
Гуньмо-
Тәті-
Бекіту сұрақтары.
1. Малдың қандай түрлері өсірілді?
2. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады?
3. Үйсіндердің салт-дәстүрлері мен діни нанымдары туралы не білесің?
4. Қарғалыдан табылған тәті туралы әңгімелеп бер.
5. Түрлі кәсіпшілік қалай дамыды?
Білемін Білдім Білгім келеді?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
22 тақырыпты оқып, үйсіндер туралы шағын әңгіме жазып келу.