Конспект урока "Қазақ хандығының басқару жүйесі" 10 класс

Сабақтың жоспары
Шақат орта мектебі.
Мұғалім: Аралов С.Б.
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының басқару жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХV-ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын,
әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен
міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға елінің тарихи даму кезеңіне құрмет сезімін
қалыптастыру, саяси-тарихи көзқарасын дұрыс қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту жаңа заман талабына
сай теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, портреттер, кесте, карта, рефераттар, қосымша
әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы: ХV-ХVІІ ғ. қазақ хандығының тарихы.
1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Атақты хандар.
(Оқушылар «Ізденіс» тапсырмасы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланып, рефераттар
жазып, қорғау.)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жоспардың бірінші мәселесі:
ХV-ХVІ ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы жеті сатыдан қаланды. Басқару
жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру тайпаларды берік сақтады. (Интерактивті тақтаның
көмегімен кесте арқылы баяндау)
Екінші мәселе: Қазақ ханының сайлану дәстүрі, «ханталапай», қазақ ханының мемлекеттік ішкі-
сыртқы саяси құқығы, алым түрлерін оқулықтың көмегімен әрбір оқушы алдындағы оқулықты
қолдану арқылы мағлұмат алады. Тақырыптағы негізгі мағлұматтарды баяндайды.
Үшінші мәселе: Қазақ хандығының әлеуметтік құрамын түсіндіре отырып қазіргі қоғамдағы
әлеуметтік топтардың ерекшелігімен байланыстыру, Венн диаграммасы бойынша феодалдық
қоғам мен демократиялық қоғамды салыстыру. Тақырыптан мағлұмат алғаннан кейін үш қанатқа
бөліп, сабақты бекіту сұрақтарына тоқталу.
Феодалдық қоғам Демократиялық қоғам
4. Жаңа сабақты бекіту.
1-қанат.
1. Қазақ хандығында басқару жүйесі қандай болды?
2. Хандарды кімдер сайлады? «Ханталапай» дегенді қалай түсінесің?
3. Сұлтандар деп кімдерді айтты?
4. Қазақ хандығында қандай топтармен әлеуметтік құрылымдар пайда болды?
2-қанат. Тест сұрақтарына жауап беру.
Тест сұрақтары:
1. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:
а. Ауыл басылары в. Шаруалар с. Атақты, сыйлы шонжарлар
д. Дінбасылар е. Егіншілер
2. Қазақ хандығындағы Хан сайланудың басты шарты:
а. Шыңғыстың ұрпағы болуы в. Қожаның тұқымы болуы с. Бидің тұқымынан шығуы
д. Феодалдар тобынан шығуы е. Малының көп болуы
3. «Жеті жарғы» бойынша хан:
а. Ру бірлестігінің басқарушысы
в. Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы с. Аймақтың
басшысы д. Ру арасындағы тартысты шешуші е. Сот міндетін атқарушы, салық
жинаушы
4. Орта жүзге жататын рулар:
а. арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ в. жалайыр, албан, суан, дулат
с. жалайыр, шапырашты, қыпшақ д. қоңырат, керей, албан, ысты
е. табын, тама қаракесек, төртқара
5. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды:
а. Қарумен келген адам в. Әйелдер с. Найза асынған адам д. Қарусыз келген адам
е. Қанжар асынған адам
6. Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі:
а. рубасы в. ауылбасы с. би д. сұлтан е. ақсақал
7. Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі:
а. «Енші алу» в. «Ханталас» с. «Бөліске алу» д. «Ханталау» е. «Ханталапай»
8. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі ж/е Орта жүздің руы:
а. Қаңлы в. Найман с. Үйсін д. Дулат е. Адай
9. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығында ата-аймақты басқарды.
а. Ауылбасы в. Ақсақал с. Би д. Рубасы е. Сұлтан
10. Ханды қорғап жүретін, өзі елінен іріктеп алған жасағы:
а. Батырлар в. Уәзірлер с. Бектер д. Төлеңгіттер е. Басқақтар
3-қанат
1. Жүз дегеніміз не? Үш жүздің территориясын көрсет?
2. Үш жүздің руларын атандар.
Қорытынды.
5. Үйге тапсырма.
§ 21. Тапсырмаларды орындау.