Конспект урока "Дін экстремизмның алдын алу" 9 класс

Сабақтың тақырыбы: «Дін экстремизмның алдын алу»
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық
негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор
материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа,
бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты
дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд
суреттері плакаттар,
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
сабақ жоспарымен таныстыру
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3 Мектептегі дінтану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
4 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
5 Қорытынды
ІІІ. Қорытындылау
6. Соңғы пікір
Кіріспе сөз Дінтану пәнінің мұғалімі Елеусизова Н.М. Құрметті ұстаздар,
оқушылар. Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алуатты 8 -
11сыныптар арасындағы дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның
ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба,
әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Діни экстремизмнің
алдын алутақырыбы да осы арнаға келіп саяды. қазіргі уақытта қоғамның,
мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз
сіздерге ой тастайды.
1 - жүргізуші: Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді,
Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде
1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған
мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы,
Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі
Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру.
Ислам діні адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке,
бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын
түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас,
сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі
таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік
1 - жүргізуші: Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
Әлімжан: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген
терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан
жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл үлкен
қауіпті құбылыс.
Жадыра: Әлімжанның сұрағына қосатын болсам, я нақты балама жоқ Енді
осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,.
Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы,
шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас
пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен
қатар, бұл тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа
шығаратын саяси қызмет түрі.
1 - жүргізуші Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
Азамат менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық
жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық
құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді -
кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті
заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы
жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және
діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша
азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір
ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға
ұмтылады.
1 - жүргізуші Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Асыл - Айжан қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару.
Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы
әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен
көзқарастарын насихаттау деуге болады.
1 - жүргізуші Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше,
экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету
үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем
жұртшылығын алаңдатып отыр.
1 - жүргізуші: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
Қожантайқызы Перизат Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне
болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы
Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық
енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше
Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды
сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін
жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі
жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты.
Аділхан: Бұрын біздің ата - әжелеріміз Кеңес кезінде дінді ашық ұстай
алмады. себебі....
Наргиз: менің жеке пікірім бойынша Біріншіден, еліміз тоқсаныншы
жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттің күш - жігерін
негізінен экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен
руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін аласапыран
заман саналған жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы
жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым төмендемеген еді.
Нурбол: Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа деген
қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп, халыққа шама-шарқынша дұрыс
тәлім - тәрбие беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік -
экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз салқынын тигізді. дәлел
келтіретін болсам, Мемлекет халықтың рухани бағытын айқындап бермеген
соң, қаталаған қалың бұқара шөлі қанбаса да секталардың жалаң діни
ақпаратынан су ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы
мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана
білді. Егер біздің билік Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген
мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей
рухани дағдарыс орын алмаған болар еді.
Самал Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы
«Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға
мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты
айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге
дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске
асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер
еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл
туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және
халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын
кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған
БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек,
еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы
экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге
әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және
тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және
ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан
келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996
жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1
маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым
аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға
болады.
1 - жүргізуші Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған
қосар ойың?
Нұрбол Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру
бүгінгі күннің өзекті мәселесі. еліміз бойынша мектептерде «Дінтану
негіздері»пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.
Данабек - өкінішке орай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз,
мамансыз дін тану пәнін жүргізу ең үлкен қателік, егер де жас
азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім
бермесе оның дүние танымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.
Би-Батима - Айжанға қарсы пікір білдірсем бе деп ем, мысалы мектепте дін
пәнінен тарих немесе құқық пәнінің мұғалімдері береді, сонда олар бермесін
дегенге мүлдем келіспес едім, өйткені әрбір азаматтардың санасына
байланысты, ол сектаға кіре ма, әлде лаңкестік ұйымға кіре ма оны өзінің
түйсігіне байланысты деп білем
1 - жүргізуші Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек
деп ойлайсың?
Самал - Қазірде елімізде жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар
көп. Солардың басты дегендерімен таныстыра кетейін.
Діни ағымдар атаулары
Түсініктері мен ерекшеліктері
Уаһһаб Уаххабилік - діни - саяси
ағым Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда
болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Иегово куәлары» Сиқырлау әдісін қолданады.
Халықаралық Кришна санасы қоғамы
т. б діни секталар\н таныстырамын. отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс
күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады
I Діни әдебиеттерді сараптамадан өткізуге кімнің құқысы, өкілеттілігі бар?
II Республикаға әкелініп жатқан діни әдебиеттерге кім бақылау жүргізеді?
III Діни әдебиеттерді басып шығаруға кім рұқсат береді?
IY Басылып шыққан кітаптың салдарына кім жауап береді?
2. Экстремизмге қарсы күрестің бірден - бір жолы – олар туралы өз
уақытында шынайы мәлімет беру. бұл жерде әрине күнделікті ақпарат
құралдарының рөлі өте жоғары.
3. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі
де жеткілікті емес, Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы
жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.
4. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар
қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық
секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын
көрсетіп, отырумыз керек деп сөзін аяқтады.
Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды
түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың
маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ
қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты
сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз
«алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді
бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз
еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге
қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық
татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем,
тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.
Потанин жалпы орта білім беретін мектебі
Дөнгелек үстел
«Дін экстремизмның алдын алу»
8-11 сынып
Өткізген Елеусизова Н.М